400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ондық бөлшектерді салыстыру тәсілдерін үйрету. Ондық бөлшектің жазылуын біледі. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыруды орындайды және түсіндіреді.Жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады және есептер шығаруда қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерілді:___________

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

Күні: 03.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Садирова А.У.

Сынып:5 Е

Қатысқан оқушы саны: 18

Қатыспаған оқушы саны:0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.24

ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.26

ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақтың мақсаттары

Мақсаты: Оқушыларға ондық бөлшектерді салыстыру тәсілдерін үйрету. Барлық оқушылар:

- Ондық бөлшектің жазылуын біледі;

- Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыруды орындайды және түсіндіреді;

- Жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады және есептер шығаруда қолданады

Оқушылардың басым бөлігі:

теорияны практикамен ұштастыру, ойлау қабілетін, танымын, есеп шығарудағы білік, дағдыларын дамыту;

Кейбір оқушылар:

Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.

Бағалау критерийлері

- Ондық бөлшектің жазылуын біледі;

- Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыруды орындайды және түсіндіреді;

- Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруды біледі;

- Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды біледі, есептер шығаруда қолдана алады;

Құндылықтарды дамыту

Құрметті топтық жұмыстар арқылы, топ ішіндегі бір бірін бағалау арқылы жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру. Алға ұмтылу, еңбек сүйгіштік қасиеттерді дарыту.

Пәнаралық байланыс

Математикалық сауаттылық, Қазақ әдебиетімен, өлең шумақтарын пайдалану, геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары , таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгендеу;

ә)балаларды сабаққа психологиялық дайындау:

шаттық шеңбері арқылы сабақты бастау.

Балалар, енді қолымызды ұстап, алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

б) сыныпты 3 топқа бөлу;

I топ: «Жай бөлшектер» тобы

IIтоп: «Аралас сандар» тобы

III топ: «Ондық бөлшектер» тобы

Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сабақтың мақсаттарын қояды.

«Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім айта алмайды!» , - Рим жазушысы Цицерон

  • Өте ерте заманда адамдардың заттарды санауы қажет болғандықтан натурал сандар пайда болды. Одан кейін нәрселерді тең етіп бөлу қажеттігінен жай бөлшектер пайда болды. Техника, өндіріс, сауданың өсуіне байланысты тез және дәл қосу, азайту, бөлу керек болды. Ал, жай бөлшектер үшін бұл мүмкін болмады. Сондықтан үтірлер арқылы тез есептелінетін ондық бөлшектер пайда болды.

Ондық бөлшектерді дәлме дәл және оңай салыстыруға, қосып, көбейтуге, бөлуге болады. Келешекте сендер жетінші, сегізінші сыныптарда алгебра, геометрия, математикалық сауаттылық,сызу, физика және химия, деген пәндерді оқитын боласыңдар. Бұл пәндерде сызуда және есептерді шығарған кезде ондық бөлшек сандар өте жиі қолданылады. Сол, себепті, балалар бөлшек сандарға амалдар қолдануды осы бастан дұрыстап үйреніп алыңдар.

Интербелсенді тақтада үй тапсырмасының шешуі жазылады. Оқушылар дәптерлерін алмастырып үй тапсырмасын тексереді.

1.Үй тапсырмасын тексеру:№759 А деңгейі

1) 2,7 ˂ 3,6 ; 2) 8,30 ˃ 7,94; 3)7,308 ˂ 7,312;

0,4 ˃ 0,39 0,47 ˂ 0,5 14,901 ˃ 14,890

0,1 ˂ 0,99 5,21 ˂ 6,0 56,053 ˃ 51, 983

Егер барлық тапсырма дұрыс болса сарғыш, кейбір кемшіліктер болса немесе дұрыс емес болса көк кағазды көтереді.

2.Өткенді қайталау: «Ой қозғау»

  • 1. Бөлшек нешеге бөлінеді? (1.Жай, 2.Ондық);

2. Ондық бөлшек дегеніміз не? (Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан);

  • 3. Жай бөлшектің бөлімінде неше нөл болса, ....? (Ондық бөлшек түрінде жазылуында үтірден кейін сонша цифр болуы керек)

  • 4. Қандай жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады? (Бөлімдері 10,100,1000 және т.с.с.)

  • 5. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырамыз?

  • Өте жақсы балалар, тамаша !!! Енді балалар тарихқа көз жүгіртсек:


Слайд № 1



Слайд № 2











Слайд № 3

Слайд № 4

Слайд № 5















Слайд № 6



Математика

2-бөлім,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің

5 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2017 ж.



Слайд № 7






Слайд № 8


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

Топпен жұмыс

10 минут





3."Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы" демекші, -

Оқулықпен жұмыс.

№767

Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстырыңдар

1) 4,899*4,9 =>4,889<4,900 6) 2,057*2,067 =>2,057<2,067

2)8,205*18,205 =>8,205<18,205 7) 0,0084*0,084 =>0,0084<0,084

3) 7,50*7,400 =>7,5>7,4 8)0,3669*0,3619 =>0,3669>0,3619

4) 5,703*5,69 =>5,703>5,690 9)40,3702*41,37 =>40,3702<41,37

5)3,607*2,067 =>3,607>2,067

Тапсырмаларды әр топ өздеріне тиесілі есептерді шығарып тақтаға талдайды.





Слайд № 9











Слайд №10
















Жеке жұмыс

20 минут


4.Келесі кезекте С тобынан №775 есеп.

Кубизм әдісі бойынша: Кубик лақтыру арқылы әр топ өзіне орындайтын тапсырма таңдайды

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып , салыстырып, <немесе > белгісімен жазыңдар


1) *1,85 => 1,8 < 1,85 2) 0,2 * => 0,2 > 0,15

3) *9,45=> 9,45=9,45 4) 0,25* => 0,25 < 0,32

5) *3,9 => 3,4 < 3,9 6) 7,7* => 7,7 < 7,75

Келесі бір тарихи мәлімет


5.Сергіту сәті.

Логикалық есептер:

1.Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы

санды ата? (11,20)

2. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? ( 1 сағат, 43 минутта)

3. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде

неше алма жатыр?(4 алма)

4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен

қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?(3 адам)

5.Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр ал, 24 сағаттан соң

күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ, түнгі 11 сағат)


6.Сиқырлы шаршыны толтырыңдар:


№ 1

24


22

23



28



Шешуі:

24

29

22

23

25

27

28

21

26


7.Ал, енді балалар әрі қарай бүгінгі сабағымызды «Тәтті сусын дайындау» ойынымен жалғастырсақ.Осы ойынды ойнау үшін бірнеше тапсырмалардан өтеміз. Біздің мақсатымыз әр түрлі жеміс-жидектерден тәтті сусын дайындау, яғни нәтижеге қол жеткізу және оны өзімізбен бірге алып кету. Бұл ойынның соңғы мәресіне дейін жетуге дайынбыз ба? Олай болса бастайық.Ол үшін алдымен сусын дайындауға қажетті жеміс-жидектерді таңдаймыз.6 жеміс-жидек беріледі.Әр топтан бір оқушы шығып тапсырманы таңдайды, яғни өзі қалаған жемісті алады. Неғұрлым есепті дұрыс шығарып, көп сұраққа жауап берсек, соғұрлым сусынымыз да дәмдірек болады.

1. Апельсин

2. Алма

3.Құлпынай


4. Шие


5. Алмұрт


6. Қараөрік

Сонымен біз барлық тапсырмаларды орындап болдық, тәтті сусынымыз да дайын. Тапсырмаларды орындай отырып,ондық бөлшектерді оқып, жаза білетіндігімізді көрсеттік


Слайд №11











Слайд №12











Слайд №13













Слайд №14

Слайд №15




Слайд №16










Слайд №17-23








Соңы

5 минут

Сабақты бекіту

№770

Саяхатшылар барлық жолдың -ін поезбен, -ін автобуспен, қалған жолды катермен жүрді.Саяхатшылар жолдың қандай бөлігін катермен жүрді? Саяхатшылардың поезбен, автобуспен, катермен жүрген жолдарын ондық бөлшек түрінде кему ретімен жазып көрсетіңдер.

0,55 0,2 5 0,2 0,55 ˃ 0,25 ˃ 0,2

Үйге тапсырма: С тобы № 772

Қорытынды: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «...Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологияның ғасыры болмақ,ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу,игеру және жетілдіру –бүгінгі жас ұрпақ,сіздердің еншілеріңіз...Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында » деп ,атап көрсеткендей,құрметті оқушылар білім алуда талмай еңбектенейік.

- Топтық бағалаудағы жеміс ағашын көрсету, қорытындысын шығару.

Енді балалар, бүгінгі сабағымызды түйіндей келе, мен сіздерге мына алмаларды бергім келіп тұр. Бүгінгі біздің сабағымызда білім деңгейін шарты түрде қызыл, жасыл түсті алма арқылы бағалайық. Қызыл түсті алма- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, көңіл-күйім көтеріңкі. Жасыл түсті алма- мен тапсырманы дұрыс орындай алмадым , көңіл-күйім жоқ немесе орташа.

Бүгінгі жетістігіміз, қателігіміз, сәтсіздігіміз ол тек бүгінгі күннің жемісі. Еш уақытта сәтсіздікті жеңіліс деп білмеңдер. Бәрі алда !!!

Рефлексия

- Әр оқушы өзінің қай деңгейде тақырыпты игергенін бағалап, Блум таксаномиясы (табыс баспалдағына) кері байланысын апарып іледі.


Слайд №24










Слайд №25 Математика

2-бөлім,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің

5 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2017 ж.


Слайд №26













Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.


Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі