Ашық сабақ.4 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаға негізделген ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Табиғат әлемі»

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен алған

білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;

Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын

арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын

дамыту.

көрнекілігі: слайд, суреттер, тірек – сызбалар

Қатысатын сынып: 3-4 сынып


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:Балалар бүгін бастауыш сыныптар арасында өткізіліп тұрған «Табиғат әлемі» танымдық сайысына қош келіпсіздер. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушы қатысады. Сайсымызды бағалап отыратын әділ-қазыны сайлау.

Сайыс кезеңдері.

1.Таңғажайып алаң

2.Жұмбақтар шешу

3.Сөз құра

4.Сөз ойла,тез ойла

5. Пантомима

6.Суреттер сайысы


Мұғалім:

Ал қанеки қаралық, Мына жақта жаналық. Бүгінгі кеш төрінде, Білімнің еліне. Дүниетану тілінде Тапсырманы шешіп, жарысып Шабыт тасып, шалқысып Көңілді кеш жасайық Құрметті балалар, ұстаздар! Бүгінгі біздің дүниетану сабағынан «Табиғат білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз

Ендеше, табиғат дегенде көз алдымызға не елестейді атап көрейік.

Табиғат:Бұл-өсімдіктер, жануарлар,аспан денелері, топырақ, жер,су, ауа,қала, өзен, көл, теңіз, жәндіктер, тау, тас, қырат, жазық.


Топтардың атын анықтап алу:

І топ – «Тапқырлар» - «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»

ІІІтоп –«Білгірлер» -«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»


ІІ.Негізгі бөлім:

1 кезең: «Таңғажайып алаң»

1 топқа

1-Өсімдіктер тобын ата. (гүл, бұта, ағаш)

2-Өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай қажет? (жылу, жарық, су, ауа, топырақ)

3-Баласын сүтпен қоректендіретін жануарлар тобы. (сүтқоректілер)

4-Ауаның қасиетін ата? (ауа мөлдір және түссіз)

5-Судың күйлерін ата. (сұйық, қатты, газ тәрізді)

6-Жердің дәл өзіндей кішірейтіліп берілген үлгісі?глобус

7- Көкжиек тұстары немен анықталады?Түсбағдар


2 топқа

  1. Көктемде ең алғаш көктейтін өсімдік түрі?(Бәйшешек,қызғалдақ)

  2. Адам қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

  3. Жанғыш пайдалы қазбалар?(Мұнай,газ,тас көмір)

  4. Сезім мүшелеріне нелер жатады? Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.

  5. Аспан әлемін немен зерттейді? Телескоп.

  6. Көзге көрінбейтін ағзаларды,бактерияларды немен зерттейді? Микроскоп

  7. Жыл мезгілдерін ата. (қыс, көктем, жаз, күз)


2 кезең. Жұмбақтар шешу.

1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады.

(Күн)


2. Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар.

(түйе)


3. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)


4.Қалдырмай баласын бiр елi,

Қалтаға салып-ап жүредi.

(Кенгуру)


5.Қозғалып жүрер жортақ шам,

Барлығымызға ортақ шам. (Күн)


  1. Топ


1. Жазда сұрғылт,

Қыста аппақ.

(қоян)


2.Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ – тоқ соғады.

(тоқылдақ)


3. Адамға серік,

Күзетке берік.


4.Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)


5.Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні (қасқыр)


3 кезең. Сөз құра. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

«Табиғат» сөзінен 1 минут ішінде бірнеше сөздер құрастыру


4-кезең: Сөз ойла,тез ойла.


Жануарларды 3-тілде атау керек.Егер 3-тілде айтса 3 бал.2-тілде айтса 2-бал.

Ит

Мысық

Тышқан

Маймыл

Тауық

Үйрек


  1. кезең. Сурет сайысы.


Өзен жағасында жер үй орналасқан.Аспан ашық,күн күлімдеп,құстар ұшып жүр.Алма ағаштары жайқалып тұр.Алыста бір отар қойлар жайылып жүр.Жер беті жасыл көрпемен көмкерілген.


Мәтінді суретте.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі