Материалдар / Ашық сабақ 5- сынып Макро әлем және микро әлем

Ашық сабақ 5- сынып Макро әлем және микро әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғаліидерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2020
1337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Пәні: Түзету- дамыту №1

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым.

Мақсаты: 1. Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету.

2. Баланың қызығатын заттары арман қиялдарын іске асыруға деген оқушының мүмкіндігі өз бетінше ізденуге машықтандыру.

3.Барлық мамандықтардың қыр-сырына тоқтай келе, болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру, ойнаса да, өмірге қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд (мамандық иелерінің суреттері)

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Танысу.Кім болам? Сұрағына жауап беру.Әңгімелесу.

«Көкемнің ақылы» өлеңін оқу.

Көп сөйлейді демеңдер,

Көкем менің кемеңгер.

Сыр айтады отырып:

-Ойна! Ойна!Ойнай бер!

Қызығыңды тойлай бер!

Ойна бірақ күйші бол

Ойна бірақ биші бол!

Ойна әйгілі ғалым бол,

Ойна ақылды аға боп.

Кіп-кішкентай дана боп

Жаста кім боп ойнайсың

Кім болам деп ойлайсың?

Өмірге қойған мақсатың бар ма?

Мамандықтар: Мұғалім, дәрігер, ғалым.

Жаттығу орындау.

Сырлаушы”



Мазмұны:

Езу тартып күліп, аузымызды ашамыз.

Тілдің жалпақ ұшымен таңдайды тістерден

таңдайға қарай сырлаған секілді жүргіземіз.

Астыңғы иек қозғалмау керек.

3.Сергіту жаттығуы

Тік ұста бойыңды.

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағыда.

Жеткіз жираф мойынына.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Ой қозғау.

Не үйрендік?

«Мен және менің қызығуым» тақырыбын қалай түсіндің?

4.Бекіту кезеңі: Өзіммен-өзім тәсілін өткізіп, баланың көз алдына елестеткен оцымен арманына сурат салғызу.

5.Сабақты қортындылау. Болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру.









Пәні: Түзету- дамыту №2

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Жанұям және мен.

Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсінігін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

- Балақай екеуміз тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

- Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

- Сізді көргеніме қуаныштымын.

- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.

- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

- Ал сенің үйіңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды ата.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

- Дұрыс айтасың, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сен де отбасыңның бір мүшесісің.

2.Негізгі бөлім.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Мұғалім сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

- Олар қалай тұрады?

- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата - анасының әкесі.

Нағашы әже - анасының анасы.

Немере - ұл - қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балақай, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып тап.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- Ата.

- Өзіңнің атаң туралы әңгімеле.

- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?

- Әже.

- Ал сеннің әжең қандай?

Бірінші бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.

Әке - асқар тау,

Ана - етегіндегі бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.

3. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

в)Өзіндік жұмыс

1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.

2. «Сыңарын тап» ойыны.

3. Сабақты қорытындылау.

- Отбасы мүшелерін ата.

- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?































Пәні: Түзету- дамыту №3

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Менің достарым

Мақсаты:1.Менің достарым сөзінің маңыздылығын түсіндіру.

2.Достық,сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейінін дамыту.

3. Сыйластық, татулық туралы түсінігін кеңейту қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекілігі: ертегі суреттері,т.б

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

1. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесің?

2. Жүз теңгең болғанша –

Жүз досың болсын!- деген мақалдың мағынасы түсіндіріп берші?!

3.Достық туралы қандай ертегілер мен өлеңдер білесің?

Мысылы: Қарлығаш пен Дәуіт, Дос болайық бәріміз!,Біз өмірдің гүліміз.т.б

Оқушыға «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі суреттер көрсету арқылы айтылады.

3.Сергіту сәті: Дос болайық бәріміз! әні :

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

4. Өзіндік жұмыс.

«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыр. Оқушыға суреттер қөрсетіледі.

5. Сабақты қорытындылау.

Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?



































Пәні: Түзету- дамыту №4

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Мінез-құлық қалыптастыру.

Мақсаты:1Мінез құлық қалыптастыру сөзінің мағынасын ашу және маңыздылығын түсіндіру.

2. Өз мінезін дұрыс қалыптастыруға, жан-жақты жүйелі ойлай білуге дамыту.

3. Оқушыны ортасын дұрыс таңдауға, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттері,т.б

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

1. Мінез-құлық қалытастыруды қалай түсінесің?

2. Түсінісе білу- жақсы қасиет. (Халық даналығы)

Сөзінің мағынасын ашу.

3. Әтеш, Лақ және Күшік Ж.Мыңтұрғанова.

-Суретке қарап әңгіме құрастыр!

-Суретке қарап,осындай жағдайларда қалай тіл табысуға болады?

3.Тыныс алу жаттығулары

Қар жауды”

Мазмұны:Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып “қар түйіршіктерін” жасаймыз. Баламен бірге үйде “қар” жаудырамыз. Бала “қар түйіршіктерін” дұрыс үрлеу керек.

Қар ұшқыны аспанда

Қиыршықтап ұшады

Қанатты аппақ құстардай

Жердің бетін құшады.

4. Сергіту сәті: Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

5. Сабақты қорытындылау.

-Өз мінез- құлқыңды дұрыс қалыптастыру дегенімізді қалай түсіндің?

-Барлығымен тіл табысу не үшін қажет?

1.Бір-бірімізбен дос болу үшін....

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ