жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 1 сыныптарға математика пәнінен
|
Пән: математика І тоқсан Уақыт: 35 мин |
|||
|
Күні: Қатысқандар саны: |
|||
|
Сынып: 1 Қатыспағандар саны: |
|||
|
Өткізетін мұғалім |
Смекенова Гулбану Турсынбековна Өскемен қаласы № 27мектеп |
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Реттік санау |
||
|
Оқу мақсаты: |
1.1.1.1 10 көлемінде сандарды тура және кері санау. Олардың натурал сандар қатарындағы реттік орнын анықтау. |
||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: |
||
|
|||
|
Көптеген оқушылар: |
|||
|
|||
|
Кейбір оқушылар: |
|||
|
Реттік және сандық санауды ажыратып дәлелдейді Қорытынды жасай алады.
|
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Тілдік мақсаттар |
Заттарды орналасу ретіне қарай реттік сандарды қолданып санай біледі. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Реттік санау. нешінші? «Алты шаршы» пен « алтыншы шаршы» сөз тіркестерінің айырмашылығы Талқылауға арналған сұрақтар: - Заттың реттік нөмерін қалай анықтауға болады? - Сандық санау мен реттік санаудың айырмашылығы неде?
|
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, жауапкершілік танытуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. |
||
|
Пән аралық байланыстар |
Сауат ашу (диологқа түсу) , бейнелеу өнері (зымырандарды бояу), дүниетану (аңдарды атау). |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ қолданудың бастапқы дағдылары қалыптасады Берілген тапсырмаларды орындау барысында таныстырылымды қолданады; |
||
|
Бастапқы білім |
1-ден 10-ға дейін сандармен заттарды санауды біледі. Заттарды ретімен санауды біледі. |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 7 мин Сабақтың ортасы 15 минут Сабақтың соңы Бағалау 10мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық ахуал Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай (МК) Топқа бөлу. Оқушылар 1,2,3,4 деп санап, 4 топқа бөлінеді. Топтық ережені сақтай отырып сабағымызды бастайық. Кіріспе: ТЖ.Тапсырма: «Шашылған заттар» Әр топқа ортаға заттар қойылады. І топ: Үшбұрыштар ІІтоп: Түрлі түсті пирамида ІІІтоп: Көпбұрыштар IV топ: Түрлі түсті кубиктар Фигураларды ретімен қою арқылы одан қандай ақпарат аламыз? - Әр топта қанша заттан бар? - Оны қайдан білдіңдер? (Әр топ өз затын санап шығады) -Тағы да қалай санауға болады? (Кері санауға болатынын айтады) Жабық және ашық сұрақтар: - Бірінші не тұр? - Пирамидадан кейін қандай фигура тұр? - Қызыл үшбұрыш нешінші тұр? -Соңынан санағанда көк үшбұрыш нешінші тұр? -Сол жақтан санағанда жасыл пирамида нешінші тұр? - Самал , көк шаршы нешінші тұр? - Қалай білдің? - Төртінші тұрған мен бесінші тұрған зат туралы не айта аласыңдар? - Үшбұрыш пен көпбұрыштың арасында қандай фигура тұр? - Ол фигураның реттік номерін ата. - Заттың реттік нөмерін қалай анықтауға болады? -«Алты шаршы» мен «алтыншы шаршы» сөз тіркестерінің айырмашылығы қандай деп ойлайсың? (Әр топ өз заттары бойынша сөйлейді) -Не байқадыңдар? (Орналасу ретімен санап, нешінші тұрғанын білді)
Дескриптор:
Бекіту. (ЖЖ) Жұптық жұмыс: « Менің мекен жайым» -Оқушылардан өз үйлерінің мекен жайы сұралады. Бір –біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызу. Реттік санаудың қолданғанына көз жеткізу. (ОЖ) Оқулықпен жұмыс: «Кім қайда тұрады » Тапсырма: Суретке мұқият қара. Сұрақ құрап, жұбыңыздан сұраққа дұрыс жауап беруін талап етіңіз.
Дескриптор:
Сергіту сәті: «Көңілді санамақ» сергіту жаттығуы. (ӨЖ) «Аңдармен бірге саяхат» Әр билеттің арнайы коды бар. Ары қарай не болады деп ойлайсыздар? Билеттегі кодты қалай шештіңдер? Аңдар суретінің артында өрнек жасырынған, өрнек мәнін таба отырып вагондарға реттік саны бойынша орналастыру керек. 3+4 5+1 10-5 9-5 6+3 4+4 7-5 10-9 6+4 8+1 7-4 8-5 9-8 3+1 Мұны неге осылай істеу керек деп шештің? Оқушылар өрнектің мәндерін табады және сол санға сәйкес вагонға аңдарды орналастырады. Қатарындағы көршілес тұрған вагондар номерін анықтайды. Сандық санау мен реттік санаудың қандай айырмашылығы бар? Қандай қорытындыға келдік? Дескриптор:
(ДЖ) Дәптермен жұмыс (Ө) «Орындап көр». Берілген тапсырма заттарды санау кезінде сандық санау мен реттік санаудың айырмашылығын ажыратуды жаттықтыруға бағытталған. Оқушылар өз беттерінше қанша затты бір қарындашпен бояу керектігін және нешінші затты басқа қарындашпен қоршап сызу керектігін анықтауы тиіс. Тапсырма: Суретті санына қарай бояп, реті бойынша қоршаңдар.
Дескриптор:
Оқушылар жұбымен дәптер алмасады. Тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен жұбының жұмысын салыстара отырып тексереді. Өз жұмысын қайта алып өзін –өзі бағдаршам арқылы бағалайды. |
Белсенді тақта
Оқулық
https://ru-clip.com/video/.
Поезд макеті, аңдар суреті бар билеттер Оқушыға арналған жұмыс дәптер
|
|
|
Рефлексия 3 мин |
Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Сонымен сандар кестесіне қарап қандай қорытынды жасай аламыз? Неліктен 3 санынан кейін міндетті түрде 4саны келеді? Бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейің қандай сатыда деп ойлайсың?
|
Стикерлер |
|
|
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары АКТ байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі) |
|
Білім, білік дағдыларын саралау мақсатында жеке, топтық жұмыстарын ұсынылады. Тапсырма тәсілін пайдалану арқылы күрделілігіне қарай ілгерлеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаландым.Дереккөздер тәсілінде кейбір оқушылар «алты», «алтыншы» деген күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Қарқын тәсілін пайдалану арқылы негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға жекелей түсінік беріледі. Қорытынды, диалог және қолдау көрсету тәсілінде барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып , өздерінен не күтетінімізді түсінгендеріне көз жеткіземін деп ойлаймын.«Менің мекен жайым», «Аңдармен бірге саяхат» тапсырмалары арқылы алған математикалық білімді өмірде пайдаланудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларды ойланту , нақты жауаптар алу үшін бір біріне сұрақтар қояды.Бұл әдістерді қолдану барысында қолдау көрсету,ынталандыру мақсатында шапалақ және бағдаршам бағалау әдісін қолданамын.Әр тапсырманы орындаған сайын оқушыларды үнемі бағалап, қолдау көрсетіп отырамын. |
Жеке, топтық жұмыстар нәтижесінде төмендегідей формативті бағалау нәтижесі жүзеге асырылады. «Бағдаршам», «Үш шапалақ», «Бас бармақ» « Табыс сатысы ».
|
Сергіту сәтін жүргізу арқылы оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға баулимын. Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, жауапкершілік танытуға, еңбекқорлыққа үйретемін. |
|
Рефлексия Сабақ мақсаты орындалды ма? Бүгін балалар нені үйренді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге? |
|
|
|
|
||
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген