Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.

Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау.

Мақсаты: Балаларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санату. Геометриялық пішіндердің атауларын атап,түстерін ажырата білуге дағдыландыру.Санамақ тақпақ, ойын арқылы баланың тілін есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Интериативті тақта,дидактикалық материал,суреттер.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Амансың ба,Алтын күн!

Амансың ба,Жер ана!

Амансың ба,достарым!

Сендерді көрсем қуанам!



Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденісушілік

Әңгімелесу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?




-Қыс айларын атаңдаршы?

-Қыс мезгілінде күн қандай болады?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады?





1-ден 5-ке дейінгі сандарды пысықтау.

-Балалар,біздер бүгін математикадан

«Сандар әлеміне» тоқталамыз.

-Мына суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?





-Дара мен Ботиді біздер «Балапан» бағдарламасынан көріп жүрміз.Дара мен Боти үнемі саяхаттап жүреді. Үнемі бір кедергілерге тап болады.Олар бүгін досының үйіне бара жатыр.Олар жолға шықты. Жолда кедергілер пайда болды.Сол кедергіден өту үшін Дара мен Боти сендерден көмек сұрайды.

-Оларға көмектесеміз бе?

1-тапсырма. Олар міне,үлкен жолға тап болды. Осы жолдан өту үшін жоқ сандарды атап айтуымыз керек.



1........3.......5




Дидактикалық ойын: «Адасқан сандар»



2-тапсырма. Дара мен Боти сендердің көмектеріңнің арқасында жолдан өтіп, орманға келді. Олар қалың орманнан өту үшін,тағы бір тапсырманы орындауымыз керек. Ол үшін оларға мына есепті шығаруға көмектесейік.

-Бұтақтың басында неше торғай отыр?


-Олардың қасына нешеуі ұшып келді?

-Барлығы қанша торғай болды?


-Неше торғай ұшып кетті?


-Қанша торғай қалды?


Сергіту сәті:

Ал қанекей тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір,екі,үш,

Бір,екі,үш.

Бір отырып,бір тұрып

Бір сергіп алайық.


3-тапсырма

-Дара мен Боти орманнан өтті. Енді олардың алдарынан көпір шықты.Олар көпірден өту үшін тағы бір тапсырманы орындауыға көмектесейік.

-Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Қане атап жіберейік.




4-тапсырма

-Көпірден де өтті,енді олар досының үйіне жақындады,бірақ онда бару үшін үлкен қақпаны ашу керек.Ол қақпа ашылу үшін 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауымыз керек. Балалар 1-ден

5-ке дейін тура және кері санаймыз.


1 2 3 4 5



Санамақ

Бір дегенім- бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Тауым,жерім,көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім- бақыт,

Бағалайтын уақыт.


-Дара мен Боти досының үйіне сендердің көмектеріңмен жетті. Сендерге рахмет.




Математикалық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.




-Қыс.

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қар жауады,аяз қысып,бо-ран соғады.




-Дара мен Ботиді.









-Иә.



-1 мен 3-тің ортасында 2,

3 пен 5-тің ортасында 4саны тұрады.


Балалар ойынға белсене қатысады.








-Бұтақтың басында 3 торғай.

Олардың қасына 2 торғай ұшып келді. Барлығы 5 торғай болды.

-5 торғай болып еді,оның

1-еуі ұшып кетті.

-4-еуі қалды.



Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











-Үшбұрыш,шаршы,тіктөрт-бұрыш,шеңбер.







-1,2,3,4.5.

-5,4,3,2,1.



-Балалар санамақты жатқа айтады.
















Рефлексиялық- түзетушілік

«Геометриялық пішіндердің түстерін ажырат» дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: Әрбір бала өзіне көрсетілген геометриялық пішіндердің түстерін айтуы керек.



«Біз не білдік?»

-Ойын сендерге ұнады ма?

-Нешеге дейін санап білеміз?

-Геометриялық пішіндер қалай аталады?

-Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

Сауболыңыздар қонақтар!

«Қуанышты хабарлама» тарату.


Ойынды қызығушылықпен ойнайды.






Балалар сұрақтарға толық жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атауды біледі.

Игереді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері санауды,сұрақтарға дұрыс жауап беруді игереді.

Меңгереді: Сурет бойынша есептеуді игереді.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12