жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабак Абай Құнанбаев 4 сынып
4 Е сынып
Қазақ тілі Мұғалім: Алтынбекова Ақерке
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлем мүшелері жайлы ұғым: Сөздердің сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысы
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңабілім беру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы
сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Айдын бормен жазды.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
29-жаттығу.
Суретпен жұмыс
Өз отбасың туралы бірнеше сөйлем құрап жаз.
Отбасы мүшелерін ата.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
![]()
СӨЙЛЕМНІҢ СӨЙЛЕМНІҢ
ТҰРЛАУЛЫ ТҰРЛАУСЫЗ
МҮШЕЛЕРІ МҮШЕЛЕРІ
![]()
Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелер
БастауышБаяндауыш
30- жаттығу.
Кестемен жұмыс
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз
мүшелер дейміз. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т. б.
сұрақтар қойылады.
31−жаттығу. Мақалды жатқа айт.
Сөйлем мүшесіне талда. Сөйлем мүшесі деген не?
Қандай сөйлем мүшелерін білесің
Ойлаумен ой толады.
Ойнаумен бой толады.
Сергіту жаттығуларын орындау.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
32−жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Сөйлем мүшесіне талда. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір. Бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болатын үш−төрт сөйлем ойлап жаз.
Ата − бәйтерек, бала− жапырақ.
Жол атасы − тұяқ, су атасы − бұлақ, сөз атасы − құлақ.
Қосымша жұмыс
.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сөйлем мүшесіне талда. Олардың астын тиісті сызықтармен сыз.
Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Ержан мәтінді тез оқыды. Балалар ертең зауытқа барады. Мектепте ардагерлермен кездесу болды. Екі бала домбыра тартты. Айнаш мұғалімнен рұқсат сұрады. Кезекші сыныпта қалы. Терезеден таза ауа кірді.
. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Өлеңнің мазмұнын айт.
Өлеңнің алғашқы шумағын көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Кесіртке құмын сүйеді, Байғыз түнін сүйеді,
Тасбақа тыңын сүйеді. Құмырсқа күнін сүйеді.
Сұңқар шыңын сүйеді, Бал ара гүлін сүйеді,
Тұлпар қырын сүйеді. Төрт түлік төлін сүйеді.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Сөйлем мүшелері.
Н
ақты сұраққа Сөйлем мүшелері
бір─бірімен
жауап береді байланысты болады.
Үйге тапсырма:. 33,34−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 Е сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Алтынбекова .А
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін, сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Б
Сөйлем
ілімді жан-жақты тексеру кезеңі.-
Сөйлем дегеніміз не?
-
Сөйлем неден жасалады (құралады)?
-
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
-
Сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгілер.Сөйлем түрлері.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту.
-
Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру.
-
Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Сөйлем
-
Сөйлем деген не?
- Сөйлем қалай жасалады.
-
Сөйлем қалай жазылады?
-
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
7−жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы. Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
Оқушылар шопанмен кездесті. Жарыс залда өтті. Балықшылар көлге жақындады. Гүріл алыстан естіледі.
Сөйлем мүшелері:
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы
сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Айдын бормен жазды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сөйлем мүшелері.
Н
ақты сұраққа Сөйлем мүшелері
бір─бірімен
жауап береді байланысты болады.
![]()
Тұрлаулы Тұрлаусыз
БАСТАУЫШ, БАЯНДАУЫШ
10−жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Оларды сөйлем мүшесіне талда. Тиісті сызықпен сыз.
Лаура кітапханаға келді. Арман суға шомылды. Дәурен Астанада тұрады. Жания ыдыс жуды. Жаңбыр жауды.
Концерт
Үлкен зал бүгін мектеп балаларына лық толған. Бәріміздің көзіміз сахнада. Бір кезде Тәттімбеттің Сылқылдақ күйі сызыла жөнелді. Күй әуенімен ілесе сахнаға қазақтың қос етек қөйлегін киген талдырмаш қыз шыға келді. Залдағылар демдерін ішіне тартып тына қалды. Бізге талдырмаш қыз қазақтың халық биін әртістерден кем орындамаған сияқты сезілді. Оны сахнаға қайта шақырды. Арамызда осындай өнерлі қыздың болғаны қандай ғанибет!
(Ұланнан) (59 сөз)
Тапсырма:
-
Бастауыш пен баяндауышты тап.
Өнерлі, талдырмаш сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 11, 12−жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бастауыш пен баяндауышты тап, тиісті жерге сызықша қой. Ережелерді пысықтау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі Мұғалім: Алтынбекова А.
Сабақтың тақырыбы: 13−18 жатт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін, сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Сөйлем мүшелері:
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы
сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Айдын бормен жазды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сөйлем мүшелері.
Н
ақты сұраққа Сөйлем мүшелері
бір─бірімен
жауап береді байланысты болады.
![]()
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Өлеңді түсініп оқы. Алғашқы екі жолын сөйлем мүшелеріне талда.
Күн суытып барады,
Малдар қорға қарады.
Күзекте отыр қойлы ауыл,
От жағатын болды ауыл.
Қараша − ауыл, қаламыз,
Қысқа дайын боламыз.
13−жаттығу.
-
Мақалды түсініп оқы
-
Мақалды сөйлем мүшесіне талда.
-
Сөйлм мүшесінің байланысын тап
Ағын су арнасын табады
14−жаттығу.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз
Сызба бойынша сөйлем мүшелерінің байланысын анықта
15−жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастыр
Сөйлем мүшесіне талда.
Пысықтау: Қаратпа сөз деген не?
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай
сөздерді қаратпа сөз дейді.
Қаратпа сөздердің жазылуы:
– Егер қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір қаратпа сөзден кейін қойылады.
– Егер қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, қаратпа сөздің алдынан да, артынан да үтір қойылады.
– Егер қаратпа сөз сөйлемнің сойлемнің соңында келсе, үтір қаратпа сөздің алдынан қойылады.
16-жаттығу.
-
Мәтінді түсініп оқы
-
Әбунасыр кім?
-
Қаратпа сөзі бар сөйлмді теріп жаз
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 17, 18−жаттығу. .
Оқушы білімі мен белсенділігін
4 сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Алтынбекова Ақерке
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 1-4 жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөйлеу мәдениеті туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату. Мәндес сөздермен, қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен(оқушы үшін термин аталмайды) жұмыс.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , сөз кестесі, суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
заттың
Е
реже: Сөз сапаның атауы.
қимылдың
Мысалы: күн, үй, жазушы (заттың атауы), көгілдір, терең, домалақ (сапаның), оқы, жүр, ойла (қимылдың атауы).
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Сөз және оның мағынасы.
-
Мағынасы жуық сөздер. (синоним сөздері)
-
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.(антоним сөздері)
-
Көп мағыналы сөздер.(омоним сөздері)
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-
Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру.
-
Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Өлеңнен мағынасы бір−бііріне жуық сөздерді теріп жаз.
Қауіп қайдан, Сонда да
Неден деп, Үйренеді қолға да.
Ол тұрады елеңдеп. Сымбатты әрі көрікті
Үркек, Қорқақ Жақсы көрем елікті.
1-жаттығумен жұмыс
Мысалдарды түсініп оқы
2−жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы және жатқа жаз.
Жылы жүрек,тәтті тіл,
Берекені берер,біл.
Ащы сөзді-өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл.
Қатесін тапсаң,жұмсақ айт,
Ызаланбай,сабыр қыл.
3−жаттығу. .
Мәтінді түсініп оқы.
Теледидар мен радионы салыстыра сипатта.
4-жаттығу.
Мәтіндегі әдеп сөздерін қатыстырып,парталасыңмен диалог құра.
Құрған диалогыңды дәптерге жаз.
Сыныппен қосымша жұмыс.
Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жерінде жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы – сыңсыған қарағайлы, қайыңды орман. Әйгілі Жұмбақтас, Оқжетпес көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Көлде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында көптеген демалыс орындары орналасқан. Ол – таза ауасымен, қымызымен емдейтін ірі курорт. Бурабай көлі туралы көптеген аңыздар бар. Біз жанұямызбен осы көлдің жағасында демаламыз.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау,қайталау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы. 25-29 жатт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз құрамын пысықтау. Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Сөз және оның құрамы.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Бұлар қандай сөздер?
Бақыт деген не?
Құрылысшы:
− Халыққа жылы үй салу!
Отыншы:
− Үйлердің отын жағу!
Дәрігер:
− Жұрт саулығын сақтау!
Аспаз:
− Дәмді етіп тамақ баптау!
Ұстаз:
− Балаға тәлім беру!
Шәкірт:
− Білімнің дәін теру!
ПЫСЫҚТАУ: 25, 26-жаттығулармен жұмыс
– Сөз деген не?
– Сөз және оның мағынасы.
−
Сөз құрамы
жұрнақ
Түбір
жалғау
Т
үбір мен қосымшаның
шартты белгілері.
![]()
өнер лі - жаңа мағына беріп тұр

![]()
өнер ге - сөзді байланыстырып тұр.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
27−жаттығу. Түбір мен қосымшаны тиісті белгілермен белгіле.
Түбір сөз бен туынды сөздің айырмасы неде?
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 28, 29−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы 30-35 жатт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , сөз кестесі, суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
– Сөз деген не?
– Сөз және оның мағынасы.
−
Сөз құрамы
жұрнақ
Түбір
жалғау
Т
үбір мен қосымшаның
шартты белгілері.
![]()
өнер лі - жаңа мағына беріп тұр

![]()
өнер ге - сөзді байланыстырып тұр.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-
Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру.
-
Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
30−жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Түбір мен қосымшаны тиісті белгілермен белгіле.
Түбір сөз бен туынды сөздің айырмасы неде?
ҚҰРЫШШЫ ҚҰРЫШЫНА
КҮРІШ АЛДЫ.
КҮРІШШІ КҮРІШІНЕ
ҚҰРЫШ АЛДЫ.
31-жаттығу.
-
Түбір сөзге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса.
-
Осы Сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Бас, күз, сыз, екі, ойын, құлын, кезек, қой.
32−жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
Түбір мен қосымшаның жазылуын түсіндір.
Еңкейемін,
Құдықтан су аламын,
Еріп келген
Төлімді суарамын.
Суға қанған
Төлдерді айдап қайтап.
Өзім де үйге
Олармен ойнап қайтам.
33−жаттығу.
Жұмбақтың шешуін тап.
Қарамен жазылған сөздерді бөрік, көрік, қарын сөздерімен салыстырып, олардың жазылуындағы өзгешеліктерін түсіндір.
35-жаттығу ауызша орындалады
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 34−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрылымы. 36-39 жатт.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , сөз кестесі, суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-
Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру.
-
Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
36−жаттығу.
-
Өлеңнен в әрпі бар сөздерді теріп жаз
-
Сөздерді түсініп ал
-
Өлеңді түсініп оқы.
-
В әрпі бар сөздерді теріп жаз, мағынасын түсіндір. Олардың жазылуын есте сақта.
Жеті түнде жеті қабат лавада
Тас көмірді қопарады ағалар.
Тиегелі ашық-жайдақ вагонға
Конвейерлер шығарады далаға.
37-жаттығу.
-
Көп нүктенің орнына э, ф, х, ц әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз
...кватор − жер шарының белдігі. Райхан әжесіне ...ат жазды. Фатима тігін ...абрикасында жұмыс істейді. ...иркте қонжықтардың өнерін тамашаладық.
шахтада
38−жаттығумен жұмыс.
Ребусты шеш.
Ребустың шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Х, һ әріптерінің астын сыз.
Сөздік диктант
Алатау, Амудария өзені, Марқакөл қорығы, Ахмет Байтұрсынов, Талас өзені, Шоқан Уәлиханов, Алтай тауы, Махамбет Өтемісұлы, Тараз қаласы, Алматы қаласы, Іле өзені,Байқадам, Сәкен Сейфуллин.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 39−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Алтынбекова А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім. 40-44 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып‚ сөз таптарының түрлерін меңгертуге дайындау. Зат есім.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Сөз таптары» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Сөз таптары
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Зат есімнің түрлері: Жекеше, Көпше, Жалпы,Жалқы, Негізгі, Туынды, Тәуелдеулі зат есім
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып‚ сөз таптарының түрлерін пысықтау.
40−жаттығу. Сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін анықта.
Сөздерді сөз табына топтап, тиісті бағанға жаз.
Әр сұрақтар тобына мысалдар келтіру.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
------------- ---------------- -------------- ----------------
------------- --------------- -------------- ---------------
Мектеп, ұзын, дәптер, жазды, қарындас, жеті, аласа, көк, әңгіме, әдемі, сегіз, жел, ынталы, көркем, орындады, он екі, ұшты.
41-жаттығу.
Жалқы есім Жалпы есім
З
АТ ЕСІМ
Негізгі зат есім Туынды зат есім
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып жаз.
Негізгі зат есім деген не?
Туынды зат есім деген не?
Оларың бір бірінен айырмасы не?
... − биші ... − орындық
... − іскер ... − жолдас
... − өнерпаз ... − көлшік
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңді көшіріп жаз.Негізгі және туынды зат есімдерді тиісті белгімен белгіле.
Аңшы, бірақ бұл тіптен
Шықпайды аңға мылтықпен.
Аң мен құсты бүркітші
Аулайды ылғи бүркітпен.
42-жаттығумен жұмыс.
Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз.
(кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы, көлдің жағасы, Айжанның шешесі, үйдің терезесі.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз:
елі-м, сіңлі-ң, ана-сы. Тәуелдік жалғаулары үш жақта, жекеше және көпше түрде
айтылады: мұғалім-ім, мұғалім-ің, мұғалім-іңіз, мұғалім-і, мұғалім-іміз, мұғалімдер-ің,
мұғалімдер-іңіз, мұғалімдер.
І
жақ.
Менің ...
ІІ жақ. Сенің ... зат есімдерді тәуелдеу.
ІІІ жақ. Оның ...
Ж
екеше
түрі Көпше түрі
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
І жақ. Менің ... Біздің ...
ІІ жақ. Сенің ... Сендердің ...
ІІІ жақ. Оның ... Олардың ...
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 43, 44−жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тәуелдеулі зат есімдерді тап.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Алтынбекова А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Етістік 45-51жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып‚ сөз таптарының түрлерін меңгертуге дайындау. Етістіктің түрлерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Етістік, етістік түрлері» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Негізгі етістік Туынды етістік
Етістік
Дар етістік Күрделі етістік
![]()
Болымды етістік Болымсыз етістік
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-
Етістіктің түрлерін пысықтау
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі)
46−жаттығумен жұмыс
Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз: оқы, көр, күт, жаз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік
дейміз: шегеле, ақылдас, ойлан, әдеміле.
47−жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз.
Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.
Туынды етістіктерді оқып, сөз құрамына талда.
Түбір сөздердің қай сөз табына жататынын сұрақ қойып анықта.
Ажарлан, тазалан, сәнден, әсемде, арқала, арала.
Етістік болымды (сөйле,сыз) және болымсыз (сөйлеме, сызба) болып бөлінеді.
Болымсыз етістік болымдыға -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: үзбе, ерінбе, тиме.
Мақалдарды жатқа жаз. Болымсыз етістіктің астын сыз.
Өзіңді зор тұтпа,
Өзгені қор тұтпа.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Етістііктерді оқы.
Бірінші бағанға негізгі етістіктерді, екінші бағанға туынды етістіктерді көшіріп жаз.
Киін, ойла, жаз, қапта, айтқыз, тоқы, ал, майла, баста, биле.
48, 49-жаттығулармен жұмыс.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 50, 51−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
4 сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Алтынбекова А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сын есім. 52-56 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың сын есім туралы білімдерін кеңейту,оның сөйлемдегі қызметін таныту. Сын есімдердің сөйлемдегі сөздермен байланысын анықтау. Негізгі және туынды сын есім түрлерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Сын есім, сын есім түрлері кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
-
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер, сұрақтары, мысалы.
Сын есім
Түсін дәмінКөлемін сапасын
Пішінін
Негізгі сын есімдерге -дау, -деу, -лау, -леу, -тау, -теу, -шыл, -шіл,
-ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жаңа сөз жасау.
![]()
НЕГІЗГІ СЫН ЕСІМ ТУЫНДЫ СЫН ЕСІМ
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген