Материалдар / Ашық сабақ. 2-сынып. Дүниетану. Мектеп ережелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. 2-сынып. Дүниетану. Мектеп ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздары мен білімгерлерге арналған. Сабақ жоспарында тақырып бойынша сабақтың әр кезеңі мен топтық, жұптық, жеке жұмыс тапсырмалары мен дескрипторы, ойын материалдары және бағалау парағы толық көрсетіліп жазылған .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
78
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы » КММ

Қысқа мерзімді жоспар №10


Пәні

Дүниетану

Бөлім

Менің мектебім

Педагогтың аты-жөні

Садыбаева И.С.

Күні

14.11.2024 жыл

Сынып

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Мектеп ережелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.1.2.3.мектептің ұжымдық, топтық және тұлға аралық мінез құлық ережелерін түсіндіру


Сабақтың мақсаты

Мектеп ережелерін есіне түсіреді;

Басқа балалардың тәртібін өз тәртібімен салыстыруды үйренеді;

Адамның іс-әрекеті айналасындағыларға қалай әсер ететінін біледі;

Бағалау критерийлері

Мектеп ережелерін есіне түсірді;

Басқа балалардың тәртібін өз тәртібімен салыстыруды үйренді;

Адамның іс-әрекеті айналасындағыларға қалай әсер ететінін білді;

Құндылықтар

өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;

заттар мен мүлікті ұқыпты ұстау.

жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу


Сабақтың барысы


Ке

зеңде

рі


Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Баға

лау

Рес

урс

Са

бақ

тың басы

8мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық


Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!




Үй тапсырмасын сұрау

Ойын: Поездан қалып қалма.

Ойын шарты:

Балалар сұраққа дұрыс жауап берсе поезға мініп кетеді, егер қате жауап берсе поездан қалып кетеді.

Сұрақтар:

1. Мектеп қандай орын?

2. Мектеп нені үйретеді?

3. Мектептегі негізгі тұлға кім?

4. Мектепті кім басқарады?

5.Мектеп тазалығын сақтау кімге байланысты?

6.Мектебіміз қалай аталады?

7.Мектепте мұғалімдерден басқа кімдер жұмыс істейді?

8. Мектепке не үшін келеміз?

9. Кітапхана қайда орналасқан?

10.Әлихан Бөкейханов кім?

Балалар сұрақтардың дұрыс жауаптарын табады.

1.Білім беретін орын

2. Өзін дұрыс ұстауды және басқалармен дұрыс қарым қатынас жасауды үйретеді.

3.Мұғалім

4. Директор

5. Өзімізге

6. Әлихан Бөкейханов

7. Мектепте кітапханашы, дәрігер, аспаз, еден жуушы апай жұмыс істейді.

8.Білім алу үшін келеміз.

9. Бірінші қабатта.

10.Әлихан Бөкейханов-






ҚБ:

Қол шапа

Лақ

тау

https://www.umaigra.com/auth







Са

бақ

тың орта

сы

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

Мектеп ережелері

Сабақтың мақсаты :

Бүгін сен:

Мектеп ережелерін есіне түсіресің;

Басқа балалардың тәртібін өз тәртібімен салыстыруды үйренесің;

Адамның іс-әрекеті айналасындағыларға қалай әсер ететінін білесің;





Мәтінмен жұмыс

Мәтінді рөлге бөліп оқу



Топтық жұмыс:

Постер құр

1-топ.Сыныпта өзін дұрыс ұстау ережелері

2-топ. Үзілісте өзін дұрыс ұстау ережелері

3-топ.Асханада өзін дұрыс ұстау ережелері.

4-топ. Спортзалда өзін дұрыс ұстау ережелері.

5-топ. Кітапханада өзін дұрыс ұстау ережелері.

6-топ. Мектепке келгендегі ережелер




Дескриптор:

1-ші ережені есіне түсіреді -1балл

2-ші ережені есіне түсіреді -1балл

3-ші ережені есіне түсіреді-1балл


























Суретпен жұмыс

-Суретке қараңдар, оқушылар қандай негізгі ережелерді есте сақтауы керек?

-Партада қалай отыру керек?

-Партада дұрыс отырмаса қандай жағдайға душар болады?


Ойын: «Иә, жоқ»

Ойын шарты:

Мұғалім суреттердегі балалардың істеген әрекетіне байланысты сөйлем айтады.баланың әрекеті мектеп ережесіне сай болса «Иә», сай болмаса «Жоқ» деп жауап беру керек.

Мысалы:

Мұғалім:

-Баспалдақтан секіріп ойнауға болады.

Оқушылар:

-Жоқ.


Сергіту сәті:



Жұптық жұмыс

Жағдаяттарды оқып, кейіпкердің әрекеті басқаларға қалай әсер ететінінін ойлан, қорытынды жаса .


Дескриптор:

1-кейіпкерге кеңес береді-1балл

2-ші кейіпкерге кеңес береді-1балл

3-ші кейіпкерге кеңес береді-1 балл


Балалар сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.


Тірек сөздер:

Тәртіп, жауапкершілік


Осы сөздердің мән- мағынасын түсіндіреді.

-Біз мектепте тәртіп сақтаймыз.

-Өзімізге тиісті міндетімізді дұрыс атқарсақ ол-жауапкершілік болады.


Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.



Топтық жұмыс:

Постер құр

Оқушылар топқа бірігіп мектеп ережелерін еске түсіріп постер құрады.

1-топ.Сыныпта өзін дұрыс ұстау ережелері

Мұғалімді мұқият тыңда.

Қол көтеріп жауап бер, шулама.

Басқа балалардың сабақты тыңдауына кедергі жасама.

2-топ. Үзілісте өзін дұрыс ұстау ережелері

Дәлізде жүгірме, айқайлама.

Балаларды итерме, аяғынан шалма.

Сыныптасыңды мазақтама, кемсітпе.

3-топ.Асханада өзін дұрыс ұстау ережелері.

Асханаға барар жолда сапты бұзба.

Үстел басында әңгіме айтпа, тамағыңды іш.

Босаған ыдысты апаруды ұмытпа.

4-топ. Спортзалда өзін дұрыс ұстау ережелері

Жаттығуды дұрыс орында.

Балалардан озамын деп қатты жүгірме, оларды итерме.

Ойын ережелерін сақта.

5-топ. Кітапханада өзін дұрыс ұстау ережелері.

Кітапханашымен амандасып, өзіңе қажет кітапты сұра.

Қатты сөйлеме, тыныштық сақта.

Алған кітабыңды уақытында қайтарып бер.

6-топ. Мектепке келгендегі ережелер

Сабаққа кешікпей кел.

Мектеп формасын сақта.

Мектепке кіргенде амандасуды ұмытпа.

Суретпен жұмыс

Сұрақтарға жауап береді

-Партада дұрыс отыру ережесін сақтау керек.

-Партада дұрыс отырмаса омыртқа сүйегі қисаяды.





Ойын: «Иә, жоқ»

Ойын шарты бойынша суреттегі баланың істеген әрекеті мектеп ережесіне сай болса «Иә», сай болмаса «Жоқ»

деп жауап береді балалар.

Мектеп ережесін сақтамаса қандай жағдай болатынын айтып қорытынды жасайды.



Балалар қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.


Жұптық жұмыс

Жағдаяттарды оқып, кейіпкерге ақыл-кеңесін айтады.

Адамның жасаған дұрыс емес әрекеті басқалардың көңіл-күйін түсіреді.

1.Сапқа тұрғанда балаларды итерме, ұрма.

2. Нанмен ойнама, тамағыңды іш.

3.Ас ішердің алдында қолыңды жу, тазалық сақта






















ҚБ:

Қол шапалақ

тау























































ҚБ:

Қол шапа

Лақ

тау





















https://www.youtube.com/watch?v=T0Mzk43rHFY






















ережелер












Сурет

Тер












Суреттер











Би-би-биле!/ Жануарлар биі/ Torghai-TV 2023.

Сабақ

тың соңы


Ойын ойнау:

«Мен де...»

Мен мектепке ұқыпты киініп келемін;

Мен мектепке кешікпей

келемін;

Мен балаларды итеріп озуға тырысамын;

Мен сыныпқа кіргенде сәлемдесемін; Мен мектептегі ересек адамдармен ешқашан амандаспаймын;

Мен әрқашан көрсетілген көмекке алғыс айтамын;

Мен басқа оқушының заттарын рұқсатсыз аламын;

Мен әрқашан мұғалімнің сөзін бөлемін:

Мен партамның үстін жинақы ұстаймын;

Мен досыма көмектесемін;

Мен дәлізде қатты жүгіремін.


Тест тапсырмасын орындау

1.Сабақтың басталғанын білдіретін белгі

а) сағаттың даусы

ә) қоңыраудың соғылуы

б) оқушылардың келуі


2. Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушы не істейді?

а) достарымен әңгімелеседі

ә) сыныптан шығып кетеді

б) орнынан тұрады


3. Қандай затты мектепке алып келуге болмайды?

а) қаламдарды

ә) қауіпті заттарды

б) оқулықтарды


4. Дәлізде басқа оқушыны байқамай құлатып қойсаң не істейсің?

а) Дұрыс жүру керек деп ұрсамын.

ә) Жүгіріп кетіп қаламын.

б) Кешірім сұрап, орнынан тұруға көмектесемін.


Дескриптор:

1-ші сұрақтың жауабын табады-1 балл

2-ші сұрақтың жауабын табады-1 балл

3-ші сұрақтың жауабын табады-1 балл

4-ші сұрақтың жауабын табады-1 балл

Қорытындылау

Үйге тапсырма 36-37 бет,оқу


Ойын ойнау:

«Мен де...»


Балалар дұрыс әрекеттерге «Мен де» деп жауап береді, ал дұрыс емес әрекетке жауап бермейді яғни үнсіз отырады.






















Балалар тест тапсырмасын орындайды.



ҚБ

Қол шапалақтау



































Тест тапсырмасы



Рефлексия

1-3 балл-тапсырмаларды орындай алмадым

4-7 балл-тапсырмаларды жартылай орындадым

8-10 балл тапсырмаларды орындап шықтым



Барлық тапсырмалардан алған баллдарын қосып, жалпы балл шығарады. Соған сай өзін жетістік баспалдағына қояды.





Бағалау парағы Білім алушы ____________________________________



Тапсырмалар

балл

1

Мектеп ережелерін еске түсір

(топтық жұмыс-3 балл)


2

(Жағдаятты оқы, кейіпкерге кеңес бер

(жұптық жұмыс-3балл)


3

Тест тапсырмасы

(жеке жұмыс-4 балл)



Барлығы 10 балл





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!