жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 22 наурыз
Қош келдің, әз
Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының
салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.:
Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы
түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен,
әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан
берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар.
Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз,
арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл
басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып,
тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі
Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны
жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі,
күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін
тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік
думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры
Абсаттар ағайға беріледі.
ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.
2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе
жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала
шығады.
Алдар:
- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:
- Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз
мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Жылан жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз
ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық
тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
- Биыл жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық
шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
- Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
- Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ - береке
әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы
Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ
қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті
тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)
1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 - жүргізуші: Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем
әнге береміз.
Ән:
2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында
тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.
2 - жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»
І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.
ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз
көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның
мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген
ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ
тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ
молайған кез.
ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!
І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!
Мереке құтты болсын!
ектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі
қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі. 1-жүргізуші: Ар ма,
ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер
жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс
халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. 2-
жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты
болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді
жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл
келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң
қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа
жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке,
бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа
жылым!» әні орындалады) 2- жүргізуші: Концерттік бағдарламаны
бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай
тойланатыны туралы сұрайық: 1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге
кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген
сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын
болған. 2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба
аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ
қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды. 3- оқушы: Бұл күні
ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен
пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер
қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны
«Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған. 4- оқушы: Наурыз мейрамы
негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі
бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге
иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан. 5- оқушы:
Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз
көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың
басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Дәл осы кезде
төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек: 2-жүргізуші:
Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ
қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
1-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің, Сыйла, бақыт баршаға. Сәбидің
әсем шат үнін Тыңдат абзал анаға. Наурыз – достық, Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі. Тағы келді ұлыс күн. Жалғасып ғалам тірлігі.
(Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.
2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың
салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше
тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео
көрсетіледі): «Қамажай» биі биленеді. 1-жүргізуші: Құрметті,
оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын
әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан
қазылар тағайындалады). 1. Асық ойынынан жарыс 2. Арқан тартыстан
жарыс 3. Қол күрестен жарыс 4. Наурыз көже ішуден жарыс. Қазылар
жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ
жігіттері" әні орындалады. 2-жүргізуші: Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың. Жетелеп жұмсақ самалын, Келді Наурыз – жыл
басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні
Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы! Кезекті қазақша күйге берейік.
Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады. 1-жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа,
жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір! 2
-жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу -
салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын,
жамағат, ақ тілеуің! (Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз
көже таратылады)
Толығырақ: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17623
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген