Білім беру
саласы:
Бөлімі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы: «Қысқы
баспана».
Мақсаты: 1.Балалардың үй
жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
2.Балаларға ертегіні оқып,
таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту.
3.Бір-біріне қамқор болуға,
адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ - жауап,
әңгімелесу, көрсету.
Оқу іс –әрекетінің
көрнекіліктері: Үй жануарларының мен жабайы аңдардың суреттері,
атрибуттар.
Ұйымдастыру
кезені.
Балалар, бізге қонаққа көп
апайлар келген екен ,амандасайық.
Шаттық
шеңбері:
Алақанды
ашайық,
Күннің нұрын
салайық,
Таза ауадан
салайық,
Достық мейірін
салайық,
Жүрек жылуын
салайық
Осы жақсы
лебіздері
Бір – бірімізге
сыйлайық.
Өткен сабақтарды
қайталау.
Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай
бар?
Олар қалай
аталады?
Қыста бізде далада не
жауады?
Қыста далада ауа райы қандай
жылы ма, әлде суық па?
Өте жақсы
балалар.
Балалар, бүгінгі сабағымызда
мен сендерге «Қысқы баспана» ертегісін оқып беремін, сендер зейін
қойып тыңдаңдар.
Ертегіні
2 қайтара
оқу.
Балалар, ертегі не туралы
екен?
- Орманда қандай аңдар өмір
сүрді?
- Олар күзде не
тұрғызды?
- Олардың үйіне нелер
келді?
- Қасқырлар неден
қорықты?
- Бұқа, қошқар, әтеш, мысық,
шошқа қандай дос?
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды белге
қоямыз.
Бұрыламыз солға
бір,
Бұрыламыз оңға
бір
Біздер тату
боламыз,
Жаттығулар
жасасақ
Жақсы сергіп
қаламыз.
Балалар мен сендерге
жануарлардың суретін көрсетемін, ал сендер олардың атауын атап ,
қалай дыбыстайтының айтыңдар. Бұл жануарлардың бәрін бір сөзбен
қалай атаймыз?
Бұлар үй
жануарлары.
Ал сендер тағы қандай
жануарларды білесіңдер, олар қалай
аталады?
Жабай
аңдар.
Олар қай жерде
мекендейді?
Жабай аңдар орманды
мекендейді.
Дидактикалық
ойын.
Балалар, енді біз « Не қайда
мекендейді» деген ойын ойынаймыз.
Ойын шарты: тақтада ілініп
тұрған жануарлардың суреттерін ажыратып, өз орнына
жапсырады.
Өте жақсы
балалар.
Жұмбақ
жасыру.
Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын, сендер шешуін табыңдар.
Еріксе, құйрығымен
ойнайды,
Зеріксе, үйқыға бір
тоймайды.
(мысық)
Қызыл бұжыр айдары
бар,
Қоқиланған айбары
бар,
Ауық – ауық азан
салып,
Өңеш керген айғайы
бар.
(Әтеш)
Бүгінгі сабағымыздың
қорытындысы ретінде, ертегімізді сахналап
көрсетейік.
Балалар ертегіні рольдерге
бөліп сахналайды.
Балаларды
мадақтау.
Осымен біздің бүгінгі ашық
сабағымыз аяқталды .
Сау
болыңыздар.