400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінен ашық сабақ. тақырыбы: Үстеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

ҮСТЕУ

«Мейірбике» жоғары медициналық колледжі

Оқытушы: Сүйеу Гульмира Ақмұратқызы




















ақтау қаласы



Сабақ жоспары


Пәні Қазақ тілі___


Топ: _СТ-01-22қ___ Мамандығы: Дантист


Тақырыбы: Үстеу

Сабақтың түрі: __аралас сабақ______

Сабақтың әдісі: _ лекция, түсіндірмелі-иллюстративті _

Сабақтың ұзақтығы: 90 минут

Сабақтың білімділік мақсаты: Үстеу туралы толық түсінік беру, білімін тексеру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,  тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ана тілін қадірлеуге, шұбарламай сөйлеуге үйрету, елін, жерін, Отанын сүюге, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сканворд, ноутбук, интерактивті тақта, слайд «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...

Ғабит Мүсірепов».

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өлкетану, мәдениет, медицина


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5') __амандасу, топтағы студенттерді түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:(40')

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т.б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т.б.

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т.б.

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге(жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме), т.б.

Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т.б.

Шығыс септіктің  көнеленуінен: төтесінен  (айтты),  шалқасынан (құлады),  т.б.

Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасаладыСөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл),  т.б. Сөздердің қосарлануы мен  қайталануы  арқылы жасалған  күрделі  үстеулер:  ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т.б.

Сөздердің  тіркесуі  арқылы жасалған  күрделі  үстеулер:  таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т.б.

Тілімізде  тұрақты тіркестер  арқылы жасалатын  күрделі  үстеулер де кездеседі:  қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза,  т.б.

Үстеу  мағынасына  қарай  жеті  түрге бөлінеді:

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан?  деген сұраққа жауап  беріп,  қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын  білдіреді.  Мезгіл үстеуі етістікпен  тіркесіп қолданылады.  Мысалы,  таңертеңнен  (қашаннан?)  кетті,  жазғытұрым  (қашан?)  келеді, ала жаздай  (қашан?)  еңбектенді,  күні-түні  (қашан?)  оқыды,  т.б.

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін  көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай?  сұрақтарына жауап береді. Мысалы,  Тауға қарай  (қалай қарай?)  өрмелеу, алға  (қайда?)  жылжыды,  ілгері, кейін  (қайда?)  қозғалды,  жоғарыдан  (қайдан?)  түсті,  т.б.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін  білдіреді.  Сұрақтары:  қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы,  Ақырын  (қалай?)  жүгірді, қазша  (қалайша?)  қаңқылдады, бекерден-бекер  (қалай?)  отырма, балаша  (кімше?)  мәз-мейрам болды,  бүркіттейін  (қалайша?)  шүйілді,  қолма-қол  (қалай?)  хабарласты,  т.б.

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді.  Мөлшер үстеуі  сынның немесе қимылдың  көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде, қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді.  Мысалы,  сонша  (қанша?)  шаршапты, біршама  (қаншама?)  кешігіп қалды,  недәуір  (қалай?)  өскен екен Ал  сонша  (қанша?)  биік, біршама  (қанша?)  алыс,  недәуір  (қалай?)  ұзақ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.02.2023
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі