Сынып сағатының тақырыбы:
Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл
Мақсаты:
- Оқушыларға ақын, жазушы, фольклортанушы Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
- Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
- Туған елдің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып: 7
Уақыты: 40 минут
Құрал-жабдықтар: Слайд-презентация, ақынның кітаптары, бейнежазба (қажет болса)
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
I. Кіріспе (5 минут)
- Ұйымдастыру кезеңі
1 жүргізуші ,
«Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!»
2 жүргізуші
Өлеңімен өрнектеген өмірін,
Халқым деген ақын еді көңілін.
Өтебай Тұрманжанов- жүрекке от сыйлаған ,
Қош келдіңіз, тойлайық бүгін төл күнін.
1 жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең , менше сүй,
Дей келе Алтай Арудың орындауында «Балбырауын» күйі,
Өтебай Тұрманжановтың өмірбаяны
Өтебай Тұрманжанов – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, өлеңдері мен ертегілері арқылы бірнеше буынды тәрбиелеген көрнекті ақын. Ол 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан өңірінде дүниеге келген.
Балалық шағынан-ақ өлең мен ертегіге ерекше қызығып өседі. Ел аузындағы ертегілерді, жырларды жаттап, халық шығармашылығына терең бойлаған. Сол ықпал оның кейінгі шығармашылығында айқын көрініс тапты.
Өтебай алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, кейінірек Ташкенттегі педагогикалық техникумда білім алады. Жастайынан өлең жаза бастап, алғашқы шығармалары баспасөз беттерінде жариялана бастайды.
Ақынның еңбек жолы әдебиет пен баспагерлік қызметке тығыз байланысты болды. Ол ұзақ жылдар бойы баспаларда редактор болып істеп, қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Әсіресе балаларға арналған кітаптар, ертегілер, өлеңдер жазып, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне қызмет етті.
Ақынның халыққа кеңінен танылған туындыларының қатарында:
«Балаларға базарлық», «Қошақаным», «Зәуреш», «Құмырсқа мен көбелек», «Арыстан мен тышқан», сондай-ақ көптеген аудармалары мен ертеге-жырлары бар. Оның шығармалары тілінің жеңілдігімен, тәрбиелік мәнімен және ұлттық болмысымен ерекшеленеді.
Өтебай Тұрманжанов 20-шы ғасырдағы қазақ әдебиетіне айрықша із қалдырған дарынды тұлға. Оның мұрасы бүгін де өз құндылығын жоғалтқан жоқ, мектеп бағдарламаларында, балалар әдебиетінде кеңінен қолданылып келеді.
Ақын 1994 жылы дүниеден өтті, бірақ артында өшпес мұра қалдырды.
-
Өмірбаяны (слайд арқылы таныстыру):
Өлең шумақтарға кезек берейік
1.Туған өлкем- О.Айгерім
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан – алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем
2.Жыртық кітап жылады- Алтай Ару
Әр беті сатпақ, сатпақ,
Сірескен шимай-шатпақ.
Алма-жұлма жыртық кітап,
Өзіне қарап: жадап, жұтап;
Ашу қысып, ызаланып,
Иесіне бұрылып, назаланып:
— Ей, оқушы балам!— деді,
Қарашы өзің маған!—деді.
Жап-жаңа сүйкімді кітап едім,
Білім бұлағы саған,— деді.
Бірінші тоқсанға жетпей,
Азырақ сыйлап, құрмет етпей,
Белшеден кірге батырдың.
Қолға алғысыз болып жатырмын.
Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың,
Беттеріме білеулеп қолыңды сүрттің.
Қаламыңмен тесіп, түртіп
Шұрқ тесігімді шығардың,
Бұл қорлыққа қалай шыдармын?
Саған қызмет етуден басқа ниетім жоқ,
Бірақ жұртқа қарар бетім жоқ.
Ойланшы өзің, балам!
Не жазығым бар саған?— деп,
Ызалы, жыртық кітап жылады.
3.Кітапты сүй, балалар!- Шнбаев Бексултан
Қітабың болса қолыңда
Жалғызбын деп қынжылма,
Жолдасың бірге жолыңда
Айнымас дос мың жылға.
Кітапта адам өзіңдей
Сөйлесер бірге сөзіңді,
Отырып бірақ сезілмей
Әкетер билеп өзіңді.
Әңгіме айтар, сыр шертер,
Әдепті досың ақылды,
Ұстаз боп өнер үйретер,
Таппассың онан жақынды,
Мінезің болса оғаш, тік,
Ептеп мінеп сездірер,
Жақсыменен жақын қып
Жаманнан мүлдем бездірер.
Қітапты сүй, балалар!
Қітаппен дос бол жасыңнан,
Білім боп бойға таралар
Ықыласпен оқысаң.
4 Ай мүйізді ақ қошқар- Куралбай Іңкәр
Ай мүйізді ақ қошқар,
Ай мүйізді ақ қошқар.
Аппақ жылы тоны бар,
Ақ тақтайдай жоны бар.
Маңдайында дөңі бар,
Мойнында меңі бар.
Қойды айнала байқайды,
Ауыр басын шайқайды,
Қотанын сақ қорғайды,
Ит - құсыңа болмайды,
Ақ қанжарын сермейді,
Төлін жауға бермейді.
Қасқыр келсе, сүзеді,
Омыртқасын үзеді.
5.Кім неге барсын?-Тасбулатова Мерей
Тіл алғыш бала нанға
барсын,
Тілазар бала талға барсын.
Тілі тәтті бала шалға барсын.
Нан – тамақ болады,
Тал – таяқ болады,
Шал – қонақ болады.
6.Жыртық кітап жылады-Тоқтабай Нұрасыл
Әр беті сатпақ, сатпақ,
Сірескен шимай-шатпақ.
Алма-жұлма жыртық кітап,
Өзіне қарап: жадап, жұтап;
Ашу қысып, ызаланып,
Иесіне бұрылып, назаланып:
— Ей, оқушы балам!— деді,
Қарашы өзің маған!—деді.
Жап-жаңа сүйкімді кітап едім,
Білім бұлағы саған,— деді.
Бірінші тоқсанға жетпей,
Азырақ сыйлап, құрмет етпей,
Белшеден кірге батырдың.
Қолға алғысыз болып жатырмын.
Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың,
Беттеріме білеулеп қолыңды сүрттің.
Қаламыңмен тесіп, түртіп
Шұрқ тесігімді шығардың,
Бұл қорлыққа қалай шыдармын?
Саған қызмет етуден басқа ниетім жоқ,
Бірақ жұртқа қарар бетім жоқ.
Ойланшы өзің, балам!
Не жазығым бар саған?— деп,
Ызалы, жыртық кітап жылады.
7.Осы – біздің Оңтүстік-Базарбай Айнұр
Қауашағын қақ жарған,
Ақ мақтасы-ақ маржан.
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік.
Қарбызы бар келідей,
Қауыны аттың беліндей.
Асқабағы аяқтай,
Пиязы бар табақтай.
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік
8.Тікен – гүлін қорғайды- Базарымбет Алмаз
Терек – бүрін қорғайды,
Тікен – гүлін қорғайды,
Ара – балын қорғайды,
Құлан – қағын қорғайды,
Киік – лағын қорғайды,
Шағала – көлін қорғайды,
Шопан – төлін қорғайды,
Егінші – жерін қорғайды,
Ер жігіт – елін қорғайды.
9.Қарлығаш- Серікқалиұлы Ілияс
Келген соң көктем айы: апрель,
май,
Бөленді гүл жібекке сала мен сай,
Шелектеп нөсер төгіп, жаңбыр жауып…
Жасырынды өскен нуға тана мен тай.
Қызғалдақ қызыл арай қырмызы бел,
Салқын тау, саялы көл, самалды жел.
Қой қоздап, ешкі лақтап, сиыр туып
Мәз-мейрам зор мереке жаздағы ел…
Инелік, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа,
Бәрі де кірісіпті зор жұмысқа.
Бал-ара гүлге қонып, балын теріп,
Өзінше әрқайсысы етіп нұсқа.
Шегіртке шырылдауық, жылан, қоңыз,
Бұлар да тамашалап тартып қобыз,
Есекқұрт, шұбалшаңдар кесек құйып,
Сан жәндік тіршілікте «тоқсан-тоғыз».
Ән шырқап көкте ұшқан бозторғай да,
Тырбанып ұя сап жүр таса жайға.
Көк-жасыл, қызыл ала көбелектер
Гуілдеп ұшып қонған сайдан-сайға.
Алақаз көл бетінде көкала үйрек,
Ойнақшып о да өзінше салар ирек.
Қозғалса құрақ кенет құйын желмен,
Шошынып су сабалап ұшар түйдек.
Мен айтып жетермін бе жаздың сәнін!
Жалындап жазды сүйер менің жаным!
Жан бар ма жазды сүймес дүниеде?
Жазда ғана төгеді бұлбұл әнін…
10.Мысық пен жолбарыс- Қошқарбай Айкөркем
Жолбарысты «жақыным» деп,
Арыстанды «батырым» деп,
Қасқырды «қайсарым» деп,
Қабыланды «май сарым» деп,
Қара аюды «көршім» деп,
Түлкіні «елшім» деп,
Тыныш жатқан тоғайға,
Тоғайдағы көп аңға
Бір тарғыл мысық келе қалды.
Айдар көңілін бөле қалды.
Көзін ежірейтіп,
Мұртын едірейтіп:
– Жолбарыстың жиенімін, – деп, –
Арыстанның теңімін, – деп, –
Тұмсығын көтеріп қойды,
Азырақ жөтеліп қойды.
Аяғын шіреп басып,
Маңғазданып зәрін шашып,
Жан-жағына қарап қойды,
Өзін әлдекімге балап қойды.
Көзіне қоян көрінді,
Оған өзі Ноян көрінді.
Әлде қоян мысықтан жерінді,
Жыбырлатып төменгі ерінді,
Көзін қылитып,
Құлағын жымитып,
Секіріп кейін шегінді.
Сонда оған тарғыл мысық,
Күлімдеп көзін қысып.
Назарын үйірді,
Табанда бұйырды:
– Күніге бір қоян салық!
Семізін ұстап
Өзің кел алып.
Сойып бер! – деді, –
Көз майын ойып бер, – деді, –
Тілегі орындалды,
11.Нан қиқымын шашпаңдар-
Бақытбек Абзал
Нан – ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы -
Нан қиқымын шашпаңдар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.
12.Жасыбайдың үңгірі- Жумамурат Нұрай
Балалар-ау, балалар!
Баян тауға барайық.
Басып кеткен баяғы
Батыр ізін қарайық…
Жақтауы тас, мінеки,
Жасыбайдың үңгірі.
Жолын кесіп жауының
Жатқан екен бір күні.
Елім қамын етсін деп,
Жауды жалғыз бөгепті.
Жыламай ержетсін деп,
Бесіктегі бөбекті…
Жауды мұқап жасытқан
Жартастай боп Жасыбай,
Жауға тиген жасылдай
Жасыбайдың батыры-ай!
13.Арша дейтін ағаш бар- Серік Рамазан
Арша дейтін ағаш бар,
Тасты жарып шығатын.
Бір қарысын аталар
Тіс тазартқыш қылатын.
Жанап кетсең жанына,
Жұпарын сыйлап себетін,
Қайсарлық құйып қаныңа,
Батырлық дәнін егетін.
Аталар сүйген ағашты
Қалаға әкеп егейік.
Жанынан өтсе жарасты
Жұбайға жұпар себейік.
Жас аршадай жұпарлы,
Жігерлі болсын жасымыз.
Оқуға салып құмарды
Білімге толсын басымыз.
14.Қарабай-ау, Қарабай!-Базарбай Нұртас
Қарабай-ау, Қарабай!
Шаш қойыпсың тарамай.
Өсіріпсің қарамай,
Басың болды шарадай!
Басты баптап күтпесең,
Жүрмесін іске жарамай!
Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да,
Тазалық керек асқа да.
Шашы ұзын, таза, келісті,
Болсаңшы анау сорадай!
15.Өс, Ұлан!-Адлет Адия
Сау болсын десең
Он екі мүшең -
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт!
Бойыңа – құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс, Ұлан!
16.Жаңа туған жас бұлақ-Жұбатқан Айзере
Жаңа туған жас бұлақ
Жадырап жазды қарсы алды.
Тебініп тасты атқылап,
«Жолымды аш!» деп жар салды.
Тастан тасқа ойнақтап,
Толқын атып, күледі.
Тауда туған мұз балақ
Биік құздың түлегі.
Такаппар, долы, толқын жас,
Тасты тесіп тіледі.
Жазыққа шықпай жай таппас
Оның сері жүрегі.
1 жүргізуші.
Ортаға назар аударайық,ағайын,
Әуенмен бірге толқысын әр қадамың,
Мың бұралған бишілерді қарсы алып,
Қошеметпен ортаға шақырайық
«--------------------------------------»
Алтай Ару және Адлет Адия
Өтебай Тұрманжановтың негізгі шығармалары – Алтай Ару және Ордабай Айгерім.
? Балаларға арналған өлеңдері
• «Қошақаным»
• «Зәуреш»
• «Балаларға базарлық»
• «Туған өлкем»
• «Суды үнемдейік»
• «Анашым»
• «Көктем келді»
• «Құстар қайтты»
• «Жаңбыр жауды»
Бұл өлеңдер тәрбиелік мәні зор, тілге жеңіл, бастауыш сыныптарға арналған.
? Ертегілері мен мысалдары
Тұрманжанов көптеген халық ертегілерін өңдеп, балаларға лайықтап қайта жазған. Ең танымалдары:
• «Арыстан мен тышқан»
• «Құмырсқа мен көбелек»
• «Аю, қасқыр және түлкі»
• «Жыланның баласы»
• «Қызыл телпек» (өңдеген нұсқасы)
• «Құлыншақ»
• «Қоянның көңілді күні»
? Әңгімелері
• «Біздің үй»
• «Туған жер»
• «Жомарт бала»
• «Қоңыр қозы»
Бұл шығармалары балалардың еңбекке, мейірімге, достыққа баулиды.
? Аудармалары
Өтебай Тұрманжанов көптеген әлем және орыс жазушыларының шығармаларын қазақшаға аударған:
• Крылов мысалдары
• Пушкиннің балаларға арналған шағын өлеңдері
• Орыс халық ертегілері
• Орта Азия халықтарының ертегілері
Бұл аудармалары арқылы қазақ балалары басқа халықтардың әдебиетімен танысты.
? Жинақтары
• «Балаларға базарлық»
• «Қошемет»
• «Жыл он екі ай»
• «Таңғы шық»
• «Жеткіншектерге жыр»
Бұл кітаптарда ақынның балаларға арналған өлеңдері мен ертегілері жиналған.
2 жүргізуші.
Бұл өмірде ең қастерлі, ең аяулы жан – Ана
Ананың мейірімі -таусылмас қазына,
Ананың жүрегі -балаға мәңгі пана
Ендеше, жүрекке жылу сыйлайтын
«Ана» атты көрніске назар аударайық!
Автор – О.Айгерім
Ана- Алтай Ару
Баласы- Базарымбет Алмаз
Мұғалім -Адлет Адия
Сыныптастары : К.Айгерім ,Айнур,Іңкәр ,Мерей,Абзал,Тілек .
Автор:Кіші ауылда кішкентай үйде жалғыз басты ана мен мектеп те оқитын жасқа жеткен баласы бар.Олардың жағдайы төмен болды. Сол себепті баласы ылғи шағымданып анасын кінәлі санайтын.
Өтебай :Анашым менің бұл мектептегі алғашқы күнім маған өте көп ақша берші.болмаса мына кедейліктен шаршадым дейді.
Анасы: балам мен жұмыс жүрген жоқпын. Өте көп ақшам жоқ дейді.
Өтебай :Ана сізде қашан ақша болады. Маған тез арада ақша берші. Деп айқайлайды.
Анасы: Балам ашуланып ренжімеші мен жұмыс істеймін.Қазір менде 500 теңге бар берейін ба?
Өтебай : Мазақ қылып тұрсың ба? Мына 500 т қайда жетеді. Деп ауыр сөздер айтады.
Автор: анасы үнсіз іштегі қынжылады. Негізінде анасының дерті бар еді бірақ баласы оны білетін.Ол анасына ауыр жұмыс істеуге болмайтынын біледі.Сонды да айамайды.Алмаз сабаққа барды және оның үстінде арзан киімдер .Сыныптастары өте бай болатын. Алмаз өзін ыңғайсыз сезінді.
Мұғалім: сендердің жаңа сыныптастарың -деп таныстырды.
Сыныптастар: апай біз бәріміз баймыз мынау қыш тағы басқа сыпқа барсыншы -деп оны түсіріп тастайды.Алмаз жай ғана орынға отырады. Үйіне келіп қатты долданып анасына ауыр сөздерді тағы айтады.
Баласы: анашым мені жақсылап асыраңыз болмаса балалар үйіне өткізгеніңіз Күндердің бір күні анасы үйде шай ішіп дәрі жеп жатқан кезде толып қалады.
Алмаз қатты шалып анашым не болып қалды тұрыңызшы мен сіздің қадіріңізді білетін деп өкініп өлең оқиды.
А: Баласы сен қатеңді біліпсің деп анасынан кешірім сұрайды.
Бақытбек Абзалдың орындауында -------------------------------------
- Ойынға сұрақтары: Фортуна
1. Өтебай Тұрманжанов кім болған?
– Қазақтың көрнекті ақыны, балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
2. Ақын қай жылы дүниеге келген?
– 1905 жылы
3. Ол балаларға арналған қандай шығармалар жазған?
– «Қошақаным», «Зәуреш», «Көктем келді», «Балаларға базарлық» және басқа өлеңдер, ертегілер.
4. «Қошақаным» өлеңінің авторы кім?
– Өтебай Тұрманжанов.
5. Ақын қандай жанрларда жазған?
– Өлең, ертегі, мысал, әңгіме, аударма.
6. Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері кімдерге арналған?
– Негізінен балаларға.
7. Ақын шығармаларында қандай құндылықтар насихатталады?
– Мейірімділік, еңбекқорлық, табиғатты қорғау, достық, анаға құрмет.
8. Өтебай Тұрманжанов қай өңірде дүниеге келген?
– Түркістан өңірі, Оңтүстік Қазақстан.
9. Ол қай оқу орнында білім алған?
– Ташкенттегі педагогикалық техникумда.
10. Ақынның ең танымал жинақтарының бірін ата?
– «Балаларға базарлық».
11. «Балаларға базарлық» жинағында қандай шығармалар бар?
– Балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, қысқа әңгімелер.
12 Ақын қандай ертегілерді өңдеп жазған?
– «Арыстан мен тышқан», «Құмырсқа мен көбелек», «Аю, қасқыр және түлкі» және басқа халық ертегілері.
13 Тұрманжанов шығармаларының басты ерекшелігі неде?
– Тілінің жеңілдігі, тәрбиелік мәні, халық ауыз әдебиетіне жақындығы.
14 Ол не себепті балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі деп саналады?
– Балаларға арналған көптеген өлең, ертегі, мысал жазып, қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан.
15 Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі қандай?
– Балаларға бағытталған көркем, түсінікті әрі тәрбиелік мәні зор шығармалар жазып, арнайы жинақтар шығарып, әдебиеттің осы саласын дамытуға үлкен үлес қосты.
1 жүргізуші
Жырменен баланың жүрегін тербеген ,
Өтебай- өсиет, өнеге өрнеген
Балалық әлемін жырменен танытып,
Мәңгілік мұра боп қалды елге өнбеген.
2жүргізуші
Балалық шақтың әніндей,
Жырларды мәңгі жаңғырар
Өтебай ақын өнегесі
Ұрпаққа жол боп қалдырар
1 жүргізуші
Осымен Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арналған бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды.
Сау- саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 7 Б сынып.Жазушы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл

шағым қалдыра аласыз