400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "5.3ВОндық және жай бөлшектерге амалдар қолдану" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ондық бөлшектерді жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептей алуда алған білімдерін толықтырып, жетілдіру. Ондық және жай бөлшектер ережелерін әртүрлі есептеулерде пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез есептей білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы өзіндік ізденістерін, сын тұрғысынан саралай білулерін қалыптастыру. Алгоритмді практикада қолдана білу дағдылары мен біліктерін ескере отырып, білімдерін саралап, тексеру, жинақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауызша және жазбаша есептеу қабілетін дамыту. Оқушыны ойлаған ойын ашық жеткізуге, сабаққа белсене қатысуға, еңбексүйгіштікке, өзі мен өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 04.03.2019ж

Мұғалім: Серік Рабиға Серікқызы

Сыныбы: 5- сынып , математика

Қатысқаны: 21

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

5.3ВОндық және жай бөлшектерге амалдар қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.1.2.30 Оқушылардың жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдана алудағы алған білімдерін тиянақтау,бекіту

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың ондық бөлшектерді жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептей алуда алған білімдерін толықтырып, жетілдіру. Ондық және жай бөлшектер ережелерін әртүрлі есептеулерде пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез есептей білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы өзіндік ізденістерін, сын тұрғысынан саралай білулерін қалыптастыру. Алгоритмді практикада қолдана білу дағдылары мен біліктерін ескере отырып, білімдерін саралап, тексеру, жинақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауызша және жазбаша есептеу қабілетін дамыту. Оқушыны ойлаған ойын ашық жеткізуге, сабаққа белсене қатысуға, еңбексүйгіштікке, өзі мен өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Жай бөлшек пен ондық бөлшектің жазылуы, арифметикалық амалдардың қасиеттерін жай бөлшекте және ондық бөлшекте қолдануды өзі түсіне отырып, өзгелерге түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жай бөлшек, үлестер, ондық бөлшек, ондық таңбалар, разряд бірліктер, натурал сан, аттас разряд.

Сыныптағы диалог: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдана алуда өзара келісімдер.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулық, презентация

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлу

Психологиялық ахуал орнату

2.Үй тапсырмасын тексеру, қиындықтарды талқылау. «Көрші» /жұптық жұмыс/

958 78 бет

1) 2,53 2) 4,473

3) 10,5 4) 9,87

5) 20,625 6) 0,726

7) 24,3 8) 3,25

Ауызша дұрыс жауаптары мен дәптердегі шығарылған есептердің сәйкестігін тексеріп, өзара пайыздық үлес бойынша бағалау жүргізу.








презентация


ДМ1

Сабақтың ортасы


3.Сабақты бекіту

Сабағымызды  жарыс  сабақ  түрінде  өткізетін  болғандықтан  мақсатымен  таныстыру. Оқушыларды  үш  ауылға  бөліп, әр  ауылдың  билері, палуандары, мергендері сайланады.

 Аулымызда  Наурыз  тойы. (Наурыз тойы туралы түсінік беру) Осы  тойға  әр  ауылдың  әкелген  шашулары  бар  шығар.

ІV. Тақырып бойынша есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.

Той басталды. Той – думанның  шарттарымен  танысу.

 1) Палуандар  күресі (Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру)

 2) Теңге  ату

 3) Аламан  бәйге (Бәйге, ат жарыстары туралы түсінік беру)

 4) Билер  төрелігі (Үш би туралы, төрелер туралы түсінік беру)


 1 – ші шарт  бойынша  тақтаға  екі  «палуан»  шығады.

 № 964 есепті  екеуі де  орындайды.

 Екі  палуанның  жеңгені  отырады, жеңілгенімен келесі  палуан  шығып  екіншісін  орындайды.

Бұл  екеуінің  жеңгені  мен  біріншісі  жеңген  палуан  есептің  үшіншісін  орындайды.

Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйiр болады,

Досың солар – табылатын қасыңнан.


Сахи,Темірлан, Ақтанберді

964

  1. 2,16:2,7+0,3*1,8 =0,8+0,54=1,34

  2. 1,75:25+0,4*1,9=0,07+0,76=0,83

  3. 6,25*0,2+0,8:0,64=1,25+1,25=2,5

  4. 38-15*0,6 :0,25=38-36=2

  5. 1,6*0,5+0,16*1,25=0,8+0,2=1

  6. 9,1+11,5:5-5,6=9,1+2,3-5,6=5,8

Тақия табыстау арқылы бағалау

2 – ші  шарт  бойынша  теңге  ату.

Үш  ауылдан  екіекіден  оқушы  шығады. Тақтадағы  теңгелерді  таңдап  алып, жауаптарын  стол  үстінен  тауып, алып  іледі.

«Кім жылдам!» /ауызша есептер/

/Оқушылар түгел қатысады, өзара бағалау/

1топ.Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

  1. 7,4 + 3,2=10,6 2) 2,65 - 0,25=2,4

  1. 18,6 - 4,2=14,4 4) 59,1 + 2,07=61,17

  1. 5 •0,3=1,5 6) 1,5 •100=150

  1. 0,81 ÷ 0,9=0,9 8) 2,8 ÷ 4=0,7

2топ . Бұл қоршауда 4 тақтай босап тұр. Оларда бұрыс бөлшектер жазылған. Оларды тап.

Қателеспе. Сенің қатеңді бәрі көреді.

3топ . Қоршаудағы жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді сәйкес қазақ үйлерге орналастыр

Жапондық әдіс арқылы бағалау


Сергіту сәті : 1.Логикалық тапсырма:

Математикалық сауаттылыққа байланысты

1).Қораздар барлық үй құстарының қандай бөлігін құрайды? Жауабы:

2).Аққулар барлық құстардың қандай бөлігін құрайды? Жауабы:

3).Қара аттар барлық аттардың қандай бөлігін құрайды? Жауабы:

 3 –ші  шарт  бойынша   «Аламан  бәйге» Ережені бекіту мақсатында

2. Жай бөлшектері бар жәшіктерге сәйкес ондық бөлшектерді орналастыру

5.Суретпен жұмыс

1)Бір бүтін + екіден бір немесе 1 + 0 , 5

2) 0,5 + 0,5

3) 3 : 4 + 2 н е м е с е 0 , 7 5 + 2

4) 1 + 0 , 25

5) 10 , 5 + 10, 5

4 – ші  шарт. Билер  төрелігі.

 Әр  ауылдың  билері өзінің тобына әділ баға беретін болады.







3-тапсырма: «Білімді мыңды жығар»

/бірін-бірі бағалау/

  1. + 0,8 = 2. - 0,2=

  1. + 1,4 = 4. 8,75 + =

5. Кеменің тынық судағы жылдамдығы 23,7 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы а км /сағ. Кеменің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығы қандай? Мұндағы а =2,3

Қасқыр өзінен м қашықтықтағы түлкіні 16,8м/с жылдамдықпен қуды. Түлкі қасқырдан 10,5 м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундта қуып жетеді?

Шешуі: 16,8-10,5=6,3

: 6,3=12секунд

Жауабы: 12секунд

тапсырма: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» /деңгейлік тапсырмалар, өзін-өзі бағалау/

966

презентация



















презентация




















ДМ-2






























ДМ-3


Сабақтың соңы

Қорытынды-

лау



Бағалау



Рефлексия

«Бағдаршам»

Жасыл - барлығы түсінікті

Қызыл - түсінген жоқпын

Сары - әлі де практика қажет



Жұптар бір-бірін бағалайды.

/дескриптор арқылы/


Шығу парағы:

-Бүгін не үйрендің?

-Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару қажет?

-Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

Бағдаршам белгілері



Үйге тапсырма беру: № 968

Тақырыпқа байланысты жұмбақ құрастыру. /жауабы үш тілде/

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

Саралау: Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық дәне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді оқып, жазып үйрену.

Жай бөлшектер мен ондық бөшектерге амалдар қолдана алуда алгоритмді меңгерту, алгоритмді пайдалана алу.






Бірін-бірі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Жұптық бағалау

Сергіту сәті


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі