|
Білім беру ұйымының атауы |
№131 Т. Қозыбаев атындағы орта мектеп |
|||||
|
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
|
Бөлім: |
Заттар және олардың қасиеттері |
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Бекишова Маржан |
|||||
|
Күні: |
21.11.2024 ж |
|||||
|
Сынып: 4 «Б » |
Қатысушылар саны: 15 |
Қатыспағандар саны: 1 (Ерназаров Н, Алматы «Бөбек») |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№22 Заттардың қасиеті өзгере ме? |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.3.1.2 құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
- құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат ала алады; - заттардың қайда қолданылатынын біледі - заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін түсінеді |
|||||
|
Құндылықты дарыту |
Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Басы 10 мин |
І. Психологиялық дайындық Топқа біріктіру 1 топ Тәжірибе жинақтаушы 2 топ Ізденуші 3 топ Зерттеуші
ІІ. Өткен сабақты пысықтау «Сұрақ – жауап» әдісі 1.Табиғаттағы заттар қалай бөлінеді? Таза және қоспа заттар 2.Таза зат дегеніміз не? Таза зат бір ғана заттан тұрады 3.Қоспа зат дегеніміз не? Қоспа – әртүрлі заттардың жиынтығы 4.Қоспа заттарға мысал келтіріңдер Тағам, киімдер тағы басқалар 5.Қандай үдерісті балқу деп атайды? Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі ІІІ. Ой қозғау Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
Топтарға бірігеді Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді, мысалдар келтіреді Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
Жарайсыңдар! Жарайсың! Тамаша! |
|
||
|
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ Ұжымдық жұмыс Пиктограммаға қарап, құлпынай тосабын дайындау үдерісін айтып бер.
Тосап дайындау үдерісінде қандай заттар пайдаланылды? Үдеріс барысында заттар өзгерді ме? Қандай заттар өзгерді? Тосап жасау үдерісін қалай атауға болады? Ол немен байланысты? Нәтижесінде қандай зат алынды? Үдеріс басындағы зат пен соңында алынған затты салыстыр.Олар туралы не айтуға болады? Топтық жұмыс «Бірге ойланайық» әдісі “Тәжірибе жасаушы” тобы Жентті қалай жасайды? Мүмкіндігше жент (қоспа) көрсету. -Жент (қоспа) дегеннің не екенін білесіңдер ме? Оны жеп көрдіңдер ме? -Женттің құрамындағы заттарды ата. -Қалай жасалатынын еске түсіріп көр. -Тары қалай жентке айналды? -Тары мен женттің қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? -Оқулықтағы инфографиканы зерделей отырып (немесе тәжірибені пайдаланып), жент жасау үдерісін айтып бер. (Тарыны қуыру, тарыны түю,ұнтақталған тарыны елеуіштен өткізу,ұнтақ тарыға сарымай, қант араластыру)
“Ізденуші” тобы “Сүттен не жасалады?” Сүттен әзірленетінін тағамдарды атау. Қай кезеңде сүттің қасиеті өзгереді? (сүт ашыған кезде) Қай кезеңде жаңа зат пайда болды?( ұйыту нәтижесінде (айран), сүтті айыру кезінде (май),(құрт, май мен ірімшік бастапқы сүт қалпына айнала алмайды)
1) Сүт – пісіру (піскен сүт) – ұйыту (айран) – сүзу (қатық немесе сүзбе) – кептіру (құрт); 2) Сүт – майын айыру (қаймақ және көк сүт) – қаймақты шайқау (май); 3) Сүт – іріту (іріген сүт) – қайнату (ірімшік). “Зерттеуші” тобы “Картоптан крахмалды қалай алады?” Ресурстарды (картоп, үккіш, екі шыны ыдыс, тамшуыр, құйғы, сүзгіш, йод ерітіндісі), зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлерді тарату. Үккішпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру. -Тазартылған картопты үккіштен өткізу; -Үккіштен өткізілген картопты шыны ыдыстағы жылы суға салу; -Біраз уақыттан соң шыны стаканға құйғы мен сүзгішті орналастырып, картопты сүзіп алу; -Сүзгіш арқылы өткен сұйықтықтан ыдыс түбінде ақ түсті зат – крахмалдың тұнғанын бақылау; -Шыны ыдыстағы тұнбаның жоғарғы жағындағы суды басқа ыдысқа құйып алу; -Түбіндегі тұнбаға йод ерітіндісін тамызып, бақылау; -Нәтижені тіркеу, қорытынды жасау. Зерттеу барысында картоптан крахмал бөлінгенін бақылады.Ыдыстың түбіне тұнған ақ түсті зат картопта крахмал бар екенін көрсетті. Крахмалдың қайда және қандай қасиеті үшін қолданылатыны туралы қорытынды жасалады. Сергіту сәті «Қара жорға» биі Жұптық жұмыс «Көршіңмен бөліс» әдісі Кестені толтырыңдар
Жеке жұмыс «Ұшқыр ой» әдісі (функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар) Біздің айналамызда заттар өте көп. Заттар түрлі үдеріс кезінде басқа заттарға айналады. Ол үшін біз заттарды араластырамыз, қыздырамыз, ерітеміз. Кейбір заттар араласқан қоспаның құрамында болса да, қасиеттерін жоғалтпайды. Ал кейбір заттар басқа заттармен әрекеттесіп, өз қасиеттерін жоғалтады немесе өзгертеді. Олар өздерінің бастапқы қалпына келе алмайды. Мысалы, сіріңкемен майшамды жаққан кезде біз екі дененің де өзгеріске ұшырағанын байқаймыз. 1-тапсырма. «Шындық, жалған» Төмендегі тұжырымдардың шындық немесе жалған екенін анықтаңдар: Кей заттар басқа заттармен әрекеттескенде өзінің қасиеттерін жоғалтады немесе өзгертеді. Шындық / жалған 2-тапсырма. Бос орынды толтыр: Заттар түрлі үдеріс кезінде ........................................... айналады. 3-тапсырма. Төмендегі мысалдардың қайсысында заттар өз қасиетін жоғалтпайды? А) ағаш жану кезінде; Ә) сүтті бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда Б) сүттен айран, қатық, құрт жасау кезінде ЕББҚ тапсырма Заттар өзгере ме? Сәйкестендіру |
Пиктограмманы зерделеп, оның не бейнелегенін атайды. Сұрақтарға жауап береді. Топпен тапсырманы орындайды. Жентті қалай жасайтынын айтады. Оқулықтағы инфографиканы зерделей отырып, жент жасау үдерісін айтып береді. Сүттен әзірленетінін тағамдарды атайды. Қоспаларға бірнеше мысал келтіріп, заттардың құрамын анықтайды. Картоптан крахмалды қалай алатынын анықтайды. Крахмалдың қайда және қандай қасиеті үшін қолданылатыны туралы қорытынды жасайды. Заттардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді. Суреттегі заттардың атауын атайды Заттардың үдерісін біледі Кестені толтырады Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтап, астын сызады Сөйлемдегі бос орынға жазады Дұрыс жауабын белгілейді |
Дескриптор: Пиктограммаға қарап, құлпынай тосабын дайындау үдерісін айтып береді ҚБ: 1 балл Дескрипторы: 1.Женттің құрамындағы заттарды атайды 2.Оқулықтағы инфографиканы зерделей отырып, жент жасау үдерісін айтып береді 3.Заттардың қасиеті өзгеретінін анықтай алады 4.Зерттеу қорытындысын жазады ҚБ: 4 балл Дескрипторы: - Сүттен әзірленетінін тағамдарды атайды; -Заттардың қасиетін зерттей алады -Заттардың қасиеті өзгеретінін анықтай алады -Зерттеу қорытындысын жазады Дескрипторы: - Картоптан крахмалды қалай алатынын анықтайды -Заттардың қасиетін зерттейді -Заттардың қасиеті өзгеретінін анықтайды -Зерттеу қорытындысын жазады Дескриптор: 1.Суреттегі заттардың атауын атайды 2.Заттардың үдерісін біледі ҚБ: 2 балл Дескриптор: 1.Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтайды 2. Сөйлемдегі бос орынды толтырады 3. Дұрыс жауабын табады ҚБ: 3 балл |
Оқулықтағы сызба, зерттеу парағы
Сөк, талқан, май, қант, тәрелкелер
Оқулықтағы сызба, зерттеу парағы
Сүт, қатық, айран, май, құрт, ірімшік, тәрелкелер
Кесте, Үлестірмелі қағаздар
|
||
|
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту «Сұрақ – жауап» әдісі
Үйге тапсырма «Заттардың қасиеті өзгере ме?» түсініп оқу Рефлексия
|
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 4 сынып Заттардың қасиеті өзгере ме?

шағым қалдыра аласыз