400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6 сынып "Қазақтың ұлттық ойындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпта денешынықтыру пәнінен қазақтың ұлттық ойыны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар: 4-бөлім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары


Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары



Оқу мақсаттары:

6.2.7.1 - жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетудіі түсіну және қолдана білу



Сабақ мақсаттары:

Оқушылар өзін-өзі көрсетуді, ішкі бақылауды, үйлесім мен батыл, ашық, білімқұмар және көреген болу қабілеттерін дамыта алады.

Ойындар балаларға осы қасиеттерді алуға көмектеседі.

Оқушылар жүру амалдарын біледі , алдын ала дене,саусақ,көз жаттығуларын жасай алады.

Бағалау өлшемдері:

Ойын ережелерін біледі және түсінеді

Ойын барысында ұлттық ойындар ережелерін көрсетеді және түсіндіреді


Құндылықтар дарыту:

Шығармашылық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, адал болу; Бір-бірін құрметтеу.


Пән аралық байланыс:

Математика,


Акт қолдану:



Тілдік оқу мақсаты:

Оқушылар:

топтық тапсырмалардың әр түрлі жағдайда негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • ұлттық ойындар, асық, еңкею тақтайлары, құрсау, пластмасса доптар, қоржын ,тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау

  • жеті тас,қақпа доп(гольф),сақина салу,ақ сүйек , жеті тас,

  • орамал тастау,тұмақ ұру,шалма жіппен ойнау,қанталапай,

  • теңге алу,жаяу көкпар,шекем тас, ләңгі, шілік ойыны,

  • түйілген орамал, арқан тарту, күрес,ақсерек пен көксерек,


САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:









5 минут








Т.Қ.Е.С Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Орында (оңға,солға, кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және әнмен дене қыздыру жаттығуларын жасау.

Сергіту сәті: Тұрғын, үй, жер сілкінісі. Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшіншісі оқушы екі кісінің ортасында тұрады:

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.

2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады.(мадақтау арқылы бағалау)


Ж
аттығуды орындауға қажетті жабдықтар



Қазандық


Сабақтың ортасы:





30 –минут




















































1

2-тапсырма: – «Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.

Бұл ойын спорт залда, жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз. Алаңның екінші шетінен де шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.Бұны «Қазандық» деп атайды. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды төреші ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға салмағы 3(үш) кг доп қолданамыз. Төрешінің берген ысқырығы бойынша ойын басталады. Екі топтың ойыншысы ортада жатқан 3(үш) кг допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады. Көкпармен бірге алда жүгіріп бара жатқан ойыншы мәре сызығына қарай жақындайды. Қай топ көкпарды қазандыққа бірінші тастаса сол топ бір ұпай алады да ойын төреші арқылы көкпарды ортадан бастайды.Ойыншысы бірінші болып көкпарды жеткізген топ жеңімпаз атанады.

Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының«Қазандыққа» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды Егер белгіленген межелі жерден шықса, көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші арқылы басталады.Ойынға допты да пайдалануға болады. (бірін-бірі бағалау)

Сіздің міндетіңіз: жүгіріп бара жатып допты қазандыққа салу.Ойын қызметі барысында оқушылар «көкпарды» ұстап алу бойынша стратегия мен тәсілдерді қолдану қажет.

Тиым салынады: қатысушыны ұруға, арқасынан итеруге, бір біріне деген басқыншылық әрекетті қолдануға.

Топ бір ұпай алады. Қарсылас топ қарсыластардың жолын жауып, қарсылас топтың «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Жіктеу: доппен жұпта ойнау, қолдарынан ұстасып, алаң бойынша қозғалу қажет. Жұптың мақсаты – «көкпарды» «қазандыққа»салу,лақтыру.

Сұраңыз: Қай әдіс-тәсіл бір-бірімен жақсы үйлеседі? Ойыншының арасынан дұрыс өтуді қалай орындау керек?

Оқушылар ұсынылған жаттығу өрнектерін топтарда талқылау және талдау мен баға беру.

(екі жұлдыз бір тілек)
























Ашық сандық

«Кері байланыс»










Сабақтың соңы:

5 - минут

Оқушылармен кері байланыс:

-нені білдім, нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы-дене қаблеттерін дамыту жаттығуларына байланысты орнында секіру жаттығуын жасау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз

бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.



Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады.(бақылау парағы, бас бармақ, мадақтау,бағдар шам,бірін-бірі бағалау)

Денсаулық және Т.Қ.Е.С. «Жаяу көкпар»- ұлттық ойын әдістері,сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлерін жақсарту.



Сағындықов Нұрлыбек Сағындықұлы

№75 орта мектебі

Денешықтыру пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Арал ауданы

Қарашалаң ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
16 маусым
4586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі