400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғажайыпқа толы - жаңа жыл!



1) ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар,балалар, ұстаздар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!
2) Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Мерекені тойлайық. Баршаңызға Мереке Құтты болсын!

Шығыс сұлтаны адасып келеді!

Сұлтанның сөзі:
Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?
1)ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!
1)ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!... күтейік!
Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!
1)ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақарымызды шақырайық !

БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!

Аяз ата келеді ) сөзі: Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет өнерлеріңді тамашалауға келдім балалар.

-Қәне өнерлдеріңді көрсетіңдерші

2) Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!

2)Жүргізуші: Ендеше 8в сынып қыздары сіздерге өнерлерін көрсетпекші тамашалайық!

БИ: Флешмоб!


2)ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата Байқасаңыз бізде Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленсем дейді.

СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен немереңіз сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз!
АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа жылмен мен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті. Егер Жаңа жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.
СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)
МАЙМЫЛ: Амансыңдар ма БАЛАЛАР! Бүгін бәрің сондай әдемі болып кетіпсіңдер! Сендердің әндеріңді естіп келіп тұрмын!

1)Жүргізуші: Қош келдіңіз Ескі жыл! Біздің балалардың сіз үшін керемет өнерлерін тамашалаңыз. 1)Жүргізуші: БИ: Вальс



1)Жүргізуші: Рахмет Балалар!

2)Жүргізуші: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Маймыл жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.
МАЙМЫЛ: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)


БАЛАЛАР: Сау болыңыз!
2)Жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде - жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.

Сұлтан ортаға Жаңа жылды алып келеді!

ИТ: Амансыңдар ма БАЛАЛАР! Міне мен Жаңа жыл келіп қалдым.

1)Жүргізуші: Қош келдіңіз ! Жаңа жыл! Сізді асыға күттік ! Біздің балалар сіз үшін керемет өнерлерін

Дайындап қойыпты Тамашалаңыз! Ортада

1)Жүргізуші: БИ: 8а және 8 б сынып қыздарының билерін тамашалаңыз!


2)ЖҮРГІЗУШІ:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың Құтты болсын!

Осы мен Жаңа жылдық Мерекелік кешіміз аяқталды! Баршаңызға Мереке Құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2023
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі