400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
жай бөлшектерді оқу жаңа тақырыпты түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.3.1 Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақмақсаттары

  1. Жай бөлшек ұғымын түсінеді, жай бөлшектерді оқи және жаза алады, алымы мен бөлімін анықтайды

  2. Бөлінділерді бөлшек түрінде сәйкестендіре алады.

  3. натурал сандардарды жай бөлшек түрінде жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • Жай бөлшекті және оның компоненттерін анықтайды.

  • Бөлінділерді бөлшек түрінде сәйкестендіре алады.

  • Натурал сандардарды жай бөлшек түрінде жаза алады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: «Жай бөлшек», «бөлшектің алымы», «бөлшектің бөлімі».

Диалог үшін пайдаланы сөздер мен тіркестер «натурал сандардың бөліндісі- жай бөлшек», «бөлшек сызығы» , «шаманың бірнеше бөлігін кескіндейді», «бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсететін сан – бөлшектің бөлімі», «неше үлестің алынғанын бөлшектің бөлімін білдіреді».


Құндылықтардыдарыту

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы байланысты оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, отансүйгіштікке және шығармашылыққа тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар

Сызу пәнімен: тіктөртбұрыштарды, шеңберді тең бөліктерге бөлу, тарих пен жаратылыстану пәнімен есептердің шешімін табу барысында байланыс болады.



Алдыңғы білім


5.1.1.8 өз ара жай сандардың анықтамасын білу

5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ең үлкен орта бөлшекті , ең кіші ортақ еселікті қолдану;



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Сабаққа дайындығын ұйымдастыру.

Жұпқа бөлу: «Сиқырлы қорапшада» екі натурал санның бөліндісі және оның бөлшек түрінде жазылған сандар болады. Балалар бір бірден алып жұптарын табады. Осылай жұпқа бөлу арқылы бөліндіні бөлшекпен сәйкестігін қайталап өтемін.


Бөлінділер мен бөлшектер жазылған таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы


(Ж) Жай бөлшектерді жазу және оқи алу мақсатында мына тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.

Тапсырма№1. Мына жай бөлшектерді оқып, бөлімі мен алымын атаңдар және кестені толтырыңдар:

3/4, 5/6, 3/7, 4/9, 8/5

Бөлінгіш

Бөлгіш

Бөлінді

Алымы

Бөлімі

3

4

3:4

3

4

5

6

5:6

5

6

3

7

3:7

3

7

4

9

4:9

4

9

8

5

8:5

8

5


ҚБ: Бағалау парағы арқылы жауап үлгісімен өзін өзі бағалайды, сосын жұптағы оқушылапр бір бірін бағалайды


(Ө) Тапсырма №2 Есеп шартына сәйкес бөліндіні анықтау мақсатында мына тапсырманы орындатамын. Т алғат Мұсабаев 1998 жылы 29 қаңтарда ғарышқа ұшып, ғарыш кеңiстiгiнде 4992 сағ болды. Оның үшінші бөлiгiн ашық ғарыш кеңiстiгiнде өткiзiп,«Мир» станциясында жөндеу жұмыстарын жүргiздi. Талғат Мұсабаев ашық ғарыш кеңiстiгiнденеше сағат болды?

Есеп шартын түсінуге, шешімін табуға қиналатын оқушыларға жеке жұмыс арқылы қолдау көрсетемін.


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар жауап үлгісі арқылы бір бірін бағалайды.

Жаңа тақырыпта танысқан әр түрлі ұғымдар (бөлшек, үлес, бөлім, алымы, бөлінді) жазылған қағаздарды оқушылардың барлығына беремін. Солай бір сөз таңдаған оқушылар бір жерге топтасады.


(Т)Тапсырма №3. Натурал сандардарды жай бөлшек түрінде жазу мақсатында төмендегі тапсырманы орындайды, Жұлдызшаның орнына тиiстi санды қойып, берiлген натурал санды жай бөлшек түрiнде жазыңдар:

  1. 2 =*/3; 12=*/5

  2. 8=*/4; 2=14/*

  3. 8=*/9; 27=*/100

  4. 27=270/*; 12=96/*


ҚБ: «Cмаиликтер» әдісі арқылы жауап үлгісімен топтар бір-бірін бағалайды.

Қиналатын оқушыларға нақты және жан-жақты жеке жұмыс арқылы қолдау көрсетемін.

Интерактивті тақта, карточкалар, слайд,стикер, ықшам тақта

Сабақтың соңы

Қорытындылау.

Сабақты қорытындылап, алған білімдерін жинақтау мақсатында «Сиқырлы қорапшадағы» тапсырмалар аламын.

А) Жай бөлшек түрінде жаз.

Жетіден екі, бестен үш, алтыдан бір, сегізден бес, оннан тоғыз, жүзден үш.

Ә) Дөңгелекті тең төрт бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігін.... деп атайды.

Б) бөлшек сызығының астындағы бөлігі...деп, ал үстіндегі бөлігі...деп аталады.

Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылармен рефлексия жасаймын.

Таратпа материал, бес саусақ кескінделген таратпа қағаздар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі