400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып 60 метрге жүгіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне көмегі болады деп сенемін. Бұл сабақта балалар 60 метр қашықтықта жүгіріп жарысады. сабақ барысында әртүрлі жаттығуларды орындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы:

 Жоғары жылдамдықпен  60 метрге жүгіру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Жаңа білімді қалыптастыру, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, олардың денсаулығын нығайту.

Оқушылардың шапшандық,төзімділік дағдыларын қалыптастыру.

  1. Тәрбиелік:

Дене тәрбиесі (Жаттығулар арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту).

Әрбір оқушыға көңіл бөлу арқылы дене бітімін дамыту.

Спорттық ойындарға қызықтыра ой қабілетін дамыту және денешынықтыру сабағынан тыс жекелеген спорт түрлерімен айналысуға оқушыларға мүмкіндік жасау.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секундомер, секіртпелер, шығыршықтар, доптар

Сабақ өтілетін орын: Спорт алаңы немесе спорт зал


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе немесе дайындық бөлімі

ІІІ. Негізгі бөлім:

ІV. Сергіту сәті

V. Қорытынды бөлім:

 

Сабақ мазмұны

Қайталау саны

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлімі: 15 минут

Жалпы сапқа тұру, сәлемдесу, кезекші мәліметі, оқушыларды түгендеу, сабақ мазмұнын қысқаша түсіндіру. Назар аударуға арналған жаттығулар «Оңға бұрыл», «солға бұрыл», «кері айнал»


Сапқа тұру, спорттық киімдерге назар аудару


Жаттығуды нақты және бірдей орындау

Жүру барысындағы жаттығулар

А) Аяқ ұшымен

Ә) Өкшемен

Б) Жартылай отырып

В) Толық отырып

Г) Оң жаққа, сол жаққа секіру

Д) Саптық жүріс


10 м


Екі қол жоғарыда

Қол белде

Қол алдыда, түзу

Қол тізеде

Жаттығуды нақты және бірдей орындау

Жүгіру барысындағы жаттығулар

А) Жәй жүгіру

Ә) Оң жақ қапталға тіркемелей адым

Б) Сол жақ қапталға тіркемелей адым

В) Тізені жоғары көтеріп

Г) Аяқ ұшын жоғары көтеріп

Ғ) Өкшені жамбасқа лақтырып

Д) Арқамен жүгіру

Е) Жылдамдыққа жүгіру

З) Тынысты қалыпқа келтіру



15 м


Бір қалыпты тыныс алу

Екі қолды алдыға айналдыру


Қолдарды артқа айналдыру


Жоғары секіру

Тізе бүгілмейді, қол белде

Екі қол артта

Сол иықпен қарау

Ысқырық бойынша

Дем алып, дем шығару


Жалпы дамыту жаттығулары

  1. Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, 1-4 басты оң жаққа, 5-8 сол жаққа айналдыру

  2. Б. Қ.аяқ иық көлемінде, қол белде, 1-басты оң жаққа, 2-сол жаққа, 3-артқа, 4-алдыға еңкейтеміз.

  3. 1-4 иықты алдыға, 5-8 артқа айналдырамыз

  4. Б.қ. аяқ иық көлемінде, оң қол жоғары, сол қол төменде, 1-2 оң қолды артқа кереміз, 3-4 сол қолды артқа кереміз

  5. Б.қ аяқ иық көлемінде, қолдар кеуде алдында бүгулі, 1-2 қолдарды кеуде алдында бүгілген күйі кереміз, 3-4 жазып кереміз.

  6. Б.қ аяқ иық көлемінен сәл кең, оң қол жоғарыда, сол қол белде, 1-4 кеудені сол жаққа еңкейтеміз, 3-4 қолды ауыстырып қайталаймыз

  7. Б.қ аяқ иық көлемінде, қол белде, 1-4 белді оңға айналдырамыз, 3-4 солға айналдырамыз

  8. Б.қ аяқ иық деңгейінде, қол белде 1-оң аяққа еңкейеміз, 2-ортаға, 3-солға, 4-Б.қ

  9. Б.қ аяқ иық көлемінде, қол белде, 1-аяқ ұшына, 2-өкшеге, 3- еңкейеміз, 4-Б.қ











Әр жаттығуды 3-4 рет



Жаттығуларды орындау барысында көз бір нүктеге қарайды



Жаттығу барысында көз ашық, бас толық еңкейеді, толық айналдырамыз.



Жаттығу барысында алақан бүгулі, шынтақ түзу



Жаттығу барысында кеудені оң, сол жаққа барынша еңкейтеміз


Жаттығуды санақ бойынша санау


Жаттығу барысында тізе бүгілмей санақ бойынша саналады


Жаттығу барысында тізе бүгілмейді, санақ бойынша жүргізіледі

Негізгі бөлім: 25 минут

Жоғары жылдамдықпен жекелеп жүгіріп секундомер бойынша нақты көрсеткіштері жазылып алынады. Бірінші 30 метрге сосын 60 метрге. Кейінірек екі топқа бөлініп барынша жылдамдықпен жүгіріп жарысады.


30 метрге 6-сынып қыздары үшін жоғары 4,9 сек. Орта 5,2 сек. Төмен 5,9 сек

6-сынып қыздары үшін 60 метрге жүгіру Базалық деңгей 9,6 орындай алатын мүмкіндігі 9,4 секунд

 

Сергіту сәті:

Оқушыларды екі топқа бөле отырып түрлі тапсырмалар беру арқылы дененің шапшаң қимылдауына, жылдам ойлай алу қабілетін дамытуға баулу. Ол үшін екі топқа бөлінген командалар арасында жарыс ұйымдастырып ойындар мен математикалық есептер, ағылшын сөздерін қазақшаға немесе керісінше тәржімалау, сөзжұмбақтар шешкізіп, секіртпе мен шығыршықтарды пайдаланып сабақты басқа пәндермен байланыстыра қызықтырып өткізу.

 

Қорытынды бөлім: 5 минут

Жалпы сапқа тұрғызып сабаққа үздік әрі белсене қатысқан оқушыларды бағалау.Жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді айтып, үйге тапсырмалар беру. Оқушылармен қоштасу.





«Науалы орта мектебі» КММ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Джакупова Дина Танатаровна



















Көңілді эстафета



Тақырыбы: Көңілді эстафета

Сабақтың мақсаты: 1.Ойындардың,эстафеталардың тәртібін түсіндіру,қимыл-қозғалыс тәртібін түсіндіру,денсаулығын нығайтуға, ұйымшылдыққа ,тәртіпке,бірлестікке,әрекеттенуге үйрету.

2.Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3.Оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Білім,білік дағдыларын кеңейту;

Сабақтың түрі:командалық жарыс

Сабақтың әдісі:ойын

Өтетін орны: спорт алаңы

Құрал-жабдығы: доп,кедергілер,секірткіш,ысқырық,шығыршық,қап,эстафета таяқшасы

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

2.Ортаға командалар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.Мемлекеттік Әнұран орындалады.


ІІ.Жарыстың шарты.

1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)

2.Эстафеталық ойындар

3.Қорытындылау:


1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

2.«Секіртпемен жүгіру»

Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

3.«Шығыршық тасы»

Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып,кейін қайтады.Соңғы ойыншыны апарып,барлығын бірдей алып келеді

4.«Кім жылдам»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

5.«Жұптасқан ұстаушылар»

Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.

6.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

7.«Арқан тарту»

Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.

ІІІ.Қорытындылау.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.


«Науалы орта мектебі» КММ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Джакупова Дина Танатаровна




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі