Материалдар / Ашық сабақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал боламыз деп әртүрлі нәрселер жасайды. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір бейнефильмдер баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді ұрып- соғып жатқан, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірілген бейнефильмдер жастарды қатігездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонда немесе компьютерде отыра беру көз қызметінің бұзылуына алып келеді.Төртіншіден, әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни адамды жалқау тұлғаға айналдырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2022
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі


«Мейірбике» медициналық

колледжі ЖШС


Министерство Образования науки

Республики Казахстан

ТОО медицинский колледж

«Меирбике»








«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

___________ А.М.Кулекешова жөніндегі орынбасары

«_____»___________20___ж. __________Қ.І.Қиякбаева

«_____»_________20___ж.












2021 – 2022 оқу жылына психологиялық – педагогикалық

білім іскерлік дәреже мен педагогикалық шеберлік деңгейін

жоғарлату бойынша жеке жұмыс жоспары.

Оқытушы: Жанибекова Улмекен Жайылғанқызы











Арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссияның

отырысында қаралған

ЦӘК меңгерушісі

______________Бақыт.Н.Б

______хаттама «_____»______20___ж.














Ақтау–2022



1)Ауыл(деревня-the village) 

Ауыл-қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.

2)Әлеуметтікақпарат(социальнаяинформация-social information)

Әлеуметтік ақпарат-қоғамдық, сондай- ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің мәліметтердің жиынтығы.

3)Әлеуметтікарақашықтық – (социальная дистанция-social distance)

Әлеуметтік арақашықтық-әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.

4)Әлеуметтікбайланыс (социальная связь-socialconnection)

Әлеуметтік-байланыс-жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.

5)Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль-social control)

Әлеуметтікбақылау-әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

6)Адам(человек-man)

Адам– жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.

7)Азаматтық қоғам(гражданское-общество-civil society)

Азаматтық қоғам– саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.

8)Әлеуметтік ереже(социальное статус-social status)

Әлеуметтік ереже-адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.

9)Еңбек(труд-labor) 

Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі. Еңбек арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның қалыптасуына, оынң қоршаған ортаға бейімделуіне шешуші әсер етеді.

10)Элита(элита-elite) 

Элита–(өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.

11.Абсентеизм -Абсентеизм-Absenteism

Абсегтеизм– халықтың  саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. 

12.Авантюризм-Авантюризм-Adenturism

Авантюризм– саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа

іздеушілік.

13.Автархия-Автаркия-Autarchia

Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталғанұлттық мақсат. 

14.Автократия- Самодерживаие-Autocratia

Автократия– бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе  осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам,  не адам тобын атау үшін де пайдаланылады. 

15.Автономия -Автономия-Autonomia

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі  басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым. 

16.Авторитаризм -Авторитаризм-Autoritatis

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда  күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.  Ол көбінесі саяси  жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

17.Агрессия-Агрессия-Irascibillis

Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. 

18.Адам -Человек-Vir

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 

19.Адам-Человек-Bir

Адам - құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері. 

20.Азаматтық-Гражданства-Civitas

Азаматтық- қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

21.Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттын, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезең. 
22.Деидеологизация – идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.
23.Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
24.Делегат – съезде, конференцияларда, конргесте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.
25.Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
26.Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік  органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар  азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байқалып отырады.
27.Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. 
28.Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
29.Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
30.Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары,  месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды. 
31.Держава – зор, әскери, экономикалық  потенциалы бар және дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
32.Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.
33.Деспотия  − шексіз және дара билеудің бір түрі. 
34.Децентрализация – орталық басқару  жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі.
35.Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.
36.Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
37.Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында,  өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
38.Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.
39.Директива – жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.
40.Дискриминация – нәсіліне,     ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.
41.Диссидент – үстемдік етуші, билеуші  идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды айтады.
42.Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
43.Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына  жол бермейтін  мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы  саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады. 
44.Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.
Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.
45.Еуроцентризм −  ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.

Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған адагершілік  қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
46.Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы отаршы елдердің                               тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
47.Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан  дәстүрлі қазыналар мен арман – мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыруға тырысқан. Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.кристони, С.липсет және т.б.
48.Жаңарған либерализм (неолиберализм) – дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық – саяси ағым. 
Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік – экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді. 
Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласпауына және т.с.с. қарсы шығады. 
49.Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен СОКП басшыларының жалпы азаматтық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 
1)    ядролық  космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында қақтығыстың болиһмау керектігін түсіну;
2)    ғаламдық мәселелрдің маңызды орын алуы т.с.с.
Жасылдар  – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тірішілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардын партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.
«Жасылдардың» экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рөл атқарады және бірталай табыстарға жетті. 
Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, ГФР-да атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды.
50.Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды.  Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. 
Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
51.Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.

52.Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.
53.Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі.
Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.

54.Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.
55.Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
56.Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест  жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. 
57.Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
58.Иерархия-төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.
59.Имидж-1)басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2)үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы  кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау.
60.Иммиграция- бір елден юасқа елдің азаматының тұрақты немесе уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, этникалық факторлар болып табылады.
70.Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.
71.Империя- 1)император басқаратын монархиялық мемлекет; 2) метрополия елдерінің билігі таратылатын әртүрлі аймақтардың отарық бірлестігі.
72.Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.
73.Инновация-жаңалық енгізу  жаңарту.
74.Институализация- саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
75.Интернационализм- мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат.
76.Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
77.Интерпелляция- үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мәселесі туу мүмкін.
78.Инфляция- ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі.
79.Иренология-бейбітшілік туралы ғылым.
                                                            
80.Капитал-1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал  жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
81.Капитализм-Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы.
82.Кадрлық партиялар- қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық- демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.
83.Квитэссенция- бір мәселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны.
84.Кворум- құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
85.Квота-рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі.Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін.
86.Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.
87.Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
88.Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады.  Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
89.Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
Конгресс-1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.
90.Консерватизм-1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
91.Консервативтік партиялар-  қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қор

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ