Материалдар / Ашық сабақ. 6 С.Акробатикалық жаттығулар комбинацияларын құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. 6 С.Акробатикалық жаттығулар комбинацияларын құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимнастика сабағындағы "Акробатикалық жаттығулар комбинацияларын құру" тақырыбында құрастырылған қысқа мерзімді жоспар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
335
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

М.Горький атындағы ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні

Егемова Гульчехра Байшыгаровна

Сынып

6 «А»

Күні

23. 11.2021ж

Қатысушылар саны:

12

Қатыспағандар саны:

4

Бөлім

3. Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаттары

6.3.2.1. Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау.

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл- қозғалыс комбинация ларын құру және оларды дене жаттығулар ын орындауда қолдану реттілігі

Бағалау критерийі

Жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін құрастырады. Жаттығуларды талапқа сай орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: топтастыру, домалау, тепе теңдік, алға домалау, артқа домалау, қадам , мақсат, тәуекел, қауіпсіздік, жауырынға тұру, жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

- акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?

- белгілі бір снаряд қандай бұлшық ет топтарын дамытады?

- снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау.

Эстафеталық ойын

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырғыш, гимнастикалық төсеніштер

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=zWk-FIDpZ5o


Сабақтың

ортасы

23 минут



















































7 мин




Негізгі бөлімі:

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

(Т, Ж, ҚБ) Дайындық жаттығуларына арналған жаттығулар. Топтасу :

1. Бастапқы қалыпта қолды жоғары көтеріп жылдам отырып қайта жиырылу.

2. Отыру қалпында жылдам аяқты бүгіп қайта жиырылу.

3. Арқаға жатып аяқтарын бүгіп тез қайта жиырылу,

4. Арқада жатып жылдам аяқты бүгіп алға домалап отыру және бастапқы қалыпқа тұру


Бас, қол, аяқтары дұрыс орналасқанын қадағалаңыз.

Әр түрлі бастапты қалыптан жылдам домалауды үйрену









Оқушыларға түсіндіру алға домалағанда топталу (групировка) керек, және қолдың көмегімен бастапқы қалыпқа тұру

(Т, Ж, ҚБ) Дайындық және арнайы жаттығуларды орындауға тапсырма.

Аударылу

1. Бастапқы қалып, отырған күйден арқаға жатып артқа қарай домалап аяқты төсенішке тигізу және бастапқы қалыпқа оралу

2. Бастапқы қалыпта алға домалап және жылдам артқа домалап бастапқы қалыпқа тұру.

3.Тізеде тұрған күйде қолды кеудеге қысып аунау гимнастикалық төсенішке денені тигізу.екі аяқты аударылу арқылы бастан тіке асыру.

4.Жауырынға тұру ая, тіке жоғарыда ,екі қол белде.

5.Жатып көпірше жасау













Эстафеталық ойын



Сабақтың

соңы

5 минут



Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!