Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Г әріпін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Г дыбысы мен əрпі

Мектеп: Ақсай қаласы № 7 ЖОББМ

Күні: 24.01.2019

Педагогтің аты-жөні:Бахтиярова Гульнур Каниевна

Тобы: 0 «Ә» МАД

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін

нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Г дыбысы – дауыссыз дыбыс, г дыбысының айтылуын дұрыс

дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі г дыбысының орнын ажыратады.

Г əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін

(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Г дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы г дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Г дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Г əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Балалар шағын əңгіме құрастырады, берілген сұраққа толық жауап

береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.Сөйлем түрлерін анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Мультфильм, құртақандар, глобус, қауіп, пеш мұржасы, текше.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен кімді көресіңдер?

Қай мультфильм ұнайды?

Ертегі сөзінде Г дыбысы нешінші буында тұр?

Құртақандар туралы ертегіде ергежейлілер нешеу?

Өткен ҰОҚ-дан

алған білім

Сөз, сөйлем құрайды. Əріптердің баспа түрін жаза алады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Ұйымдастыру бөлімі.

I. Қызығушылығын ояту. Ребусты бірігіп шешеміз, шешуінің « Ертегі» болып шығатынын айтады.

Жарайсыңдар .

Бұл сөзде бұрын өтпеген қандай әріпті көріп тұрмыз?



ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

II.Мағынаны ашу.

-Г дыбысы, дауыссыз ұяң дыбыс.

Г дыбысы сөздің қай буынында кездесіп тұр?

-Жарайсыңдар.

Әліпби видеоролик.

-Балалар қандай суретті көрдіңдер?

-Сіздер атаған сөздерде Г дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?

Ендеше , Г дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі.

1-тапсырма

Мультимедия тақтасындағы мультфильмдерге қарайық.Таныс ертегі бар ма?

Суретте кімдерді көрдіңдер? Əртүрлі ертегі кейіпкерлерін атайды. Мысалы: Елес, Гарри Поттер, Алдаркөсе,жиһангез құрбақа .

Тамаша, дұрыс айтасыңдар.

Қай мультфильм ұнайды?

Балалар өздеріне ұнайтын мультфильмдер туралы айтады.

Əліппе-дəптер.





Г əрпінің баспа түрі

жазылған плакат.

Суреттер.


Əліппе-дəптер.


Мен г дыбысын дұрыс айтуға үйретемін.

(Ұ) Сергіту сəті

Тақтадағы сергіту сәтін балалар қайталайды.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

3-тапсырма.

Г əрпін үйренеміз. Мен өлең жолдарын оқи отырып, г əрпінің бейнесімен таныстырамын.

Г дыбысын айтқанда тіліміздің арты таңдайымызға тиеді. Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырайды.

Тақтаға Г əрпінің баспа түрін іліп қояды.

Құтан суретіндегі мойыны Г-ге ұқсап тұрады. Жəне Г əрпіне ұқсайтын гүлдің суреті де болады. Балалар Г əрпінің бейнесін ауада жазып жаттығады. Естеріне сақтайды.

4-тапсырма

Балаларға тапсырма. Сөздерден Г дыбысының орнын табу. Мен балаларға көмектесемін.

5-тапсырма. Балалар жазу жолына Г əрпінің баспа түрін жазады.


IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

III.Толғаныс.

Мен балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылаймын.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдерін

смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі