Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандар туралы тізбектер құру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

5.1 Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі.

Осы сабақта мақсаттары

5.2.3.1- натурал сандар тізбегі заңдылықтарын анықтайды

5.2.3.2- натурал сандар тізбегінің жетіспейтін элементтерін табу

5.2.3.3- натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын ойластыру, тізбектер құру

Сабақ мақсаттары

  1. натурал сандар тізбегі элементтерін таба алады ;

  2. натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтауды біледі;

  3. натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын ойластырып, тізбектер құра алады.

Бағалау

Критерийлері

  • сандар тізбегі заңдылықтарын анықтайды;

  • натурал сандар тізбегінің жетіспейтін элементтерін табады;

  • натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын ойластырып, тізбектер құрады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

«тізбек», «тізбектің құрылымы», «заңдылықтар», «мүше» , «элемент», «индекс»,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

«сан тізбектері», «сан тізбектерінің құрылымы», «заңдылықтар», «тізбектің мүшелері» , «келесі мүше», «алдыңғы мүше», «тізбектің индексі»

Құндылықтарды

дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.

Пән аралық байланыстар

Жаратылыстану1-тапсырмада Астана және Тәуелсіздік даңғылы туралы айтылады.

Бастапқы білім

5.2.2.1 –арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеуді шешу;

5.2.2.2 –теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың дайындығын бақылап, оқу-құралдарын тугелдеп, сынып оқушыларын түгелдеген соң, оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «пазл» әдісін қолдану арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ өздеріне, түскен формуланы түсіндіріп өтеді.

Кеспе қағаздар

P=2(a+b)

S=ab

C=an

V=abc

Сабақтың ортасы


Жаңа сабаққа кіріспе. «Таныстырылым» Презентация

Тапсырманың мақсаты: сан тізбектерінің берілуі мен оның келесі элементін табуды меңгерді.

1-тапсырма. Сіз Астана қаласындағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы 51 үйдің тұсынан өтіп келесіз.Келесі үш үйдің номерлерін анықтаңыз.

Өзін-өзі бағалайды «Бас бармақ».(Оқушылардың барлығы 51 санынан кейін орналасқан келесі үш үйдің реттік номерін анықтайды.)

Тапсырманың мақсаты: сандар тізбегі заңдылықтарын анықтайды.

2-тапсырма. Бірінші қатардағы заңдалақты пайдаланып, екіншші қатардың ортасындағы бос орынды толтырыңыз.

а) ә)

19

18

37

17


46



15

41

26

19


12

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам».

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты қолдау көрсету.

Тапсырманың мақсаты: сан тізбектерінің берілуі мен жетіспейтін элементін табу.

3-тапсырма. Сан тізбектерінің заңдылықтарын анықтап, жетіспейтін элементін көрсетіңіз.


А) ..., ..., ..., 45, 55, 65, 75,...заңдылық




Ә) ..., ..., ..., 925, 900, 875, 850, 825, заңдылық



Б) 5;6;15; __ ; 25;18 заңдылық




«Ойлан - жұптас – бөліс».Оқушылардың басым бөлігісан тізбектерінің берілген заңдылығын анықтап, белгісіз элементін табады.

топтастыру, жылдамдық, саралап оқыту әдісі арқылы алғашқы 3 тапсырманы орындаған оқушы 4-тапсырмаға көшеді.

Тапсырманың мақсаты:сандар тізбегінің заңдылықтарын ойластырып, тізбектер құрады.

4-тапсырма. (Ж) а) жұп сандар тізбігінің

ә)әрбір алдыңғы мүшесі келесі мүшесінен 4 есе артық болатынсан тізбегінің заңдылығын анықтап, алғашқы төрт мүшесін табыңыз.

Жұмыс барысында оқушыларда ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу арқылы білім қалыптасады және дағды дамиды.

Түртіп алу стратегиясы













Карточкалар



















Сабақтың соңы


«БББ» кестесі- нені білдім, нені үйрендім...

- не әлі де түсініксіз...

- нені үйренгім келеді...

Бұл әдіс «білемін, білдім, білгім келеді» деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті тақырыпты тиянақтап отырып толтырады.

Плакатқа ілінген стикерлердің бағандардағы саны арқылы сабаққа қорытынды жасалады.

Плакат,стикер









1-мысал. 3 санынан басталған натурал тақ сандарды рет-ретімен жазайық.

3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; ... 2n + 1 ... – сандар тізбегі. Сандар тізбегін құрайтын сандар сандар тізбегінің мүшелері деп аталады.

1-мысалдағы 3; 5; 7; ... сандары – сандар тізбегінің мүшелері.

Мұндағы 3 саны – бірінші мүшесі, 5 саны – екінші мүшесі, 7 саны– үшінші мүшесі. Ал n-ші орындағы 2n + 1 саны сандар тізбегінің n-ші мүшесі.

Сандар тізбегінің мүшесі болатын санның, ондағы жазылу ор-

нына сәйкес белгілі нөмірі болады.

Сандар тізбегі әріптермен мына түрде жазылады:

а1; а2; а3; а4; ... ; аn немесе (аn).

Мұндағы 1, 2, 3, 4, ... n индекстері санның сандар тізбегіндегі

рет нөмірін көрсетеді.

Сандар тізбегін жазуда а әрпінің орнына латынның өзге де кіші

әріптерін пайдалануға болады. Мысалы, b; c; d; m; k және т.б.

әріптерін.

Мысалы,

1) 4; 7; 10; 13; 16; ... 3n + 1; ... – 3n + 1 формуласымен берілген

сандар тізбегі;

2) 3; 2; 3; 2; 3; 2; ... – 3 және 2 санымен ғана жазылған сандар

тізбегі;

3) 7; 7; 7; 7; 7; ... – 7 санымен ғана жазылған сандар тізбегі.

Мұндай сандар тізбегі тұрақты сандар тізбегі деп аталады.

Егер сандар тізбегінің n-ші мүшесінің формуласы берілсе, оны

пайдаланып, сандар тізбегінің қажетті нөмірлі мүшесін табуға бо-

лады. Ол үшін формулаға сол мүшенің сандар тізбегіндегі нөмірін

қойып, өрнектің мәнін табу керек.

2-мысал. (n + 3) • 2 формуласымен берілген

x1; x2; x3; x4; x5; x6; x7; ... xn; ...

сандар тізбегінің 5-ші, 7-ші мүшелерін табайық.

Ше ш у і . Егер n = 5 болса, x5 = (5 + 3) • 2 = 16; x5 = 16;

Егер n = 7 болса, x7 = (7 + 3) • 2 = 20; x7 = 20.

3-мысал. n2 + 1 формуласымен берілген

c1; c2; c3; c4; ...; cn; ... сандар тізбегін құрастырайық.

Ол үшін сандар тізбегінің мүшелерін табу керек:

c1 = 2; c2 = 5; c3 = 10; c4 = 17; ... .

Сонда 2; 5; 10; 17; ...; n2 + 1; ... – сандар тізбегі жазылады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12