400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 5 сынып математика "Ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3.В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

5-«А» сынып

Пәні: математика

Мектеп : №54 жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Исагулов Е.Т.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.13

Ондық бөлшек ұғымын меңгеру. Ондық бөлщекті оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді оқу мен жазуды меңгереді.

Басым оқушылар: Ондық бөлшек пен оған тең жай бөлшектің айырмашылығы тек жазылуында ғана болатынын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: мәтін есептерді шартын жазады, өрнек құрастырады және шығарады.

Бағалау критерийі:


  • Ондық бөлшектерді оқи алады және жаза біледі. Ондық бөлшекті ажырата біледі.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттар:

  • Ондық бөлшектер. Ондық таңбалар.

Пәнге қатысты лексика мен терминалогия:

Бүтін, бөлшек, ондық таңбалар.

Диалогқа/жазылымға қатысты сөз тіркестері: Бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыс

Биология, тарих және география пәндерімен байланысты.

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Жай бөлшектер. Дұрыс бөлшектер.

Бұрыс бөлшектер. Жай сандар. Құрама сандар.

Бірлескен жұмысқа есептер.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Ұйымдастыру























Үй жұмысын тексеру

1.Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, топтарға біріктіру (Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады. Ол жерде дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, жай сандар, құрама сандар жазылған. Осы сандарға байланысты топтарын тауып 4 топқа бөлініп отырады. )

Психологиялық ахуал тудыру.Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің көңіл күйім өте жақсы. Сіздердің көңіл- күйлеріңіз қандай? (Смайликтер арқылы көңіл күйлерін көрсетеді

Топ басшыларын сайлау.

«Көрші мен көрші» стратегиясы арқылы үй жұмысын тексеру. Кезекші оқушы үйге не берілгені туралы хабардар етеді. Үй тапсырмасын кезектесіп оқиды. Көршілер бір бірінің дәптерін тексереді.

Нәтиже: Үй тапсырмасы толық тексеріледі.


В деңгейіндегі тапсырма:


№701.


Цирк құрылысын құрылысшылардың бірінші бригадасы

15 айда бітіретін болса , екінші бригадасы оның –сіне тең уақытта бітіреді .

2 бригада бірлесіп жұмыс істесе қанша уақытта бітіреді?

Шешуі :

1-ші бригада бір айда

2-ші бригада бір айда

Бірлесіп

Жауабы : 6 ай


«Мен саған, сен маған» стратегиясын қолданып сұрақтарға жауап береміз. Мұғалім оқушыларға доп беру арқылы сұрақтарға жауап алады.


  1. Санды өрнектер дегеніміз не?

  2. Әріпті өрнек дегеніміз не?

  3. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

  4. Теңдеу дегеніміз не?

  5. Натурал санның бөлгіштері

  6. Натурал санның еселіктері

  7. 2- ге бөлінгіштік белгілері

  8. 5 ке бөлінгіштік белгілері

  9. 10 – ға бөлінгіштік белгілері

  10. Жай сандар дегеніміз не?

  11. Құрама сандар дегенімз не?

  12. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

  13. ЕҮОБ

  14. Өзара жай сандар

  15. ЕКОЕ

  16. Шеңбер дегеніміз не?

  17. Дөңгелек дегеніміз не?

  18. Жай бөлшектің негізгі қасиеті

  19. Жай бөлшектерді қысқарту

  20. Дұрыс бөлшектер

Нәтиже: Өткен білімді қайта жанғырту. Мақсат қою. Мақсатқа жету дағдысын дамыту.

Кеспе қағаздар.





























Оқулық авторы Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов 12-13бет.










Сабақтың ортасы

25 мин


Жаңа тақырыпты үйрету


















Түсіну













Кітаппен жұмыс жасау.

«Хат келді» стратегиясы аркылы оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.

Мақсаты : Оқушыларды білім алуға қызықтыру

: Сәлем хат!

Сәлеметсіздер ме 5- «А» сыныбындағы достар!

Ребусты шешіп көріңдерші!











Ребусты дұрыс шешсеңдер бүгінгі сабақ тақырыбын білеміз.

Ондық бөлшектер туралы алғаш рет ХV ғасырда ортаазиялық ғалым Әл-Каши ондық бөлшектер, ондық бөлшектерге амалдар қолдануды «Арифметика кілті » деген еңбегінде жазды. Тек натурал сандар көмегімен күнделікті өмірде қажетті өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, сондықтан ондық бөлшектерді өмірде пайдалану өте қажет, күнделікті тұрмыстада қолданамыз. Әл-Каши еңбектерін одан әрі жалғастырушы нидерландиялық математик Симон Стевин өзінің «Ондық» деген кітабында ондық бөлшектер туралы зерттеулерін жазды. Бөлшек сандар өте қажетті сандар, ол туралы Рим жазушысы Цицерон «Бөлшекті білмейінше математиканы білемін деп ешкім де айта алмайды» деген болатын.

Маңызы: оқушылар тарихқа байланысты мәлімет алады.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарын дамиды.



Күрделі есептеулерде жай бөлшекпен есептеу қиындық туғызды, сондықтан бөлімдері 10, 100, 1000 т.с.с жай бөлшектерді бөлімсіз жазу қабылданды. Ол үшін алдымен бөлшектін бүтін бөлігін, сонан соң үтір қойып, алымын жазады. Бөлімі онға еселік болатын сан ондық бөлшек деп аталады. Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою керек.

Мысалы: 3 = 4,7 5 =5,11 = 0,316

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.Бірліктерден де кіші разряды бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.

Дұрыс бөлшекті ондық бөлшекпен жазғанда үтірдің алдына 0 цифры ( бүтін ) жазылады.

Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің бөлімінде неше нол болса, үтірден кейін сонша цифр болуы қажет.

Мысалы: 3 = 3,009 = 0,007

Мысалы: 7,189 ондық бөлшегінде үш ондық таңба бар. Олар: 1, 8 және 9. Мұндағы 1 онлық үлестер санын, 8 жүздіктер санын, 9 мыңдық үлестер санын көрсетеді.


«Ойлан- жұптас- бөліс» стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындалады.

  1. топ. Ондық бөлшектер ұғымы

  2. топ. Ондық бөлшектердің оқылуы

  3. топ. Ондық бөлшектердің жазылуы

  4. топ. Ондық бөлшектердің шығу тарихы


Деңгейлік тапсырмалар



































Оқулық, Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов 18-19 бет постер, маркер
















Слайдтар

Видео
















Оқулық, Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов 18-19 бет постер, маркер






Оқулық, Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов 18-19 бет








Оқулық, Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов 38-44 бет


Сабақтың соңы

5 мин




Үйге тапсырма: №718 №725


Кері байланыс: оқушылардың оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау.


Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмалары сабақтың ортасында жаңа тақырыпты түсінгеннен кейін беремін. «Хат келді!»,«Ойлан-жұптас-бөліс», стратегияларын қолданамын.

А деңгейі –барлық оқушылар үшін,

В деңгейі-басым оқушылар үшін,

С деңгейі- кейбір оқушылар үшін тапсырмаларын орындайды.

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолданамын.

«Жасыл түс» -өте жақсы

«Сары түс»-жақсы

«Қызыл түс»-қанағат.

Бүгінгі сабақтың қорытындысын табу үшін арифметикалық ортасын анықтаймын. Мысалы:

, немесе


,......


  • Партада дұрыс отыру,

  • жазу кезінде тазалықты сақтау.

  • АКТ-ны пайдалану техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі