Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып Әдебиеттік оқу "Ақ шаш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға деген махаббат, құрмет жасауға,ананың мейірімділігін оқушылардың бойына сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:14. 30-15. 15

Кабинет:

Мұғалім:М.Ирсалиева.

Сабақтың атауы

В. Сухомлинский. Ақ шаш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. «Ақ шаш» мәтінінің мазмұнын түсінеді.
2. Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабағы
СТО-ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Стратегиялар: «Болжау» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» стратегиясы, 
«Топтастыру» стратегиясы.

Психологиялық ахуал

  1. Шаттық шеңбері


Мына сұлу әлемде,
Анам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді


2. Топқа бөлу. 
Оқушыларды геометриялық пішіндер арқылы топтарға бөлу

3. Жаңа сабақ.

Ы.Алтынсарин. Бұл кім?
«Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)

  1. Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?
    Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады.

  2. «Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

  3. «Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.

4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.


Ана тілі 
Ана Отан ана
Жер ана

І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?
ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?
ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?

  1. Жалпы ана атаулыға тән, бәріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
    В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

  2. Оқулықпен жұмыс.

  3. «Болжау» стратегиясы.

а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.
б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.
в) Сұрақ-жауап.
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?

  1. . «Екі жақты күнделік» стратегиясы.

1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз.

Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).

2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны жаз.

Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).

3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?

Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ. 
Су анасы не? Су анасы – бұлақ.

  1. . Топтастыру стратегиясы.

1 топ – Дүниеде не қымбат? (Ана)
Ана неден қымбат? (Бәрінен)
«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).

2 топ – Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)
Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)

3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)
Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? 
жұбанбай 
Уанбай жылай беру
еш нәрсеге көнбеу

10. Топтық жұмыс

1-топ. Шағын әңгіме жазу «Менің анам»

2- топ. Өлеңді аяқта.

Сыйлаймын панасың
Тыңдаймын данасың
Аламын ақтаймын
Баламын анашым

3 топ. Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.

11. «Бала тілі- бал» айдары

12. Слайд көрсету.

Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана – ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы болып әр салада қызмет етуде.




Қызығушылықты ояту



Ой толғаныс






































Мағынаны тану


































Сергіту сәті

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Өзін-өзі бағалау парағы____________________


Тапсырма

Баға(3,4,5)

1«Ана» сөзінің мағынасын аштым

 

2.Автор жайлы мәлімет жинадым.

 

3.Әңгімені жалғастыра білдім.

 

4.Топтық жұмыс жүргіздім

 

«Бала тілі бал» айдары

 

Жиынтық баға

 


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 2

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











«Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі









Ашық сабақ

Тақырыбы: В.Сухомлинский. Ақ шаш.

Пәні: әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі: М. Ирсалиева.





2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12