Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологиямен жасалған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы

182 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі

Шүлембаева Д. М.


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы :Отарлау және ұлт-азаттық күрес


Мектеп:№182 ЖББ мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Шүлембаева Д.М


Сынып:8 «Ә»

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Зерттеу сұрағы:Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

7.3.2.1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау.

Сабақ мақсаты

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының аяқталуы мен ішкі саясатын талдау.

Бағалау критерийлері

1.Оқушылар Қазақстандағы Ресейдің жүргізген ішкі саясатын анықтайды.

2.Ұлы жүз қазақтарының Ресей қол астына өтуінің себеп-салдарын талдайды.

3.Қоқанға қарсы әскери науқанның басталуы мен Ұлы жүз территориясындағы бекіністердің салынуын талқылайды.


Тілдік мақсаттар

Тақырыпты оқыту кезінде айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдылары жүзеге асырылады.

Пәндік лексика мен терминология:

Арынғазы, пристав,шегара шебі, Верный және Сырдария бекіністері

Құндылықтарды дарыту



«Мәңгілік ел идеясы» бойынша жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.

Елжандылық

Отансүйгіштік

Тәуелсіздік құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар


Дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, бейне баян

Бастапқы білім

Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға бере алады


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті.



Үй тапсырмасын сұрау


Миға шабуыл әдісі

1.Кенесары Қасымұлы қаза тапқаннан кейін көтеріліске шыққан қазақтарды кімдер басқарды?

2.Халық батырлары Жанқожа мен Есеттің қандай қасиеттері бар еді?

3.Не себепті аталған тұлғалар Патшалық Ресейге қарсы шықты деп ойлайсыңдар?

4.Себептері мен салдарлары қандай болды?

Аталған әдіс бойынша оқушылар бар білгендерін ортаға салып идеяларымен бөліседі.


Қазақстан тарихы.2019 ж Алматы

Сабақтың ортасы






























































Сабақтың соңы

Оқушыларды «Джигсо» әдісі арқылы шағын топтарға бөліп тапсырмалар беріледі.


1-топ.


Берілген тапсырма

1.Арынғазы Абылғазыұлы деген кім еді?

2.Егер Арынғазыны патша үкіметі ұстап алмағанда қандай жағдай орын алар еді?


2-топ.

1.Қазақстанның оңтүстік аймақтары үшін қай елдер өзара бақталасты?

2.Патша үкіметінің стратегиялық міндеттеріне тағы да не қосуға болады?


3-топ.

1.Ұлы жүз қазақтары Бұхар,Хиуа, Қоқан хандықтары өзара одақ құрғанда жеңіске жетер ма еді?

2.Ресей отаршылдығының салдарын анықтаңдар?


Дескриптор:

1.Тұлғаны анықтай алады.

2. Тарихи тұлғаның өмірін сипаттай алады

3.Картадан аталған мемлекеттерді көрсете алады?

Патша үкіметінің стратегиялық міндеттерін

Айта алады.


Бұл тапсырма топ мүшелерінің ішінде ойын жеткізе алмай қалған оқушыларға ерекше саралау тапсырмасы ретінде беріледі.



Венн диаграммасы

Shape1

Аталған мемлекеттердің ішкі саясаттарының пайдасы мен зиянын ажыратыңдар?


Дескриптор

  1. Ресей және Қоқан мемлекеттерінің Қазақ хандығының ішкі саясатына тигізген әсерін талдай алады.

  2. Қазақ хандығындағы аталған мемлекеттердің мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына тигізген әсерлерін анықтай алады.


Сабақтың соңында оқушыларға БББ кстесін толтыру ұсынылады .Бұл кесте жас ерекшелігіне қарай, оқушыларға өтпелі кезеңде тұрғандықтан ойын жеткізе алмауына байланысты қосымша көмек ретінде тапсырылады

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Сабақтың соңында « табысқа жету стратегиясы» арқылы рефлексия жасаймын.

Ол үшін оқушыларға түрлі стикерлер таратылып беріледі .

1.Бұл маған оңай!

2. Мен жасаймын!

3 .Мен бұл жұмысты жасап беремін.

4.Алдымен жасап көрейінші.

5. Қалай жасасам екен?

6.Жасағым келмейді?

7.Менің қолымнан келмейді?

8. Менің жасағым келмейді.


Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, мазмұндау.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі