Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Сабақ түрі

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

Жаңа сабақты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.1

Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау.

5.2.5.2

Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу және т.б.

5.2.6.1

Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

Сабақ мақсаттары

  • Көкініс түрлерін білу;

  • Адам ағзасы үшін пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата алу;

  • Ақпарат іздеуде АКТ тиімді пайдаланау;

  • Көктемгі өсімдік отырғызу жұмыстарына шолу;

  • Қолданатын құрал-жабдықтармен дұрыс қолдану.

Бағалау критерийлері

  1. Жеміс-жидектердіңтабиғинемесежасандыекеніңажыратаалады;

  2. Керекқұрал-саймандармендұрысқолданаалады;

  3. Қауіпсізережелерінсақтайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөністер дақылдарының негізгі бағыттарын зерделейді; өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізеді; техника қауіпсіздігін сақтап материалдар мен құралдарды қолданады;

  • өсімдік шаруашылығы мен жеміс, көкөніс дақылдарының негізгі бағыттарын сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • өсімдік шаруашылығы, жеміс, көкөніс дақылдары;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Өсіруүшін … қажет.

  • Жеміс, көкөніс дақылдарына ... жатады

  • Өсімдіктердің түрлері ... маңызды

  • Өсімдік өсіру үшін ... құралдар қажет.


Құндылықтарды дарыту



Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім арасындағы сыйластық орнайды. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтап, өзара сыйластыққа шақыру.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, жаратылыстану, химия, биотехнология.

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану

Бастапқы білім


Бастауыш сыныпта өткен өсімдік түрлері, пайдасы мен зияны туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 мин


(С) Амандасу. Оқушылардың қал-жағдайларын сұрау.

Тақтадағы сұрақты қарау және талдау.(презентация 1 слайд)

Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай дақылдар көкөністерге жатады?Қосымша сұрақтар да қоюға болады:

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен оқыту мақсатын анықтау.

- оқушылармен жетістік критерийлерін, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу.

Сабақтың ортасы

5 мин





5 мин





5 мин

















5 мин

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.

«Жеміс дақылдары »туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды.

Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсерітуралы бейне жазбалар көреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай дақылдар көкөністерге жатады?

  • Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?

  • Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?

  • Өнімді өсіру барысындақажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады?

  • Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады?

Тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазу

су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ

Жеміс түрлері жазылған карточкалар талдау, мысалы, дәнекті, цитрусты, сүйекті, жемісті және осы дәнді-дақылдардың бейнелері салынған карточкалар. Оқушылар атаулары мен суреттері сәйкес келетіндей етіп карточкаларды жинайды.


Сыныпқа тапсырма:

Климаттық жағдайлары ең қолайлы мемлекеттердің жемістері мен дақылдарын және өсімдіктердің өсу мүмкіндіктері қолайлы елдерді зерттеуді (флипчартта орындауды) ұсыну.

Көктемгі өсімдік шаруашылғы.

Өңдеу, себу және отырғызу, суару.

Жұмысты орындау үшін материалдар мен құрал- жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін айту.


Сабақтың соңы

5 мин









Рефлексия

5 мин

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды

Зерттеу жұмысын бағалау критерийлері:

  • АКТ арқылы қажетті ақпаратты іздейді

  • Адам ағзасы үшін қажетті тағамдар тізімін жасайды

  • Дұрыс және тиімді тамақтану ережесін құрастырады

  • Жұмысын дұрыс рәсімдейді

  • Берілген уақытты ұтымды пайдаланады

  • Қорытынды жасайды


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет









































Күні:

Тақырыбы: . Еңбек ресурстары

Мақсаты – Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

Осы материалды талдау барысында халқы туралы толық мәлімет береді. Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).

Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі – протестант кең тараған. Православие – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері иудаизм, будда діндерін ұстайды.

Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі – Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.

Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу – 97%, Исландия – 92, Ұлыбритания – 89, Франция – 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).

Қорытыта келгенде, еңбекке жарамды адамдардың саны жоғары екендігін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды. 

 

Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Қысқаша конспект жазып отырады.

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

2. Ең көп тараған тіл әулеті?

3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.  

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.

3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.

4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасад



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12