жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ

Қарағанды облысы, Нұра ауданы,Шұбаркөл кенті.
Абай атындағы ШұбаркөлЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Нұржанова Бибіжан Білалқызы
Сабақтың гақырыбы: «Дәстүрлі өнер»
Сабақтың мақсаты: «Дәстүрлі өнер» түрлерін танытып,үйрету арқылы арқылы оқушының ұлттық психологиясын қалыптастыру.
Білім беру: Ән-күй,би,тіл,қол өнерлерін сабақтастыру арқылы күйшілер, олардың күйлері, күйдің шығу тарихымен таныстырып,әндердің сөздерін жаттата отырып үйрету. Мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтар үйрету арқылы тіл шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: Әрбір сабақ арқылы үлгі тұтуға ән-күй, би, мақал-мәтел,ою-өрнектер арқылы туған жерді,ата-мекенді сүюге тәрбиелеу,
Дамытушылық: оқушыларды ән-күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру,есте сақтау,қиялдау,ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы бейнесі,домбыра,ою-өрнек,қазақ ауылы суреттері,мақал-мәтел,әндер жинағы.
Ұйымдастру бөлімі: -Балалар «Сарыарқа» күй әуенімен «өнер» бөлмесіне кіреді. Ер балалар тәжім етіп,қыз балалар сәлем етіп орындарына отырады.
Мұғалім сөзі: - Қыз балалар гүлге ұқсап,әдеміленіп отырмыз,ал ер балалар тауға ұқсап денемізді тік ұстап отырамыз. Балалар сіздер «өнер» сабағына келіп отырсыздар. Осы сабағымыз бес өнердің бірігуімен тұрады.
-
Тіл өнері
-
Күй өнері
-
Ән өнері
-
Би өнері
-
Қол өнері
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тұлпар» деп аталады. Сондықтан бүгін жан-жануар туралы шығармаға көп көңіл бөлеміз.(қалта таратылады)
Сұрақтар қою:
-Тұлпар дегеніміз не?
Тұлпар дегеніміз жүйрік,сұлу жылқы малы,оны қазақтар баптап баққан,ел қорғау үшін садақ асынған батырларымыз мінген.
-өнер пәнінің негізгі арқауы қай өнерлер?
- өнер пәнінің негізгі арқауы ән мен күй.
-ендеше,күй өнеріне тоқталамыз.
1. Күй өнері
Күй-қазақ халқының рухани мәдениеті. Ол-ұлы оқиғаларды, өмір шындығын,табиғатты,махаббатты жырлаған халық мұрасы. Күйді шығарушы-күйші,халық . Мысалы,Қорқыт,Ықылас,Құрманғазы,Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет. Қазақ сахарасында әр түрлі тарихи оқиғаларды халық таланттары жырлап,күй арқылы жеткізді. Солардың бірі-қазақтың күйші- компазиторы,домбырашы,халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі- Құрманғазы атамыз. Құрманғазы Сағырбайұлы 1806 жылы дүниеге келген. Әкесі Сағырбай өте кедей адам болған. Құрманғазының керемет күйші болуына көптеген әлеуметтік қарама-қайшылар себеп болған. Күйшінің шығармалары өте көп. Олар: «Кішкентай», «Адай», «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Ақсақ киік», «Балбырауын» т.с.с
-
Қазір мен сіздерге бір күй орындап беремін. Тыңдап болғаннан кейін,таныс па, таныс емес пе айтасыздар («Балбырауын» күйін тыңдау)
-
Балалар, күйдің сипаты қандай екен? (жауап)
-
Қандай аспаптың үнін естіңіздер? (Домбыра)
-
Иә,балалар домбыра аспабымен орындалды (күйдің шығу тарихын айтып беру)
Құрманғазы өмірінің талай ауыр күндерін артқа қалдырды. Бір күні орынбор түрмесінің бастығы Браунның қызының тұрмысқа шығу балы болды. Қызы әкесінен тойында Ресей патшасының қол астындағы ұлттар музыкасынан жеке-жеке музыка орындалуын сұрады. Тойда қазақ музыкасынан әсем орындайтын адам табылмайды,сонда тойда отырған түрме надризателі,түрмеде қазақ музыкасының шебері Құрманғазы Сағырбаев отырғанын ескертеді. Браун Құрманғазыны алдырып,осы той құрметіне күй орындап,оны «Балбыраун» деп атайды. (Күй тағы тыңдалады). Соңынан мынадай сұрақтар қойылады.
-күй қалай ойналды? (төгіп,шертіп)
-күй қандай әсер қалдырды? ( сабырлы,көңілді,ойлы жігерлі)
-күй тыңдағанда көз алдыңа не елестеді? (оқушылардың ой-жігерін толықтыру,мадақтап отыру)
Сергіту минуты: - балалар,осы сабағымызда қай өнерлерді байланыстыруға болады?
-Қол өнерімен би өнерін байланыстыріға бола ма?
II. Қол өнері.
Бүгінгі танысатын өю-өрнегіміз «Тай тұяқ» және «Түйе мойын» өрнегі
Бұл оюларымыз жан-жануарлар әлеміне байланысты өрнектер тобына жатады. Бұл өрнектер текемет бетінде,күйіз үй бауларында кездеседі.
а) ( «Тай тұяқ», «Түйе мойын») ою-өрнектерін көрсету
б) оқушылардың ою-өрнектерге арналған мақал- мәтел,нақыл сөздерін естеріне түсіріп,пысықтау.
Мысалы: Оюмен ой айтқан елміз.
Өнерлінің қолы алтын.
Ою ойғанның ойы ұшқыр .
Сергіту минуты.
III. Би өнері.
-Ал енді, балалар қол өнерімен би өнері егіз десек болады,себебі қол өнері-ерте заманнан келе жатқан өнер,ал би өнері сол қол өнеріне байланысты туған өнер.
-мысалы,біз бүгін жан-жануарларға байланысты «Тай тұяқ», «Түйе мойын» оюымен таныссақ би өнерінде «Бота мойын» деп аталатын би қимылымен танысамыз. (Бидің қимылын музыкамен орындау қажет)
Сергіту минуты.
IV. Ән өнері.
Балалар әуен ән түрлі жанрларға бөлінеді. Сол жанрлардың ішінде әннің алатын орны өте зор. Ән адамның көңіл-күйін көтереді. Ән өзіндік көркемдігі және мазмұндылығымен тыңдаған адам жанын баурап,олардың ақыл-ой, мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына көмектеседі.
Сұрақ: әндер қандай түрлерге бөлінеді?
Халық әні
Балалар әні
Эстрадалық ән
Сазгер әні
Лирикалық ән
-Біз бүгін тоқсандық тақырыбымыз «Тұлпар» болғандықтан, жан-жануарларға арналған әнмен танысамыз.Сондықтан сазгер әніне тоқталамыз.
Өлеңі: Ә.Дүйсенбиевтікі
Әні: Ә.Еспаевтікі
Құлыншақ
Асыр салып ойнайды,
Ойнақтады құлыншақ.
Жалт-жұлт етіп жайнайды
Күміс суға жуынсақ.
Әннің мазмұны мен әуенін үйрету (бір шумағын)
Бұл өлең көңілді,жеңіл айтылады. (жақсы ән айтқан оқушыларды мадақтап отыру)
Сергіту минуты.
V. Тіл өнері.
-Балалар,біз осы үйреніп жатқан өнерімізді қай өнер арқылы шыңдаймыз? (оқушылар жауабы)
- иә, тіл өнері арқылы. Тіл өнері арқылы нені үйренуге болады?
-Тақпақ,өлең,жұмбақ,жаңылтпаш, мақал- мәтел, аңыз-ертегілерді айтып,жаттап үйренуге болады. (оқуларға өнер туралы мақал-мәтел айтқызу)
Қазақ халқы төрт түлік малды құт санап,оның иелері бар деп түсінген. Және малдың етін,күшін,сүтін дәріптеген. Төрт түліктің бірі жылқы баласын шақыруды үйрету.
Жолға шықсам көлігім,
Жапанда жүрсем серігім.
Қамбар ата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың? Қырау,қырау. (оқушыларға қайталату)
-Балалар,мен сіздерге мақал –мәтел,жаңылтпаш, жұмбақтар дайындап әкелдім. Қане кім шешуін табады екен?
Жұмбақ: Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Құлыншақ)
Жаңылтпаш: Тебіншек ат-шегіншек,
Шегіншек ат- тебіншек.
Мақал: «Мал жұтаса да,өнер жұтамайды».
-Балалар, осы «Өнер » сабағымызды «Сиқырлы доп» ойыны арқылы қорытындылаймыз. Мұнда оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу көзделеді.
«Сиқырлы доп» сиқырлы әуеге биік ұшады,қане кім тез қағады?
-Егер допты қаға алмай қалса,сол оқушыға бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қойылады. ( Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды)
VI. Қорытындылау.
Сұрақтарға жауап.
1.Қай күйшімен және қандай күймен таныстың? (Құрманғазы,Балбырауын)
2. қандай ою-өрнекті білдік? (Тай тұяқ, Түйе мойын)
3. Әннің аты қалай аталады? (Құлыншақ)
4.Үйренген би қимылымыз? (Бота мойын)
5.тіл өнерінде нені жаттадық? (мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақ)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға сандықшадан оюлар үлестіріледі. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Сабақтың соңында оқушылар орнынан тұрып,күй әуенімен «Өнер» бөлмесінен шығады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген