400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 1 мамыр- Бірлік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып, ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты

Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Қонақжайлылық әдебін көрсету

Көрнекіліктер

« Бірлігі жарасқан – Қазақтан » презентация, қима-қағаздар, шар, мерекелік дастархан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қонақтар! Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше, 1 «Ә» сынып оқушыларының бүгінгі бірлік күніне арнаған мерекелік қойылым-концертін бастауға рұқсат етіңіздер!




Сабақтың ортасы















Би: « Гүлдер»

Үстел басында Мерей және Абдулазим. Абдулазим самаурынды көтеріп үстелге қояды. Мерей:

  • Шал-ау, қонаққа барлық адамдарды шақырып қойдың, ал дастарханға қоятын нан мен бір самаурын шәйден басқа ештеңе жоқ. Масқара болатын болдық-ау, - дейді.

  • Ештеңе етпейді. «Қонақ келсе – құт келер» деген. Әр қонақтың өз несібесі бар. Бастысы бас қосу, араласу емес пе? – дейді.

Мерей: - Массаған, қонақтың алды келіп жатыр.

Абзал және Нұржігіт келеді. Қолдарында жеміс-жидектері бар.

Абдулазим: - Бұлар менің Америкадағы достарым ғой. Қош келдіңдер.

Нұржігіт: Hello, my friend. Жағдайың қалай?

Абзал: Мынау біздің сіздерге алып келген сыйлығымыз. Сонау Американың бақшасында өскен алмалар.

Мерей алып, дастарханға қояды. Нұржігіт:

  • Дастарханға отырмай тұрып, өнерімізді көрсетіп жіберейік.

Нұржігіт:
Twinkle, twinkle little star

How I wonder what you are

Up above the world so high

Like a diamond in the sky

Абдулазим

Friends at school

Are big and small

Friends at school

Are best of all

Абзал

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

Мерей: Әнекей, менің сыныптастарым келе жатыр. Привет!

Халиса: Привет, подружка.

Мадина: Как дела?

Асель: Біз дастарханға деп Ресейден конфеттер алып келдік.

Мерей: Рахмет. Мен оларды дастарханға қояйын. Ал, сендер қонақтар жиналғанша өнерлеріңді көрсетіп жіберіңдер.

Ерсұлтан: Хорошо.

Халиса:

Все народы на земле

Пусть живут в добре, тепле!

Будут дружными всегда

Не воюют никогда!

Сезім:

За единство всех народов,

За всеобщую свободу,

За любовь и понимание

За душевное внимение

Ерсұлтан:

Солнечный май,

Радостный май

Песенку слушай

Привет принимай

Асель:

Люди, слушайте сюда

И сейчас скажу вам я

С праздником, народ любимый

Мощный и непобедимый

Мадина:

Первый день, месяц май

Подымайся и вставай

И не майся, просыпайся

С песней солнышко встречай

Ән: «Ақ құсым»

Сыныпқа Нұржан, Дархан, Ернұр кіреді.

Абдулазим: О, көршілер, қош келдіңіздер. Төрлетіңіздер.

Ернұр: Сәлем. Мерекелеріңізбен. Мынау сіздерге.

Абдулазим алып, дастарханға қояды.

Дастархандағылар: Ал, мерекелік шашу шашыңыздар.

Ернұр:

Болсын жер мен су ортақ

Болсын біздің ту ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

Нұржан:

Достық – шырағымыз

Достық – ұранымыз

Достық туымыз

Достық әніміз.

Дархан:

Сары, ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір Отанда тұрамыз

Бір мектепке барамыз

Мерей: Менің апаларым неге кешігіп жатыр екен?

Назым: Келдік-келдік.

Сандуғаш: Сәлеметсіздер ме?

Назым: Біз тамақ алып келдік.

Айару: Ал, біз – нан.

Тамақтарды алып, дастарханға қояды.

Сандуғаш:

Бұзылмасын сәніміз

Барлық ұлттар бірлесіп

Қазақстан жерінде

Жасасын той мереке

Айжан:

Ортақ жұтар ауамыз

Ортақ жарық күніміз

Достық туған анамыз

Жердің қызы, ұлымыз

Айару:

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

Зера:

Қырғыз, қазақ, өзбектер

Монғол, ұйғыр, дүнгендер

Армян, тәжік, грузин

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр

Назым:

Мамырдың бірі

Достық күні

Ән салып, билеген

Халықтың үні

Би: Үнді биі





















Сабақтың соңы


Абдулазим: - Көрдің бе? Дастарханға қоятын ештеңе жоқ деп едің. Әр қонақтың өз несібесі бар дедім ғой. Қарашы, дастархан жайнап тұр.

Мерей:

- Иа, дұрыс айтыпсың.

Алтай, Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр


Музыка: «Бір үйдің баласындай»

Мұғалім: Осымен біздің мерекелік қойылым-концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Мерекеден мерекеге жете берейік. Татулығымыз мен ауызбіршілігіміз мәңгілік болсын!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі