Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сан есімнің зат есіммен байланысын, жазылу емлесін меңгерту. Сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, тірек-сызба, интербелсенді тақта, суреттер, қима қағаздар, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу:
Балалар, қазақ тілі сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.
2) Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын
Жылы – жылы жүзбенен
Маңдайынан сипайын
Жылы – жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтап бір қысайын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
–Балалар, бүгінгі сабақта оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы білімдеріңді одан әрі дамытамыз.
– Алдымен, ойымызды жинақтап, өткен білімімізді еске түсірейік.
- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
- Енді экрандағы тірек-сызба бойынша, сөз таптары туралы не білетінімізді ортаға салайық.
1) Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
2) Зат есімнің түрлерін ата. (жекеше, көпше)
3) Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Не істеді? Не қылды?)
4) Етістіктердің түрлерін ата. (дара, күрделі)
5) Сын есім дегеніміз не?
6) Сан есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
(«Ертегілер әлемі» әнін
тыңдату).
— Балалар, бұл қандай ән?
— «Ертегілер әлемі» әні.
— Әнді орындап
тұрған әншіні танисыздар ма? — Әйгерім
Қалаубаева.
— Әнде не туралы айтылған? — Ертегі
туралы.
— Балалар, сіздер ертегі
айтқанды жақсы көресіздер ме?
— Қандай ертегі білесіздер?
— Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда да ертегі
айтамыз.
«Шалқан» ертегісі.
• Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Шал шалқан егеді. Оны жаздай суарып, баптап күтеді. Бір күні келіп қараса шалқан дәу болып өседі. Шал шалқанды тартып алмақшы болды. Әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Ендеше балалар, біз де атайға көмектесейік. Атайдың бізге берген тапсырмасы бар: көркем жазу. Кім әдемі де көркем жазса, сол атайға көмектескен болады.
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ
Ққ
Құстар
__________________
• Атай енді көмекке кемпірін шақырады. Екеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Балалар, әжей бізден көмек сұрап тұр. Ол үшін мына математикалық диктантты қатесіз орындап шығуымыз керек.
Сөздік диктант жазамыз.
Төрт, он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.
Экранда жазылған сөздерге қарап, әркім өз қателеріңді тексере қойыңдар!
• Атай мен әжей көмекке
немере қызын шақырды. Үшеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты,
шалқан жұлынбады.
— Балалар, енді біз кімге көмектесеміз? — Немере
қызына.
Оқулықпен
жұмыс.
—
Оқулығымыздың 163-бетіндегі 468 тапсырманы
орындайық.
- Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та – қырық,
Құрық та – қырық
-
Сан есім мен зат есімнің байланысын сызбамен көрсет.
-
Құрық дегеннің не екенін білесің бе?
• Немере қызы көмекке күшігін шақырды. Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Балалар, енді біз күшікке көмектесеміз.
Дидактикалық ойын:
«Жылдам жауап».
І
оқушы: кез келген сөз
таптарына қатысты сөз айтады.
ІІ оқушы: сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.
ІІІ оқушы: сол сөзбен сөз тіркесін айтады.
Сергіту сәті (Қызыл өрік)
• Күшік көмекке мысықты
шақырды. Мияулап мысық келді. Бәрі жабылып шалқанды әрі тартты,
бері тартты, шалқан жұлынбады.
— Бізден енді кім көмек сұрайды? — Мысық.
— Ендеше мысықтың тапсырмасын қарайық.
Экранда әр оқушыға тапсырма берілген.
І оқушы: Төмендегі неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзге айналдырып жаз.
бес сынып-
он алты дәптер-
жиырма үй-
ІІ оқушы: Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.
Болат... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.
ІІІ оқушы: Мақалды оқып, мағынасын аш. Сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қой.
Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтады.
• Мысық көмекке тышқанды шақырды. Шиқылдап тышқан келді.469 жаттығу 163 бет
-
Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқанды жұлып алды. Олар қуанды.
«Семантикалық тапсырма»
ІІІ. Бекіту:
-
Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-
Сабақ несімен ұнады?
Тест жұмыстары:
-
Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қандай? Қанша?
Ә) не? Нешінші?
*Б) қанша? Неше?
-
Сан есімді көрсетіңдер:
*А) бес
Ә) ағаш
Б) белсенді
-
Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Екінші, бес, алпыс, алты
А) сын есім
*Ә) сан есім
Б) етістік
-
Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойыңдар.
Ер ..... рет өледі
Қорқақ ..... рет өледі
А) бір, бесінші
*Ә) бір, мың
Б) бір, көп
-
Зат есімнің көпше түрін тап.
*А) ағаштар
Ә) кітап
Б) тоғай
-
Күрделі етістікті тап.
А) отырды
Ә) көрді
*Б) ойнап жатыр
-
Сын есім нені білдіреді?
А) заттың атын
Ә) заттың қимылын, іс – әрекетін
*Б) заттың түрін, түсін, сапасын
470 жаттығу 164 бет
ІV. Үйге тапсырма: 471 жаттығу 164 бет
V. Бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз