Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ 1сынып Өсімдіктер-тірі ағзалар Демалыс үшін не қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Жаратылыстану

Мектеп: №46 орта мектеп

Ортақ тақырып: Мен және менің отбасым

Мұғалімнің аты: Сейсембаева Р.Е.

Күні:


Сынып:1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Демалыс үшін не қажет?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.3.3. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

-Адамның өсуі мен дамуы үшін демалыстың маңыздылығын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- Демалыс күндерін тиімді өткізудің жолдарына мысал келтіріп, түсіндіреді

Кейбір оқушылар орындай алады:

- Өзінің күн тәртібін құрастырады, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

- Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды

- Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады. Мағынасын түсінеді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Ұйқы-сон-sleep. демалу-отдыхать- a rest, каникул-каникулы-holiday. күн тәртібі-режим дня-daily routine

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Адам қай кезде демалуы керек?

- Сен қалай демаласың?

- Демалыс күндерін қалай өткізесің?

- Үй тапсырмасын орындап болған соң, қалай демалуға болады?

- Күн тәртібі дегеніміз не ?

- Ол не үшін қажет?

-Ұйқың қанбаса өзіңді қалай сезінесің?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстануға, отбасындағы ынтымақтастық, еңбексүйгіштік құндылықтарды бала бойына сіңіру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану-отбасылық демалыс

Көркем еңбек-суреттерді салу, бояу

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz. сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру

Бастапқы білім

Демалыс сөзінің мағынасын түсінеді, демалыс түрлерін атайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар

Басы

Сыныппен сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Қуанамын менде, қуанасың сенде

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!


«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.

Сурет қиындыларын құрастырып сурет не туралы екенін айтады.



1 топ – Табиғат аясында

2 топ – Саябақта

3 топ – Ойын алаңында


  • Бұл әрекеттер қай кезде орындалады?

(Демалыс уақытында)

Олай болса, бүгінгі сабағымыз не жайында деп ойлайсындар?


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.


  • Бүгінгі сабақта қалай және қай кезде демалу керек екенін білетін боласындар.



Сурет қиындылары, плакат, желім.














Ортасы

  1. «Жедел сұрақ» әдісі Ұ

  • Қай уақытта адам демалу керек? (Көп жұмыс істегенде, шаршағанда) .

  • Демалыс не үшін керек? (Күш жинау үшін).

  • Адам қалай демалады? (Серуендеп, ойын – сауық орталықтарында т.б.).


  1. «Рөлдік ойын» әдісі Т.

- Сендер мектептен келдіңдер. Үй жұмысын қалай және қашан орындайсыңдар? (жауабын кішкене қойылым ретінде көрсету)

1 топ. Үй шаруасын орындау.

- Балалар не істеп жатыр? Үй шаруасын істеуді (ыдыс-жуу, еден сыпыру) Сабақтан демалу деп есептеуге бола ма ? (Иә, болады. Себебі ол ой жұмысы емес, физикалық жұмыс)

2 топ. Компьютермен ойын ойнау.

- Компьютер алдында отырып, мектеп тапсырмасынан тынығуға бола ма ? (Жоқ, себебі көзге жүктеме түседі)


3 топ. Ұйқыдағы бала.

- Ұйқы маңызды ма ? Оны демалу деп есептеуге бола ма ? Неге? (Иә, ұйқы кезінде адам ағзасы тынығады және күш қуат жинайды)



Есте сақта!

Адам үшін демалу өте маңызды. Аулада ойнау, кітап оқу, тіпті үйдегі жұмыстарды істеу де демалуға жатады.


Дескриптор:

  • Демалу түрін ажыратады.

  • Іс-әрекетпен көрсетеді

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Кері байланыс: серпілген доп

ҚБ: бас бармақ


3 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Т


Суреттерді сипатта.

Сурет бойынша адамның өсуі мен дамуына әсер ететін қажеттіліктер туралы

әңгімеле.





Дескриптор :

- адамның өсуі мен дамуы үшін керекті қажеттіліктерді атайды;

- адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралы әңгімелейді.

Кері байланыс: серпілген доп

ҚБ: смайлик


Сергіту сәті

Ойын «Жеуге болады, болмайды»

Шарты: оқушылар қатарға тұрады, ойынды жүргізуші оларға кезекпен доп лақтырып, заттың атын айтады. Егер аталған зат жеуге болатын болса, допты қағып алу керек. Егер жеуге болмайтын болса, кері қағу керек. Қателескен бала ойыннан шығады.


4.Зерттейік

«Детальдарды қосу» әдісі Т


-Күн тәртібі дегеніміз не? Ол не үшін қажет? (Күн тәртібі – бұл тәулік бойындағы еңбектену, тынығу және тамақтану уақыты белгіленген кесте)


Топқа күн тәртібінің негізгі суреттері бар суреттерді немесе жазуы ауысып кеткен белгілерді тарату. Оларды оқушылар сәйкес тәртіпте орналастырады.


Дескриптор:

- Күн тәртібі сөзінің мағынасын түсінеді.

- Күн тәртібін құрастырады.

- Күн тәртібі туралы өз ойын білдіреді.


Кері байланыс: серпілген доп

ҚБ: бағдаршам


Сен білесің бе?

-Балалар, сендер ұйқы кезінде түс көресіңдер ме? Кім көрген түсін есінде сақтайды?

Әдетте ең қызықты түстер ғана есте қалады .


5. Дәптермен жұмыс. Т


Қандай суреттер жетіспейді? Суретін сал.


1-топ. Сенің күн тәртібің (таңертең , күндіз, кешке ) .

2-топ. Демалыс күндерін қалай өткізесің?(хайуанаттар бағында , отбасында және т.б.)

3-топ. Жазғы демалыс


Дескриптор :

- Бос ұяшықтарға суретте бейнеленбеген іс-әрекеттердің суретін салады.

- Суреттерді бояйды.


Кері байланыс: серпілген доп

ҚБ: смайлик

Доп










Қима қағаз, суреттер






































Суреттер






























доп











Суреттер, қима қағаздар































Жұмыс дәптері














Соңы




Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қаупсіздік техникасының сақталуы

Зерттейік

Детальдарды қосу әдісі

Барлық оқушы:

Күн тәртібі сөзінің мағынасын түсінеді, адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды.


Көпшілігі:

Күн тәртібін құрастырады, мысал келтіреді, дәлелдейді.


Кейбірі:

Адам өміріндегі күн тәртібінің маңыздылығын түсіндіреді, өмірмен байланыс орнатады.

Бас бармақ, смайлик, бағдаршам – оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Орманға барғанда, суға түскенде өмір қауіпсіздігі мен жолда жүру ережесін сақтау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді ?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? ( тапсырмалар сәйкес болды ма? )
Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз . Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да , оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да , оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім , келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12