Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "1837 -1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "1837 -1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс" атты тақырыбында топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын аша біледі. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, өмірде қолданады.Жалпы сабақта сыныпты топтың атын анықтауда мозайка әдісі пайдаланылған ,яғни оқушылар суретті құрап топтын атын шығарады.Бұл сабақта топтын атын шығарудағы суреттер қару жарақтарды алдым себебі сабақ тақырыбы ұлт-азаттық қозғалыс болғандықтан сол соғыста қолданылатын қару жарақтарды алдым.Яғни сабақпен байланысы болды. Үй тапсырмасын тексерген "жасырын сұрақтар " әдісін қолдандым. Ол сұрақтарды парта астына жасырдым.Жаңа сабаққа көшуде бейнекөрсетілім көрсете отырып топтық,жұптық тапсырмаларды бердім. Соның ішінде "Эллективті тест " тапсырмасында оқушылар түрлі түсті қағаздарды көтере отырып нақты жауапты көрсете білді. Жалпы сабақта бұл әдіс тәсілдерді қолдануда оқушылардың саббаққа деген қызығушылын оята аласыңдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ № 28              Мерзімі

  15.12.2017 жыл

   Пән мұғалімі: А.Б.Джиембаева

Сынып

8 а сынып

Пәні

Қазақстан тарихы

Тақырыбы:

§ 25-26 1837 -1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Мақсаты:

Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу. Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу


Міндеттері:

1. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік  пікірін қалыптастыруға  дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру

 2. Ойлау қабілеттерін тереңдету, шығармашылық ізденістерге,ой қорыта білу белсенділік танытуға дағдыландыру;

3. Оқушы бойында өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

- Топтық жұмыс,жұптық жұмыс арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын аша біледі. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, өмірде қолданады

Жеті модульдің қамтылуы

 “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Сабақтың типі:

Білімді жүйелеу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс және СТО , мозайка әдіс ,практикалық жұмыс ,бейне көрсетілім, «элективті тест »

 Қолданылатын ресурстар:

Плакат А1 форматты қағаз, стикер, маркерлер, деректер, карта

Пән аралық байланыс

Әдебиет, география

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық

 

 

 


Оқушылармен амандасады. Оқушылардың көңіл-күйімен танысады.

«Мозайка әдісі» суреттерді құрастыру арқылы сынып топтың атын табу.

1. «Найза»
2. «
Қылыш»
3. «
Садақ»
4. «
Сауыт»


Оқушылар амандасады.Сапқа тұрып нөмер бойынша бөлінед.Суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлініп,топтың атын табады.

 

  Білу 

 «Диалог» 

  «Миға шабуыл»

«Көрсетілім»

 

 

 

 

 

 

«Жасырын сұрақ»:

1. Жоламан Тіленшіұлы қай жылдар аралығында көтерілісті басқарған?

Жауабы: (1822-1825 жылдар).

2. Жоламан Тіленшіұлы қай руының батыры әрі биі?

Жауабы: Табын.

3. 1825 жылдың көктемінде Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалыстары Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы-сұлтаны кім болды

Жауабы: Саржан Қасымұлы?

4. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс немен аяқталды? Жауабы: Жеңіліспен аяқталды.

5.Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс неге жеңіліспен аяқталды?

Жауабы: Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады .

6.Жаңаелек шебі қашан құрылды? Ж:1810ж

7.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?Ж:600 десятина

8.Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады? Ж:Көкшетау округі,аға сұлтан


«Болжау»: Бейне көрсетілімі

Ой шақыру: «Шоқтығы биік көтеріліс деп атауға болама?» 


Өткен тақырыптар бойына сұрақтарға жауап береді, А,В,С-деңгейдегі оқушылар өз білімдерін көрсетеді

 

 

 

 

Мұқият тыңдалым. Ой түю.

  Түсіну

«Ойлан, жұптас, бірлес»

Топтық, жұптық жұмыс

 

Топтарға тапсырма беріледі.

1-топ «Найза»: Көтерілістің басталу себебі ,мақсаты ,қозғаушы күштері,көтерілістің басталуы.                              
2-топ
«Қылыш»: Патшаның үкіметінің жазалау әрекеттері,елшіліктердің хан ордасына келуі.                 
3-топ
«Садақ»: К.Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі ұлы жүз аумағына қарай шегінуі , Қырғызстан аумағындағы қимылдары.
4-топ
«Сауыт»: Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары , тарихи маңызы маңызы. 

Берілген мәтін бойынша тақырыпты талқылау, түсіну

Оқушылар берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады. Бірін-бірі оқытады, түсіндіреді.

Қолдану: 

«Тыңдап отырған үштік» әдісі

Берілген тапсырма бойынша кесінді картамен жұмыс

1-топ «Найза»: Орынбор ,Сібір,Петропавл

2-топ «Қылыш»:Көкшетау ,Ақмола

3-топ «Садақ»:Ташкент,Созақ,Жаңақорған ,Жүлек,Ақмешіт

4-топ «Сауыт»: Қоқан ,Хиуа хандығы

Оқушылар берілген тапсырма бойынша кесінді картаға аумағын белгілеп оны тақтадағы картадан көрсетеді.

 

Талдау:  


«Элективті тест»

1.Кенесары хандық билікті нешінші жылы қолға алды?

А)1841ж В)1846ж С)1850ж Д)1851ж

2.Кенесарының әскерінің саны қанша?

А)10000 В) 20000 С)30000 Д)50000

3.Кенесарының көтерілісі қай аймақты қамтыды?

А)Солтүстік В)Шығыс С)Орталық пен Оңтүстік Д)Бүкіл Қазақстан

4.Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен кім?

А)Атасы Абылай В)Ағасы Саржан С)Әкесі Қасым Д)Інісі Наурызбай

5.Кенесарының ағасы Саржан қай ханның бұйрығымен өлтірілді?

А)Бұқар әмірі В)Ноғай ханы С)Хиуа ханы Д)Қоқан ханы

6.1845ж Кенесары Сарыарқадан қайда бет алды?

А)Ұлы жүзге В)Кіші жүзге С)Орта жүзге Д)Орта Азияға

7.1847 ж қай жердегі шайқаста Кенесары қаза тапты?

А)Ордабасы В)Ақбұлақ С)Жасқұста Д) Майтөбе


Тұлғаны таны

1. 1832ж Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Мәскеуді өртеп жіберді.

Оның мақсаты елінің билігін нығайтып,қарсыластарының алдында күштілігін дәлелдеу.Арада 500 жылдай уақыт өткеннен кейін тағы бір қала Мәскеудің күйін кешті.


Сұрақ:Өртенген қай қала ? Оны өртеген адамның мақсаты қандай?

Жауабы :Ақмола бекінісі.1838 ж 26 мамырда К.Қасымұлы патшаның отарлау саясатына қарсылығын осылай бастады.

1.Абылай ханның ұрпағы , тарих ғылымының докторы. «XIX ғ. 20-40 ж.Қазақстан» -деген еңбегінде К.Қасымұлы бастаған көтерілісті ашып жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған кім?

Жауабы: Ермұхан Бекмаханов

Оқушылар берілген тесттен түрлі-түсті қағазды көтеріп нақты жауабын белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сергіту сәті:

«Оркестр» жаттығуы.Мен –дирижер,тыңдаушылар оркестр.Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды.жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды.

 

Жинақтау:


Кенесары ---Ол кім ?------Несімен аты қалды?----не істеді?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

 

 Бағалау:

Бағалау парақшасы топ басшысы әр тапсырма сайын ұпай қойып бағалайды.

Топ басшысы бағалайды

Рефлексия:

«Хат қалта »


1. Түсіндім

2. Сұрақтарым бар

3. Түсінбедім

Кері әсер парағын толтырады

 Үйге тапсырма:

§ 25-26 оқу Кенесарының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқу.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2018
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11