Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Топырақ

Материал туралы қысқаша түсінік
көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры:


...................... Н.Жораев



Тақырыбы: Топырақ
Мақсаты:
Білімділік. Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.
Дамытушылық. Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу.

Сабақтың типі: тәжірибелі, жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, география.
Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап,, венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы.
Сабақта пайдаланған көрнекіліктер: тәжірибе жасауға қажет заттар, физикалық карта, суреттер, слайд

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топтарға бөліп алу.
Оқушылардың қолына суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша топқа бөлінеді.
Туған жер
, Туған тілім, Туған ел
Әр топ өз топтарына байланысты өлең шумақтар оқиды.
Психологиялық дайындық
: Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.
Яғни, мен ақылдымын.
Білімділік деген мен,
Күш деген мен
Табиғатты сүюші мен
Отанды қорғаушы мен
Сауаттылық деген мен
Жастық шақ деген мен
Денсаулық деген мен
Бәрі біздің қолымызда,

Үй тапсырмасын тексеру:
Судың маңызы
Үш топтан үш оқушы шығады.
Мәтінді бөлімдерге бөліп мазмұнын айтады.
1. Суға байланысты жазған шығармасын, мақал - мәтелді, жұмбақтарын оқыту.
2. Судың қасиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке - жеке мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту.
Өткенді пысықтау.
- Қазір балалар, қай жыл мезгілі?
- Қыс айларын атайықшы?
- Қандай еңбек түрлері атқарылады?
Ребус шешу
Ребусты шешу жауап арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады.
Жаңа сабақ. ТОПЫРАҚ
Ой қозғау
Балалар осы топырақ дегеніміз не?

Әрбір оқушының ойын тыңдау
Қортынды шығару.

Мұғалім түсіндіруі:
Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
Кітаппен жұмыс.
Іштей оқу
Топтар бөліп оқиды
Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.
Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.
Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?
- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?
(Қорытындыны тақтаға іліп отыру)
Туған жер тобы
1 - тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А
Туған тілім тобы
2 - тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
С У
Туған ел тобы
3 - тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?
Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
Ш І Р І Н Д І
3 Топпен жұмыс
4 - тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.
Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
Қ Ұ М
С А З
Дәптермен жұмыс.
Топырақ құрамын жазғызу.

Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы бойынша
Су мен топырақты салыстыру.

Қорек көзі
Топырақ Тіршілік бесігі
Жер
Картамен жұмыс:
- Балалар қарайықшы, картадан қандай түстерді көруге болады?
Жасыл, сары, қоңыр, көк, т. б.
Олар нені білдіретінін сұрау.
- Бұл біздің жеріміздің кең екенін, алуан түрлілігін, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеді.
Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек.
Құмды сазды, шіріндіні тұрмыста пайдалануды әңгімелеу.
(Әр топтан бір оқушы)
Бағалау. Өзіндік бағалау.
Үйге тапсырма:
Шығармашылық тапсырма






Тексерілді: Л.Алғазиева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12