жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 6-сынып. Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров "Шәкірт ойы"
|
3-бөлім: Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған. Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шәкірт ойы»өлеңі |
Мектеп: Жаңаөзен қаласы, № 9 орта мектеп КММ |
||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: А.Кирабаева |
||||||||||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар: 0 |
Қатыспағандар: 20 |
|||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т/Ж 6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; Т/Ж 6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту. |
||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқи алады. |
||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді |
|||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, үзінділерді жатқа айта алады. |
|||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді, үзінділерді мәнерлеп оқиды; - шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, үзінділерді жатқа айтады. |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады. |
||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық |
|||||||||||||||||
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам? |
|||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: - С.Торайғыровтың шығармашылығы туралы не білдіңдер? - С.Торайғыров кім? - Ақынның өнер-білім тақырыбына жазған қандай өлеңдері бар? - Ақын мақсаты «Шәкірт ойы» өлеңінің қай жолдарында берілген? |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдыққа баулу. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Абайдың қара сөздері |
||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру Ширату жаттығулары: 1.«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасау. Оқушылар Абай Құнанбайұлы туралы, оның шығармашылығы туралы білгендері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, бірін-бірі толықтырады. 2. «Сөзді тап» әдісі бойынша қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады. Қараңғы, қазақ, күн, жүрек, еңбек, бейнет, рақат, надандық, күлкі.
Д - Сұрақ қоя алады, сұраққа жауап бере алады; - Сөзді сипаттап, түсіндіре алады. Қалыптастырушы бағалау: Ауызша (оқушылардың жауабына сәйкес, өте жақсы, жарайсың, ойыңды нақтыла, толықтыр, бұл- жақсы жауап) |
Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктіліктерін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 3-күн, 6-үлестірме материал. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 20 минут (10 минут тапсырманы орындауға, 10 минут жауап беруге) |
Электронды оқулықтан өлеңді тыңдау. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша Өлеңнен түсініксіз сөздерді теріп жазады, мағынасын түсіндірме сөздіктен іздейді. Бейнет-азап, мехнат, машақат Рақат-керемет, ғажап, ғанибет Сарқылу-ақтарылу, барын салу 1-тапсырма «Кубизм» әдісі бойынша өлеңге талдау жасап, негізгі идеяны түсіндіреді. 1-қадам: тақырыппен танысады. 2-қадам: топтарға бөлінеді. 3-қадам: кубиктің көмегімен тапсырмаларды бөліп алады. 1-топ: суретте, салыстыр. Шығармадан алған әсеріңізді ақ параққа түсіріңіздер. Венн диаграммасын қолдана отырып, кешегі шәкірт пен бүгінгі шәкірт арасындағы ерекшеліктерін салыстырыңдар. 2-топ: байланыстыр, талда. Өлеңнің неге «Шәкірт ойы» деп аталғандығы туралы ой бөлісіңдер. Ақын өмірімен байланысын көрсетіңдер. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. 3-топ: қолдан, дәлелде. Ақынның атынан шәкірт ойын қарасөзбен жазыңдар. Ақын мақсаты «Шәкірт ойы» өлеңінің қай жолдарында берілген. 4- қадам: әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды. 5-қадам: жазған мәліметтерін топта талқылайды, таныстырылымға дайындалады. 6-қадам: жазған жұмыстары бойынша таныстырылым жасайды.
Д - Өлең мазмұнын түсінеді; - Өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді ( суреттейді, салыстырады, байланыстырады, талдайды, қолданады, дәлелдейді). Қалыптастырушы бағалау: Ауызша (оқушылардың жауабына сәйкес, өте жақсы, жарайсың, ойыңды нақтыла, толықтыр, бұл- жақсы жауап) кейбір оқушылар үшін: ( сен мұны бұдан жақсы жасай аласың, әлі де толықтыр, нақтылық жетпейді, т.б) Жазбаша. Топтар бірін-бірі бағалайды. Өзара бағалау парағы
2-тапсырма «Сократ шеңбері» әдісі бойынша оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге жиналады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар өлеңнің басын айтады, ішкі шеңбердегі оқушылар жалғастырып айтуы керек. Дескриптор: -Өлең үзінділерін мәнерлеп, жатқа айтады; Қалыптастырушы бағалау: Ауызша (Жарайсың, өте жақсы, дауыс мәнерің жақсы) |
Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, 33-бет
Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, 21-бет
Жаңа әдіс-тәсілдер
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Рефлексия 5минут |
«Рефлексия пирамидасы» әдісі
2.Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 нәрсе 3.Сіз білген үш мәлімет 4.Сіз үйренген төрт нәрсе
|
|
|||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс- Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||||||||
|
Білім алушылардың әр түрлі топтарын арнайы бағдарлап, жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әртүрлі нысанда саралау тапсырмаларын ұйымдастырамын. Тапсырмалар жеңілден басталып күрделеніп отырады. Білім алушылардың оқу және танымдық деңгейін, жеке қабілетін ескере келе, «Кубизм» әдісіне сала отырып саралауға тоқталдым. «Кубизм» стратегиясы бойынша: 1-қадам: тақырыппен танысады. 2-қадам: топтарға бөлінеді. 3-қадам: кубиктің көмегімен тапсырмаларды бөліп алады. 1-топ: суреттейді, салыстырады. Шығармадан алған әсерін жазады. Венн диаграммасын қолдана отырып, кешегі шәкірт пен бүгінгі шәкірт арасындағы ерекшеліктерін салыстырады. 2-топ: байланыстырады, талдайды. Ақын өмірімен байланысын көрсетеді. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды. 3-топ: қолданады, дәлелдейді. Ақынның атынан шәкірт ойын қарасөзбен жазады. Ақын мақсаты «Шәкірт ойы» өлеңінің қай жолдарында берілгенін дәлелдейді. 4- қадам: әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды. 5-қадам: жазған мәліметтерін топта талқылайды, таныстырылымға дайындалады. 6-қадам: жазған жұмыстары бойынша таныстырылым жасайды. Аталмыш тапсырмаларды өз таңдауы бойынша орындау арқылы білім алушы әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын аша алады.
|
Білім алушының білімін әр тапсырмадан кейін тапсырманы орындау деңгейіне қарап кері байланыс жасай отырып, ауызша, жазбаша бағаланады. «Кубизм» әдісінде топтар бірін-бірі өзара бағалау парағы бойынша берілген кестемен бағалайды. |
Сабақты қазақ тілі пәнімен байланыстыру арқылы оқушылар сауатты жазып, сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолдана біледі. Интербелсенді тақтаны білім алушыларға сабақ материалдарын деманстрациялау мақсатында қолданамын. Білім алушы сабақ барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясындағы адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдыққа баулу, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын оқушы бойына сіңіруге жұмыстанамын.
|
|||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Сабақ жоспарын белсенді оқыту әрекеті негізінде жан-жақты білім беруге бағыттай отырып, SMART мақсатына сай құрдым. Сабақ барысында нақты оқу мақсатына сай, білім алушыларға қолжетімді, уақытпен өлшенген, шындыққа негізделген тапсырмалар беруге машықтандым. Тиімді әдіс-тәсілдермен қамтылған сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты орындалды. Оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды топтасып орындады. Сабақта жоспарланған саралау тапсырмаларын қарапайымнан күрделіге қарай білім алушының қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп құрдым. Нәтижесінде білім алушылар өзіндік жеке көзқарасын білдіріп, түйінді ой айта алады, оқу және танымдық деңгейлеріне орай саралау тапсырмаларын орындай алды. |
||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: «Кубизм» әдісі бойынша өлеңге талдау жасап, негізгі идеяны түсіндіреді. 2: «Сократ шеңбері» әдісі бойынша оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге жиналып, өлең үзінділерін жатқа айтады. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Әдіс- тәсілдерді оқу деңгейіне қарай түрлендіріп отыру. 2: Саралау негізінде тапсырмаларды түрлендіру. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Тапсырманы оқушы деңгейіне орай жоспарлауды түсіндім. 2: Кейбір қабілетті оқушылардың ойлау деңгейі жоғары болуына қарай қосымша тапсырмалар дайындау керек екендігін білдім. |
|||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген