Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзтаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 13.10.2020 ж

: 9

Мұғалімі: Мусабаева Ақмарал Беккуловна

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны: 26

Тақырыбы: Отбасындағы қарым – қатынас мәдениет.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, достық

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікке құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды айналадағы бәрін жақсы көруге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды отбасында сүйіспеншілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №8 – сабақ. Білім, өнер туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №9, 46 – беттегі өлеңдерді оқып келу

Сұрақтар:

1. Ата – әженің мейірімі қандай әсерге бөлейді?

2. Баырмалдық дегеніміз не?

3. Өзің туғандарыңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Ата – ана бас ұстаз»

Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Әке мен ана жылылығы деп нені айтамыз?

3. Отбасында қалайша татулық орнатуға болады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Отбасы татулығы


Ертедебір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы әңгіме патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ- қарасын анықтау үшін ауылға келеді.

Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым- қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен.

Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату- тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деген сөздердіқағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

Осы- ақ па?

  • Иә, – деді ақсақал,– Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады, –деді де, сәл ойланып, – «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

  • Отбасының ең басты тірегі не деп ойлайсыздар?

  • Отбасында татулық, бірлік орнауы үшін адам бойында қандай қасиеттерболукерек?

  • Егер сен қарияның орнында болсаң не деп жауап берер едің?

  • Елдегі тыныштық, татулық, бірлік неге байланысты?



  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Диалогты жалғастырып айтыңдар.

1 – топ: «Әжесі мен немересі»

2 – топ: «Әкесі мен баласы»

3 – топ: «Анасы мен қызы»

4 – топ: «Ағасы мен ініс»


6. Топпен ән айту.

Еркін Нұржанов. «Анашым»

Елжіреп жататын ертегімде,

Есімде балапан күндерім.

Сол айтқан ертегі жетелеген,

Керемет түсінген түндерім.

Қайырмасы:

Шуақты нұрыңмен

Нұрбақыт ержеткен

Анашым аяулы сағындым

Кейелі бесіктен

Әлдилеп тербеткен

Келеді сәби боп танылғым


7. Үй тапсырмасы.

1. №9 – сабақ. Ата – ана, отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №10, «Мейірім» оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12