400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарлары мұғалімдерге керек деп білемін,қажеттісін алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Қ. А Яссауи атындағы 123 мектеп гимназия

Түрі: Ашық сабақ

Мерзімі: 11.03.2019ж

Тақырып: «Жақсылықтан жақсылыққа»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, адамгершілік, қайырымдылық

Мұғалiм: Ниязбек Ұлбосын

Класс: 4 «Ә»

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастағы мәнділігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, дәптер, ән мәтіні

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» еске түсіру.

1.     Татулық

2.     Тыныштық

3.     Тәртіп

4.     Тазалық

5.     Талап

Тыныштық сәті . Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйімізді сергіту сәтімен көтерейік. Топқа бөліну

Сабақ барысын талдау:

2 мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен жақсылық жасай аламын» шығарма жазу

5 мин

  1. Дәйек сөз.

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе”

Ы.Алтынсарин

5 мин

  1. Әңгімелеу

Жақсылық пен жамандық (ертегі ) видеоролик

Сұрақтар:
Shape1 Неліктен Жақсылық айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
Shape2 «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Shape3 Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

5 мин


Өзін – өзі тану.KZ журналынан 31 бет,

2(74) ақпан 2016 ж


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
I- топ. Қарлығаш пен дәуіт.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі
балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.
Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...........
II топ. Аю мен тышқан.
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып , құлағын баса қояды:
- Менің құлағым – сенің інің деп пе едің? – деп ақырады.
Өзіңді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің, - деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді. ………….
1 – топ сахналап көрсетеді.
2 – топ оқып береді.

10 мин

  1. Топпен ән айту.

Достық                               

Сөзін жазған Е.Елубаев

                                                Әнін жазған   И.Нүсіпбаев



3 мин

7. Үй тапсырмасы.

27 сабақ «Атамның өнегесі»

Дәптермен жұмыс

2 мин

8. Рефлексия

Тақтаға «күн» мен «бұлт» салынған плакат ілінеді.

Партаның үстінде «күннің шуағы» мен «тамшылар» үлгісінде қиылған қағаздар жатады.

Әр оқушы күннің шуағына адамның бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазып,күннің жанына іледі.

Ал тамшыларға адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазып,бұлттың астына ілу керек.

5 мин

9. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің оң жанындағы  тұрған бала қолдан жасалған «жүрекшені» жүрек тұсына ұстап тұрып «Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді»деген сияқты лебіздерін білдіріп , келесі балаға береді. Осылайша барлық бала өз тілегін айтып шығады .Бәрі бірге қол ұстасып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:



3 мин






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі