Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Білім беру саласы
:Коммуникация
Пән : Сауат
ашу
Өтпелі тақырып:
«Қыс-сиқырлы»
Тақырыбы : «Жуан және жіңішке
дауысты дыбыстар»
Мақсаттары :
1. Тәрбиелік: .
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық : Жуан және
жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуді
дамыту.
3. Оқыту : Қарындаш пен
қаламды дұрыс ұстауды, қағаз бетінің жазықтығын
бағдарлауды,штрихтарды салуды
үйрету.
Педагогикалық технологиялар
: ойын технологиясы, денсаулық сақтау
технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету
:
Көптілділік : Дауысты дыбыстар-гласный звук- vowel,
жіңішке , жуан дауысты дыбыс- тонкий, толстый гласный звук- thin,
thick vowel sound
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
барысы
1. Ұйымдастырушылық
кезеңі
Мотивациялық
қозғаушылық
(Ғажайып
сәт)
-Балалар бүгінгі сабақ ерекше болайын деп тұр,өйткені біз сендермен
қысқы орманға саяхатқа аттанамыз
Дайынсындар ма?Олай болса бәріміз шеңберге тұрып
қолымыздан ұстап көзімізді жұмып бір-біріміздге сәт сапар
тілейік.(сол кезде әуен ойналады,құстардың ормандағы
дауыстары)
2.Негізгі
бөлім
Тіл дыбыстары қалай жасалады?
- Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
- Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
- Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын
қуысы.
Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана
тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э,
у
Дауысты дыбыстар алтыға бөлінеді: Жуан,
жінішке,Ашық, қысаң, еріндік,
езулік.
Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті
дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген
сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан,
бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз
дыбыс.)
Көптілділік :орман-леса,
ағаштар-деревья,құстар-птицы
Сергіту
сәті.
Пұшайт - пұшайт – қолды екі жаққа созу;
Шөре – шөре - қолды алға қарай созу;
Құрау – құрау - қолды жоғары көтеру;
Аухау – аухау - қолды иыққа көтеру;
Көс – көс - қолды белге қойып,
айналу.
1-Тапсырма:
Мақсаты: берілген сөздердегі қателерді
түзету.
ҚҰДҰҚ
БҮРШҮК
ҚЫРҰҚ
КӨРҮК
ҚҰЛҰН
ҰРШҰҚ
Жеке
жұмыс:
Амирге,
Арсенге, Елданаңа
дауысты дыбыстарға байланысты сұрақтар
қою?
3.Қорытынды
Балалар бүгің біз
қандай дыбыстар мен таныстық?
Дұрыс айтасыңдар біз дауысты дыбыстармен, сонын
ішінде жуан және жіңішке дыбыстар мен
таныстық.
Жарайсыңдар
балалар!