жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ 11-сынып
Бекітемін
Мектеп директоры Б.Байбосинов
Сынып жетекші: Алдибекова А
Күні: 22.09.2018ж
Сыныбы:11
Тәрбие
сағатының тақырыбы:
«Мәңгілік елдің-Мәңгілік тілі».
Тәрбие
сағатының мақсаты:1.Оқушыларды
өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз
ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз
құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғуға
үйрету .Ана тілін
қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие
леу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер,
нақыл сөздер,грапапраэктор,плакаттар,слаидтар.
Өткізу
әдісі: Ауызша журнал.
Тәрбие
сағатының барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың назарын аудару. Шаттық
шеңбері арқылы сыныпты топқа
бөлу.
ІІ.Кіріспе
сөз:
- Құрметті оқушылар,
ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие
сағаты. «Мәңгілік
елдің-мәңгілік тілі»
атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік
тіліміздің мәртебесін көтеру.
Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп
аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз
әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар
тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев
басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт
өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика
болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында
жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте
Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған
ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ
тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып
жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан
Халықтарының Тілдер күні деп
жарияланды. Әрине, ел мен тіл егіз
ұғым. «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас
болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл
қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз
байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің
онымен қатар жасап, бірге дамитын
мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік
тілі – қазақ тілі. Қазақстан
Рес¬пуб¬ликасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы негізінде
мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру
және тілді дамыту жөніндегі кешенді
шараларды жүзеге асыру елімізде
табандылықпен жалғасып келеді. «Мәңгілік
елдің – Мәңгілік тілі» атты тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы,
дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік
шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп
қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам
бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті.
Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері
іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп,
ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын
шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас
болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан
екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық.
Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті
тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп,
қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген
едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік
мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің
жұмбағын шешіп беріпті.
1-
оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген
сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан
да қымбат қазынамыз бар шығар?
2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын.
Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл.
Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл
болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар
ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар
ма едім?
1- оқушы: Оның өте
дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы
болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі
байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса
керек.
Оқушы тақпақтары:
Туған
тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған
тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған
тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Туған
тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ән
«Ананың тілі»
1-оқушы:
Туған тілім- тілі ата бабамның,
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
Қайда жүрсең меніменен біргесің,
Түсінікті сендей жақын маған кім.
Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
Қазағым-ау, бір-бір
үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір
құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел-
ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз
ел- ана тілін ту етсін.
Хандардың қайталама қатерлерін,
Мұғалім:
Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен
ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл
аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген
батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат
еткен өткір де өміршең шешендік сөздер,
халық даналығы – мақал-мәтелдер ана
тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол
ана тілінде жетіп отырады.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына,
Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген
жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына,
Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне
сүйсініп, рухани өміріңе азық
етесің.М.Шаханов «Төрт ана» өлеңін видио
ролик арқылы тамашалау.Өлеңді талдау.
«Мемлекеттік тіл –менің тілім» тақырыбы бойынша топтар арасында дайындаған слайдтарды жеке әр топ қорғайды.Нақыл сөздер,ғұламалар пікірлері,мақал мәтелдер,тіл туралы деректер слайдтар арқылы көрсетіледі
2-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз-
ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен
шұбарламау.
3-оқушы:
Тілдің тілден кеңдігі болғанымен,
кемдігі болмайды.
Жақсыдан
жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
Ана тілі, дана тілі, бақ
тілім,
Сенсің менің қасіретті
шаттығым.
Сенсің менің
тазалықты пәктігім,
Сенсіз
бақыт дүние тапты кім?
Сенің әрбір тынысыңмен күн
кешем,
Сен арқылы тіршілікпен
тілдесем.
Ел
бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
ІV.
«Кім шапшаң?».
Мақалдың
алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар
жалғастырады.
4-оқушы:
Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің
ішін, - депті Абай атамыз.
5-оқушы:
Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
Сөз өнері-киелі өнер.
6-оқушы:
Өнер алды- қызыл тіл.
Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал
құрастыру.
( ата, гүл, бала,
жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр,
тас, ел, ана).
VІ.Қорытынды:
Хор «Көк тудың желбірегені»
Мұғалім: Адамды жұбататын да,
ақыл беретін де, күш-қуат беретін де,
ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін
ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан
да қол үзеді. Міне, осындай даналық
сөздер бізге тіл арқылы жетті емес
пе?!
Олай болса, біздің
тілге деген құрметіміз шексіз.
Тексерілді
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Алданова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген