ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


« №17 орта мектебі» КММ










Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Тіл – рухани байлық»























Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейткереева Ш.Б



2016-2017

Пән: қазақ тілі

Сынып: 8 «а»

Күні: 21.02.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: “Туған тіл – рухани байлық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды туған елін, тілін, жерін сүюге баулу, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық:Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, туған тіл –рухани байлық екенін ұғындыру.

Тәрбиелік:Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру.

Сабақтың ұраны: “Қазақстанның болашағы- мемлекеттік тілінде”

( Н.Назарбаев )

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ әдісі: СТО элементтері, топпен жұмыс, ойландыру, шығармашылық жұмыс

шешу, топтастыру, аудару.

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, буклет, флипчарт, маркерлер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Good morning chidren!

Who is on duti today?

II. Үй жұмысын тексеру

What was yout homework?

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Тіл туралы өлең жатқа айту

III.Жаңа сабақ

The theme of our lesson is Туған тіл – рухани байлық.

Үштұғырлы тіл туралы:



« Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.»

Ассоциация тұғызу: ТІЛ (бай, көркем, құнарлы, ырғақты, мұра, парыз, ана тілі, мемл. тілі, ата-баба, қорғау, құрметтеу, жағдай тұғызу, сақтау)

1-тапсырма. Топпен жұмыс. «Тіл» сөзіне кластер .Бағалау критериялары:

А) Топтың белсенділігі

Б) Тақырыпты ашу

В) Кластерді екі тілде жасау

2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс: - оқып, сұрақтарға жауап беру

Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,- депті....
Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.
- Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

1) Әкесі баласына тілді неліктен мұра етіп қалдырған? ( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы - тіл арқылы жететін өнер - білім, мәдениет, ғылым, өткен - кеткен тарих, ата - баба дәстүрі.)
2) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме?
 (Әр халықтың тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы)
3) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

3-тапсырма: Өздік жұмыс: Сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1. Қазақстанда Мемлекеттік тіл қай тіл?

2. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? 1989 ж)

3. Тіл туралы Заң қай жылы қабылданды? (1997 ж)

4. Заң неше тараудан, неше баптан турады? (6 тарау, 27 бап)

5. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл деп нешінші тарауда, нешінші бапта айтылған? (1 тарауда, 4 бабында)

4,»Тіл» сөзіне синквейн құрастыру

5. Жұппен жұмыс. Мәтін бойынша диалог құрастыру. ” Тіл туралы Заң” (6 тараудан, 27 баптан турады)- слайд

Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы 1997 жылы шілдеде Алматыда қабылданды. Осы Заңның 1-тарауының 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” –делінген.

 Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. 

6. Сұрақтарға жауап беру:

- Мемлекеттік тіл қайда қолданылады ?

- “Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы”- дегенді қалай түсінесіңдер?

7.Берілген фразеологизмдерді оқып, үш тілде айту

1. Көзді ашып –жұмғанша (тез - быстро - quickly ) эускли
2. Төбе шашы тік тұру ( қорқу - бояться - be afraid) эфрейт
3. Төбесі көкке жету (қуану - радоваться - reqoice) реклайт
4. Қайран қалу ( таңдану - удивляться - wonder) уванде
5. Қой аузынан шөп алмас ( момын - скромный - modest) мондиш
6. Жақсылығың алдыңнан шықсын (тілек – пожелание - wish) уишли

8.Оқуы төмен оқитын оқушылармен жұмыс. Орыс тіліндегі тұрақты тіркестерді қазақ тіліндегі тіркестермен сәйкестендір

1) Вешать нос-------------2) жаны мұрын ұшына келу

2) Душа в пятки ушла------ 4) төбе шашы тік тұру

3) Дела, как на ладони----- 5) бармағын тістеу

4) Волосы стали дыбом---- 6) тыным таппай еңбек ету

5) Кусать себе палец------ 1) еңсесін түсіру

6) Работать не покладая рук--- 3) алақанға салғандай

9. Дарынды балалармен жұмыс. Өзін-өзі формативті бағалау.Ғаламтордан тіл туралы мақал-мәтелдерді және нақыл сөздерді іздеу.

Өнер алды -қызыл тіл.

  Тіл қаруы - сөз,

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.  

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.  

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.  

  Сөз қаруы  - ой.  

Тіл – шекер, Бала – кетер,

Байлық – бекер.  

Тіл жүйріктен де озады.  

Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.  

Қазақ тілі туралы нақыл сөздер:

Кімде-кім қазіргі уақытта өз ана тілін, өз әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті деп санауға болмайды”. (М. Әуезов)

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ.Мүсірепов)

Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері” (П.Мелиоранский)

« Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті» (татар ғалымы А.Саади

10.Тіл туралы фразеологиялық тіркестерді жаттап, мағынасын түсіндіру

Тілге жүйрік, тіл мен жағына сүйену, тілімнің ұшында тұр, тілін тістеп қалды, тіліңді тарт, тілім тасқа, тіл тию, тіл қатпау, тілі шығу.

III. Бекіту кезеңі: Тіл туралы тест:

1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды?

а) 1991

ә) 1989

б) 1987

2. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

а) араб

ә) парсы

б) түркі

3. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

а) 1997

ә) 1990

б) 1989

4. Ол неше баптан тұрады?

а) 30

ә) 22

б) 27

5. Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қашан тойланады?

а) 16 желтоқсан

ә) 30 тамыз

б) 22 қыркүйек

6. Тіл туралы Заңының нешінші бабында Қазақ тілі туралы айтылған?

а) 4

ә) 5

б) 7

7. Мемлекеттік тілді неге үйреніп жүрсің?

а) ол бағдарламада бар

ә) менің парызым

б) маған ұнайды

8. Қанатты сөздерге не жатады?

а) ертегілер, мақал-мәтелдер

ә) мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, тұрақты сөз тіркестері

б) сөз тіркестері, нақыл сөздер

  1. Қорытынды: Сабақтың ұраны

  2. Үй жұмысы: Тіл туралы нақыл сөздеді жаттап келу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
53
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі