жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. 2 сынып. Сүт қалай ұйықтайды?
|
Сабақтың тақырыбы: Көп ұйықтаған зиян-ау. Оспанхан Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтайды? |
Мұғалімнің аты-жөні: Исаева А.С. Күні: 17.01.2019ж. |
||||||
|
СЫНЫП: 2 А |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы: |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» |
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын. |
|||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. а) Жаңылтпашты жатқа
айту 5. Жоспар құру: 1.Сүт ұйқысы 2. Сүттің құртқа айналғаны 3. Жылаған сүт 4.Көп ұйқы-зиян |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
|
Ортасы 10 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс. Топтастыру: Сүт тағамдары: май, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт. Мақал-мәтелдер: 1.Ақымақ күлкіге тоймайды, Жалқау ұйқыға тоймайды. 2.Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, Жалқау ұйқыдан қирап тұрады. 3.Ұйықтаған ұйқы алады, Ұйықтамаған жылқы алады, Еріншек дүниеден құр қалады. 4.Ұйқышы жастық таңдамайды. Жұмбақ шешу. 1.Сылдыр сұйық су емес, Ішсең шөлің қанады. Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? /Сүт/ 2.Мал төлдеп әр ауыл Пісірдік ақ бауыр.Бұл не? /уыз/ 3. Күбіге құйып піскен не? /Қымыз/ 4. Ұйытып қойып ішкенім не? /айран/ 5. Кілегей шайқап алғаным не? /май/ 6. Сөреге кептіріп жайғаным не? /Құрт/ -Балалар, бұл ертегіде қандай жаман қасиет туралы айтылады? -Ұйқышылдық. -Ол туралы мәтінде қандай нақыл сөз берілген? -Ұйқы- дұшпан. -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Артық ұйқы адамға зиян. Ертегідегі көп ұйықтаған сүт құртқа айналды. Ал өмірде бұл сүттің орнына адамды қойсақ, ол адамды қандай деп айтамыз? / оқушылар өз ойларын айтады./ - Әжеміз быжынаған айранды қалтаға неге құйды деп ойлайсыңдар? - Одан не ақты? - Сары судың пайдасы барма? - Қалтадағы сүзбеден не істейді?. - Көп ұйықтаған неге зиян? Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Блиц-турнир сұрақтары. «Кім жақсы меңгерді?»/ топпен жұмыс/ 1-қатарға: 1.Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген? 2.Сүттің аянышты халін кім байқады? 3.Жұрт « сары су» жайлы не дейді? 4.Ертегінің авторы кім? 2-қатарға: 1.Бір күні сүтке не бопты? 2.Сүт неліктен жылады? 3.Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды? 4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы? 3-қатарға: 1.Ел-жұрт неге қайран қалды? 2.Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады? 3.Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың? 4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жері? |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
« |
|||||
|
Сергіту сәті |
Сергіту сәті |
би билеу |
|||||
|
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс кемесі |
|||||
|
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақытты қалай пайдаландым? |
|
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||
шағым қалдыра аласыз
Ыстық
орындық»



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген