400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Информатика пәні бойынш. Қосымша білім беру мекемелеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


« «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Шу ауданының білім бөлімі

Техникалық шығармашылық орталығы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»











Shape1

АШЫҚ САБАҚ











Үйірме жетекшісі: Сауқымбек Айдана Нышанқызы
















Төле би 2023 ж


Күні

Топ: ІІ

Қатысқан оқушылар саны: 12

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ жауап, сөз жұмбақ, слайд, бағалау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Өткен тақырыпты еске түсіру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сергіту кезеңі

  5. Тапсырмаларды орындау

  6. Сабақты бекіту

  7. Бағалау 

  8. Үйге тапсырма беру.

  • Оқушыларды таратпа суреттер арқылы 3 топқа бөлдім.

Монитор, жүйелік блок, басып шығарғы












  • Әр кезең сайын оқушыларды бағалау мақсатында, смайлдарды пайдаландым.

І. Өткен тақырыпты еске түсір.

Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы оқушылар берілген тапсырманы кезекпен келіп алып, дайындалып, орындайды.

  • Paint редакторы дегеніміз не?

/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (Алығшынша сурет, сурет салу) /

  • Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?

/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/

  • Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?

/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/

Ал балалар енді арамызда қай топ тапқырда, жылдам екенін анықтау үшін кеспе суреттер таратылып беріледі. Оқушылар А3 форматына жабыстырып, сол құралдардың не атқарытыны жайлы жазып береді.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т.с.с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.

Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:

  • мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;

  • керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;

  • мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;

  • өз құжаттарыңды түзетуге;

  • құжатыңды суреттермен безендіруге болады.

Word мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;

  • Құжатты басып шығаруға.

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .

Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.

WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.

Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.

Абзацтың ең негізгі қасиеттері:

  • Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;

  • Мәтінді түзеу тәсілдері;

  • Шегіністер мен интервалдар.

Сергіту жаттығуы:: Ал балалар бәріміз сергіту жаттығуларын жасайық, көз, қол жаттығуларын орындаймыз













Тапсырмалар:

Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасау.

Әр топтан 2 оқушыға тәжірибелік тапсырманы орындатамын. Қалған топтың оқушылары сарапшы болып, жасаған тәжірибелерін зерделейді

Сабақты бекіту:

Үш топқа кеспе кағаз беріледі.

















Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Жинаған смайликтеріне байланысты.

Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Ms Word мәтіндік редакторының интерфейсі. (Өздігінен кіруді үйрену)





















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.01.2023
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі