Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық саба Біздің сынып Адырбек Сопыбеков. " Сапар мен парта."

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Менің мектебім»

Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Күні: 25.11.2019

Мұғалімнің аты жөні: Калиева А.М

Сынып: 2 «Ә»

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Біздің сынып Адырбек Сопыбеков. Сапар мен парта.


Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

Шығарманы оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілейді және негізгі ойды анықтайды. Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербальді емес тілдік құралдарды қолданады.

Көптеген оқушылар істей алады:

Шығарманың қай түрі екенін анықтайды. Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды.

Кейбір оқушылар істей алады:

Шығарма желісі бойынша жұмбақ, мақал-мәтел немесе өлең шумақтарын құрастырады. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.



Бағалау критерийі

  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолданады;

  • Шығарманы іштей оқып, қажетті ақпараттарды анықтайды;

  • Шығарма түрін ажыратады.

  • Үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар немесе дайын ұйқастарды қатыстырып өлең құрастырады.


Тілдік мақсаттар

Мысал-адам бойындағы кемшіліктерді сынып, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы, жаман қасиеттерді сипаттап жазатын шығарма.

Әсірелеу-бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.

Теңеу- екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

Диалог- шығармадағы кеіпкерледің кезектесіп сөйлеуі.

Құндылықтарды дарыту


Азаматтық жауапкершілік- әр затты құны мен маңызын түсіне білу

Ынтымақтастық- топтық, жұптық барысында сынып ұжымымен бірлесе жұмыс жасау.


Пән аралық байланыс

Өзін-өзі тану- адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырату.



АКТ-ны қолдану дағдылары

Бағалау және талдау- әртүрлі формадағы ақпараттарға қолжетімділік, баламалар ұсыну.

Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас – идеялармен алмасу, оқушылардың жұмыстарының сапасын арттыру мен жетілдіру, пікірлерді жариялау.

Қосымша білім

-Апта күндерінің атаулары

-Мектептегі әр күннің маңызы

-Тақырыппен байланысты жұмбақтар шешу.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері, уақыты

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақтың басы

Үй тапсырмасы: «Лотерея» әдісі

О. Әубәкіров «Жеті шал» әңгімесі бойынша сұрақтар қояды.





Топқа бөлу Стикер арқылы (мазмұнды сөздер арқылы)

1-топ: Жақсылық

2-топ: Адамгершілік

3-топ: Мейірімділік

Оқушылармен бірге сабақтың оқу мақсатын анықтау.

«Дейін, Кейін» кестесі

Оқушылардың назарын шоғырландыруда «Адасқан әріптер» әдісі қолданылады.

арспа нме атпра

Оқушылар лотерея шарларын таңдау арқылы жасырылған сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар стикер таңдай отырып, артында жазылған сөздердің мазмұнына қарай топтарға бөлінеді.



Оқушылар кестені толтырады.

Дейін

Кейін



Адасқан әріптерді дұрыс орналыстыру арқылы бүгінгі тақырыпты анықтайды.



Стикер

Кесте



Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс

Оқулықпен жұмыс

«DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

  • Мысалды мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма түрін ажыратады.

  • Автор туралы ой шақыру толтырады.

ҚБ: мадақ, сын, мадақ





Топтық жұмыс

1-топ: «Блум түймедағы»

2-топ: «5W» әдісі

3-топ: «Фишбоун» әдісі

Дескриптор

  • Тақырып бойынша алты түрлі сұрақтар дайындайды.

  • 6 түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап жазады.

  • Кестені сұрақтарға нақты жауп бере отырып толтырады.

  • «Балық қаңқасына» тақырып бойынша мәселені, себептері мен дәлелдерін анықтайды, қорытынды пікір жазады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі



Жұптық жұмыс

1-топ: «Менің мүшкіл халім» (Парта Сапарға хат жазады)

2-топ: Сапар-Сынып жетекші-Түсініктеме «Түзелуге сөз беру» (Сапар сынып жетекшісіне түсініктеме жазады.)

3-топ: Сапарға мінездеме береді.

ҚБ: «Бір сөзбен» стратегиясы



Оқушылар жеке жұмыс барысында мысалды іштей оқып, негізгі ойды анықтайды. Шығарманың түрін ажыратады. Автор туралы ақпаратты «Ой шақыру» арқылы жазады.



Топтық жұмыс барысында әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы постерге орындайды және жасаған жұмыстарын қорғайды.



Әр топ мүшелері топ ішінде өзара жұптасып, берілген тақырыптар бойынша хат, түсініктеме және мінездеме жазады.

«Кейіпкерлерге мінездеме»

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме






«Бір сөзбен» стратегиясы
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің сыныптастарының жұмысын бағалауда жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап себебін айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,

*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

Кесте



Постер



Түрлі-түсті қағаз





Сабақтың аяғы

Үйге тапсырма: «Сапар мен парта» мысалын оқу.

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

«Бес саусақ» әдісі







Сергіту сәті:























Оқушылар бармақтарына бігінгі сабаққа кері байланыс жазады.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?.



Бейне жазбада көрсетілген қимыл-қозғалысты жасайды.



Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорау

Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдандым. Өткен тақырып бойынша білімін анықтауда «Лотерея» әдісі арқылы жүзеге асырдым. Жаңа сабақты түсіну мақсатында оқу мақсатымен таныстырып, мақсатқа жету үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері берілді. Әр тапсырманы дайындау барысында талантты және дарынды оқушылардың білімін көрсетуге әсер ететін сараланған жұмыс түрлері берілді. Қабілеті жоғары оқушылар «Блум түймедағы» постерінне сұрақтар қойғанда блум таксономиясының деңгейі аясында дайындаса, «5 W» кестесін толтыруда нақты, жүйелі түрде сұрақтарға жауап жаза біледі. Ал «Балық қаңқасы» бойынша постер қорғағанда берілген мәтіндегі негізгі мәселені анықтап, оның себептері мен дәлелдерін келтіріп, қорытынды жасайды. Осы тапсырмалар арқылы оқушының мәтін бойынша білімдерін жүйелеуде, негізігі ойы мен мәселені анықтап, оларды шешу жолдарын зерттеу жасайды. Оқушылар тек тақырыпты меңгеріп қана қоймай, шығармашылықпен де жұмыс жасап, пән бойынша берілген білімді күнделікті өмірде қолдана білу маңыздылығын айқындайды. Сабақта оқушыларды бағалауды жұлдызшаларды қолданамын. «Бес саусақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргіземін.



Жұлдызша арқылы



Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттарын оқу бағдарламасы мен оқушылармен біреге отырып айқындап, нақтылап алынды. Оқу мақсатына жету үшін 7 модуль бойынша оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер және сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту тапсырмалары қолданылды. Оқушылар сабақ бойынша білімдерін ортаға салып, топта, жұпта бірлескен оқу аясында, диалог құру барысында жүргіліп отырды. Қалыптастыру бағалау бере отырып және постер бойынша жұмыс қорғау барысында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытып, білімдерін шоғырландыра білді. Сабақ жоспар бойынша өтті. Оқушылардың өз ойлары мен пікірлері, бүгінгі берілген мәтін бойынша түсініктері қалыптасып, оны өмірде қолдана біледі деген ойдамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12