400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып "Жемістер мен көгөністер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек мұғалімдеріне көмекші материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер» натюрморты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жазықтықта жемістер мен көкөністердің натюрмортын салу. Натюрмортты 4 кезең бойынша бейнелеу жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сұрақтар қою арқылы ой шапшаңдығын, тіл байлықтарын дамыту. Бейнелеу пәнінде әр түрлі әдістер арқылы сурет салуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды әсемдікке, табиғатты сүйе білуге баулу және өнер сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық тест, қысқа мерзімді тест, топтастыру әдісі, сөзжұмбақ, өз бетімен жұмыс әдістері.

Пән-аралық байланыс: Әдебиет, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: Топтастыру, тест жазылған плакаттар, 4 кезеңмен салу үлгісі, сөзжұмбақ, түрлі-түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1.Оқушылардың құрал-жабдықтарын дайындату. Сабаққа назарын аударту

ІІ. Жаңа сабақ.

«Ой шақыру» Дәрумендерге бай өнімдер қалай аталады?

Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1



алма



алмұрт



сәбіз



қарбыз



жүзім



қауын



анар



Жемістер

мен көгөністер









































  1. Олай болса, тақырып: «Жемістер мен көкөністер» натюрморты.

Натюрморт дегеніміз – заттар мен әртүрлі бұйымдардан үйлесімді құрастырылып салынған көркем шығарманы айтамыз.

Натюрморт қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.

Біз бүгінгі сабағымызда жемістер мен көкөністерден құралған натюрмортты салып үйренеміз.

  1. Жеміс-жидектер: алма, алмұрт, жүзім, шие, өрік, бүлдірген, құлпынай, т.б.

Бұл жеміс-жидектер ағаштан алынатын шырынды өнімдер. Бұлар бауда және бақта өседі.

  1. Ал, көкөністер: орамжапырақ, қызылша, картоп, қызанақ, сәбіз, қарбыз, қауын, қияр, баклажан, жуа, т.б.

Көкөністер жерден алынатын өнімдер, бұлар бақшада өседі.

Олай болса, жемістер мен көкөністер біздің байлығымыз болып табылады. Біз бұларды күнделікті тұрмыста өз игілігіміз үшін пайдаланамыз.



Енді, оқушылар, тақтадағы 4 кезең арқылы салынған натюрмортқа қарайық.

  1. Натюрморттың қағаз бетінде орнын табу.

  2. Натюрмортты қарындашпен салу.

  3. Натюрмортты бояу.

  4. Натюрмортты салуды аяқтау.



    1. Өз бетімен жұмыс.

Натюрморттың суретін оқушыларға салдыру, жұмыстарын тексеріп, қателерін түзеу.



VІ. «Ойланып, көр!»

Дәптермен жұмыс. Тест түрлерін жүргізу.

  1. Проблемалық тест.

Жемістер мен көкөністер жылдың қай мезгілінде піседі?

А. Жазда; Б. Күзде; В. Көктемде

2. Қысқа мерзімді тест.

«+» - таңбасымен жемістерді,

«-» - таңбасымен көкөністерді белгіле.

Құлпынай, картоп, қияр, жүзім, қызылша, алмұрт, қарбыз, шие.

VІІ. Қорытынды.

  1. Натюрморт дегеніміз не?

  2. Неше топқа бөлінеді?

  3. Жемістер мен көгөністердің айырмашылығы неде?

-Ендеше, «Сиқырлы шаршылар» ойыны арқылы жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Кіргенде ініне сыңар-ды,

Ұрпағын ертіп шығарды. (картоп)

  1. Өрмелейтін ағашқа желісі бар,

Дәмі кетпес ауыздан жемісі бар. (жүзім)

  1. Жер астына түседі,

Сап сары боп піседі. (сәбіз)

  1. Үлпіршекке қан құйып,

Үріп талға байладым. (бүлдірген)

  1. Сарғыш түсті, дөңгелек,

Ортасында дәні бар.

Көрсең егер оны жеп

Балдай тәттідәмі бар. (өрік)

  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Жеген жанды таңырқатты. (қарбыз)

  1. Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күзге жеткенде. (алма)

  1. Кішкене ғана қызыл шар,

Уылжыған шырын бал. (құлпынай)

9. Төбесіне тігіп көкшатыр,

Көлеңкесінде көп тамыр.

Көгілдір болып доп жатыр. (қызылша)

10. Көк аланы көгенде көрдім,

Көгеннен қиып,

Жегенде көрдім. (қауын)

11. Қозыларым көгендеулі күн ұзын,

Су ішкенмен

Шөп жемейді бір үзім. (қияр)





К

А

Р

Т

О

П










Ж

Ү

З

І

М




С

Ә

Б

І

З





Б

Ү

Л

Д

І

Р

Г

Е

Н





Ө

Р

І

К









Қ

А

Р

Б

Ы

З






А

Л

М

А



Қ

Ұ

Л

П

Ы

Н

А

Й







Қ

Ы

З

Ы

Л

Ш

А




Қ

А

У

Ы

Н





Қ

И

Я

Р







    1. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

    2. Үйге тапсырма. Натюрмортты аяқтап салу.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі