Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жазылған ашық сабақ мұғалімдер үшін таптырмас материал.1 сыныптың дүниетану пәніне арналған Менің отбасым тақырыбында жазылған.Сабақ жақсы оқушылар қызығып қатысатындай қызықты тапсырмалар берілген.Отбасы мүшелерін орысша,ағылшынша,қазақша қалай атау керектігін меңгереді.Сөйлеу қорлары дамиды.Ойлау қабілеттері артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:


Сынып:1


Мектеп: «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ


Мұғалімнің аты-жөні:Ерболова Асель Ерболовна


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары( оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттей отырып «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Отбасындағы мүшелерге кімдер жататындығын айту.


Көптеген оқушылар:Бір біріне жылы сөздер арнау арқылы,отбасына деген сүйіспеншіліктерін білдіру.


Кейбір оқушылар:Халықаралық отбасы күнін білу,Қазақстанда мерекелейтін отбасы күнін анықтау.


Бағалау критерийлері



Түрлі дереккөздерді зерттейді.

«Отбасы» ұғымын түсінеді.


Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарды,лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз.

Оқушылар «отбасы», «шежіре», «отбасылық дәстүрлер» ұғымымен байланысты сөздер арқылы сөздік қорларын ұлғайтады.

Пәнге тән лексика мен терминология.

Отбасы - ең жақын адамдардың бірге өмір сүруі.

Шежіре - ата-бабадан саған дейінгі ұрпақ жалғастығы.

Отбасылық дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүр,тәртіп,өзін-өзі ұстау ережелері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1. Отбасы дегеніміз не?

2. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

3. Шежіре дегеніміз не?

4. Отбасылық дәстүрлерге нелер жатады?


Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпы ұлттық сезімі мен ұлттық сана сезімді қалыптастыру.


Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу,музыка


АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,салт-дәстүрлер туралы бейнебаян.


Бастапқы білім




Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында иә,жоқ әдісі арқылы пысықтау сұрақтарын беремін.

Отбасы мүшелерін білесің ба?

Отбасы мүшелеріне сыныпты жатқызуға бола ма?

Отбасыңды жақсы көресің ба?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы
















-Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл күй тіліеп алу үшін шаттық шеңберіне тұра қалайық.

Шаттық шеңбері:

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасы мыналар;

Ең жақын адамдар.

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көреміз,

Еркелейміз ереміз.


-Жақсы балалар,енді топқа бөліне қояйық.Столдың үстінде суреттер жатыр,таңдаған суреттерімізді алып топқа бөлініп отыра қаламыз.

Топқа бөлу:тау,бұлақ,құрақ суреттері бойынша топқа бөлемін.

І топ – тау

ІІ топ – бұлақ

ІІІ топ – құрақ


-Балалар біз неге тау,бұлақ,құрақ сөздері арқылы топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?

- Осы сөздер туралы қандай мақалдар білеміз?

Әке – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ – деген отбасы мүшелеріне байланысты мақал бар екен.Сол себепті осындай атаулармен топқа бөлініп алдық.
















Суреттер







Сабақтың ортасы






















































































Сергіту сәті








І тапсырма: (Ұ) Тыныштық сәт әдісі.

Баяу музыка ойнап тұрады.

Балалар бір сәтке көздеріңді жұмып,көз алдарыңа туған үйлеріңді,отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші.Туған үйіміз сондай ыстық.Отбасы мүшелері қандай сүйкімді,көңіл күйіміз өте жақсы!Енді көздеріңді жаймен ашыңдар.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.

Дескриптор: - Отбасы мүшелерін елестетеді.

  • Елестету арқылы әңгіме құрады.

Бағалау: Ауызша (өте жақсы,жақсы,жаман емес)

І тапсырма: (Т) «Менің отбасым» ойыны

Ойын шарты:Балалар шеңберге тұрады.Допты бір-біріне лақтырып,отбасы туралы жақсы сөздер айтады.

Менің отбасым .... (тату)

Менің отбасым .... (көңілді)

Дескриптор: - Отбасына деген сүйіспеншіліктерін білдіреді.

  • Отбасына жылы сөздер арнайды.

Бағалау:Шапалақ әдісі арқылы.


ІІ тапсырма: (Т) Ойлан тап әдісі.

«Бұл қай салт-дәстүр?»

Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрлерінің суреттері көрсетіледі.Балалар қай салт-дәстүрлер екенін табады.

Тұсау кесер


Бесікке салу


Садақ ату


Алтыбақан тебу


Қыз қуу

Дескриптор: - Салт-дәстүрлерді еске түсіреді.

  • Суреттер арқылы салт-дәстүрлерді есте сақтайды.

Бағалау:Бас бармақ әдісі арқылы.


ІІІ тапсырма: (Т) Болжау әдісі арқылы.

«Отбасы күні» туралы видео ролик көрсетемін.Видео көрсету арқылы оқушыларға ой тастаймын.

Видеодан не көрдіңдер?

Бұл қандай мереке деп ойлайсыңдар?

Дескриптор: - Қандай мереке екенін біледі?

Бағалау: «бағдаршам» әдісі арқылы.


«Тілек шамы».

Отбасы ұшқан ұя, жылылықтың,жылулықтың мекені.Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ от деген сөздің үлкен маңызы,мәні бар екенін сеземіз.Сондықтан да да оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін мына бір «тілек шамын» бір-бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.


www.you tube

«Бармақтар отбасы» әуені.

















Доп










АКТ

www.Google.

«Салт дәстүрім таусылмайтын байлығым»










































АКТ

www.You tube

«Отбасы күні»




Бағдаршам




Май шам


Сабақтың соңы





Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз ұнады ма?Ұнаса назарымызды тақтаға аударайық.Қазір мен сендерге сұрақтар оқимын.Берілген сұрақтарға жауап бере отырып «Отбасы эмблемасын» құрастырамыз.Столда жатқан суреттерді сұрақтардың жауабына қарай тақтаға ілеміз.

1. Ең жақын адамдардың бірге өмір сүруін не дейміз? (Отбасы)

2. Әкеңнін әкесі кім? (Ата)

3. Ертегілерін айтып,тойға барғанда қант-кәмпиттерін тығып қоятын ерекше адам? (Әже)

4. Асқар тау деп кімді айтамыз? (Әке)

5. Отбасына шуақ шашатын,мейірімді жан (Ана)

6. Саған қамқоршы,анаңа көмекші кім? (Апай)

7. Бұзық балалардан қорғайтын,саған қамқоршы кім? (Аға)


Дескриптор: - Сұрақтарға жауап береді.

- Отбасы мүшелерін анықтайды.

- Отбасы эмблемасын құрастырады.


Бағалау: Отбасы эмблемасын тарату арқылы.

Суреттер


Picture 31






Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А деңгейдегі оқушыға.

І. Отбасыңда Наурыз мерекесін қалай өткізеді?Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар? екенін айтады.

В деңгейдегі оқушыға.

ІІ. «Жалғасын тап» ойыны.

Бұл ойында мақалдың басы айтылады,балалар аяқтайды.

1. Ата- бәйтерек, .... (бала жапырақ)

2. Балалы үй базар, .... (баласыз үй қу мазар)

3. Ата көрген .... (оқ жонар),

Ана көрген .... (тон пішер)

С деңгейдегі оқушыға.

ІІІ. Туыстарына арнап ашық хат жасайды.



Ауызша , Жақсы,тамаша,өте жақсы


Бас бармақ ,



Шапалақ.



Бағдаршам ,



Picture 31 Отбасы эмблемасы арқылы бағалау








Сабақ бойынша рефлексия













Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?




1:



2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?)


1:



2:




Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12