Ашық сабақ "5 ке дейін санау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "5 ке дейін санау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикалық ұғымдарды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Мекеме: «Қарақұм» бөбекжайы МКҚК

Тәрбиеші: Ақоразова Гүлсара

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 5 ке дейін санау. (кеңестікті бағдарлау, жоғары,ортасы,төмен)

Мақсаты: 1. 5 көлеміндегі заттарды санау,тура және кері санай білуді, сандардың қатарын орналастыра білуді және кеңестікті бағдарлап тақтайша бетіне (жоғары, ортасы, төмен) заттарды орналастыруға үйрету.

2. Балалардың зейінін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Дидактикалық ойындар арқылы балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сандар, суреттер, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар, атрибудтар, хан, ханазада, ханшайым портреттері, слайд.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, сергіту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қозғаушы қызмет түрі

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын!

Бір-бірімізге достар,

Жақсылықты тілейміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Ұйымдастырушы ізденушілік


- Балалар, сіздер жұлдызды әлемге саяхатқа барғыларыңыз келе ме?

-Ендеше, бәріміз жұлдызға айналамыз.(атрибудтар кию)

Слайдпен жұмыс:

-Балалар, қараңдаршы жұлдызды әлем қандай керемет.

-Балалар жұлдызды әлемде нелер бар екен?

-Жұлдызды әлемде Хан, ханзада, ханшайым да өмір сүреді екен. Хан өз еліндегі барлық заттарды санамақ болады.Хан үйге келгенде ханзада санап шықтыңыз ба, заттар қанша екен деп сұрайды?

Хан: Санадым бірақ ұмытып қалдым дейді.

-Балалар қалай ойлайсыздар хан неге ұмытып қалды?

-Өйткені хан сандардың таңбасын да, санай да білмейді екен.

-Балалар жұлдызды әлемінің ханы сіздерден көмек сұрайды, көмектесіздер ме?

-Балалар, хан өзі келе алмағасын сіздерге суреттерін беріп жіберіпті.

-Балалар өткен тақырыпта 1-5 ке дейінгі сандармен таныстыңыздар.

-Кәне, балалар қайталап еске түсіріп өтейік.

-1,2,3,4,5.

-Сіздер заттардың құрамын 5 ке дейін санай да аласыздар ма?

-Ендеше, балалар ханның тапсырмаларын орындаймыз ба?

1.тапсырма: «Заттарды сана» ойын

Міне, балалар жұлдызды әлемнің заттары.Хан осы заттарды санай алмаған, ал біз санап таңбамен белгілеп отырамыз.

-Балалар сіздер алдарыңыздағы санды көрсетіп отырасыздар.

-Неше ай бар?

-Қанша бұлт бар?

-Қанша шырша бар?

-Неше ағаш бар екен?

-Қанша жұлдыз бар?

2.Тапсырма: «Орындарын жоғалтқан сандар» ойын

-Балалар сандарды ретімен орналастырамыз ба?

-Сандарды санап шығайықшы.

Тура және кері санаймыз.

3.Тапсырма: «Тығылмақ» ойын

-Балалар көзімізді жұмамыз, көзімізді ашып қай сан жоқ екенін айтайық.

-Балалар кәне, демалып серігіп алайық.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4 алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

4.Тапсырма: «Кеңестікті бағдарлау» ойын

-Балалар алдарыңыздағы геометриялық пішіндер берілген,тақтайшаға үшбұрышты жоғарыға, дөңгелекті ортасына және төртбұрышты төменге орналастырыңыздар.

-Үшбұрыштың түсі қандай?

-Неше бұрышы бар?

-Дөңгелектің түсі қандай?

-Дөңгелекке ұқсас сан бар ма?

-Төртбұрыштың түсі қандай?

-Неше бұрышы бар?

5.Тапсырма: «Ғажайып қорапша» жұмбақтар әлемі жыл мезгілдерін атау.

1.Жерде қар,суда мұз,

Боран борап соғады.

Айтыңдаршы балалар,бұл қай кезде болады? (Қыс)

2. Күн ұзарып,қар еріп,

Су сайларға толады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

(Көктем)

3.Күнде ысып, шөп өсіп,

Ел шөптерін орады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

(Жаз)

4.Жауып жаңбыр, жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

(Күз)

6.Тапсырма: «Ертегілер»

-Балалар, хан ертегілерді де ауыстырып алған екен қандай ертегілерде сандар кездесетін еді?

-Балалар, сіздерге хан риза болды барлық тапсырманы орындап бердіңіздер.



Балалар жұлдыздың атрибудтарын киеді.




Тамашалайды, әңгімені тыңдайды.










Балалар көмектесетіндерін айтады.





1-5 ке дейін санайды




Балалар тапсырмалары орындайды.



Заттардың санын айтады, сәйкес санды көрсетеді.


Балалар сандарды ретімен орналастырады.

Тура және кері санайды.




Жасырынған санды атайды.


Балалар сергту жаттығуын жасайды.






Балалар тапсырманы орындайды.



Сұрақтарға жауап береді.





Жұмбақтың шешуін табады.




-Қыс.





-Көктем.





-Жаз.





-Күз.





-Үш аю,үш торай, жеті лақ.



Жөндеуші-жөндеуші

Қорытындылау:

-Балалар сіздерден кім көмек сұрады?

-Нешеге дейін санап үйрендіңіздер?

-Ойындар ұнады ма?

-Балалар, бәріңізде оқу қызметіне белсене қатыстыңыздар.

-Балалар сіздерге хан жұлдызды әлемінің жұлдызшаларын сыйлыққа беріп жіберіпті.

Марапаттау, оқу қызметті аяқтау.




Балалар сұраққа жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 саны көлемінде заттарды санауды, «қанша?», «неше?» сұрақтарына жауап беруді.

Түсінеді: «Жоғары», «ортасы», «төмен» бағыттарға пішіндерді орналастыруды.

Меңгерді: Реттік сандарды санауды, өз бетінше тапсырмаларды орындауды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі