|
Амандасу.
Психологиялық ахуал
туғызу.
Оқушыларға Шәкәрім
Құдайбердіұлына қатысты сұрақтар беріледі. Иа, Жоқ арқылы жауап
беріледі.
1.
Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі.
2.
Ол – жеті жасында әкесінен жетім қалған.
3.
Ол – өзінің алғашқы өлеңін де жеті жасында
жазады.
4.
Ол – 20 жасында болыс болған.
5.
Ол – ГПУ қызметкері Абзал Қарасартовтың қолынан қаза
табады.
6.
Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта жатқан.
7.
Оны 1961 жылы ұлы Ахат құдықтан шығарып, Абай зиратының қасына
арулап жерлейді.
8.
Ол – 30 жасында сал ауруына ұшырап, сөйлей алмай қалады. Соның
салдарынан жеті жасынан бастап жазған өлеңдерін өртеп
тастайды.
9.
Ол – Париж, Стамбұл кітапханаларына болған.
10.
Оның Меккеге барудағы ең алғашқы мақсаты «қажы» болу емес, Құнанбай
атасының «тәкиясын» көру болатын.
11.
Оның өз еңбектері арасында үш шығармасына көңілі толмаған. Жарамсыз
деп таныған.
12.
Оның тағы бір ұлы Зият әкесіне жабылған жаланың салдарынан елден
кетуге мәжбүр болған.
13.
Ол – 19 жасында Абай ағасының нұсқауымен «қазақ халқының шежіресін»
жазып бастаған.
14.
Ол – халқын, «өнерлі, білімді елден» - орыс халқынан тағылам алуға
шақырған.
15.
Оның шығармалары ең алғаш 1912 жылы Семейде «Қазақ айнасы» деген
атпен жарық көрген.
16.
Ол – «Абай жолындағы» Шұбар есімді кейіпкердің
протатипі.
17.
Ол – 1985 жылы жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енбей
қалған.
18.
Ол – 1958 жылы 2 қазанда халқымен қайта қауышты.
Билимландтан Шәкәрім шығармашылығы туралы
тыңдату.
-
Тыңдағандары бойынша өз ойларын
айтқызу.
Оқулықпен жұмыс. «Ойлан, Бөліс»
167-169-беттерді оқу
1.тапсырма.
1-топ. «Жастарға» өлеңі
2-топ. «Дүние мен өмір» өлеңі
Шәкәрімнің өлеңдері бойынша кластер
құру
1. Авторы: Ш.
Құдайбердіұлы 2. Тақырыбы: «Жастарға» өлеңі - Шәкәрімнің
ағартушылық. нысанасын жария еткен
өлеңі 3. Жанр түрі: поэзия
(өлең) 4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат
болу. Ол өз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан
деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді, өзіне үлгі етті. Жастарды
адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға
шақырды. 5. Өлең 14 шумақтан
тұрады. 6. Өлең 56 тармақтан
тұрады. 7. 3 бунақтан
тұрады. 8. 11 - 12 буыннан
тұрады 9. Теңеу - затты басқамен салыстырып
айту. Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа
өткізбеу) Эпитет - құбылысты, затты бейнелеп айту үшін
қолданылатын сөздер. ( арам айла, өшпес
өмір) 10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ
болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына
деген көрсетер үлкен тәрбие екенін
аңғарамыз.
|