400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ. 7-сынып. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекшелігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекшелігі

Мектеп: №3 орта мектебі

Күні: 25.01.19ж

Мұғалімнің есімі: А.Дуйсекова

СЫНЫП: 7ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.7.1.1-көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


көркем шығармадағы кейіпкерлер типі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

Сәлемдесу үлгісі

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»



Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

«Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті».
«Батыр Баян» поэмасын құрылысына қарай талдау.
Жалпы сұрақ.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы.
І. Шығарманың басталуы (неден?)
ІІ. Оқиғалар байланысы (Баян қайда, батырсыз соғысқа қалай барамыз?)
ІІІ. Дамуы (Ноянның 14 - тегі қалмақ қызын алып қашуы)
ІҮ. Шиеленісуі (Батыр Баян інісі Ноянды, қалмақ қызын атып өлтіреді).
Ү. Шешуі: Батыр Абылайға қарсы өзінің көзқарасын білдірді.
Баян қалмақтарға қарсы шықты.
Оқушыларға жалпы сұрақтар берілді.
- Поэма ұнады ма?
- Поэманың таңғалдырған тұсы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?
- Поэмада Абылай қалай суреттеледі?
Оқушылар жауап берді.
Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне күш салды.
Дәптермен жұмыс.
Баян туралы білетіндерін жазу.
Тарихи дерек.
1710 - 1757 жылдар аралығында
өмір сүрген. Абылайдың серігі,
ағасы Сары екеуі, Қарағанды
облысында бейіті бар.
Поэма
Жаудың албастысы. Абылайдың
қанаты, қанды балақ серігі.
Ноянның ағасы, ел еркесі.
Ауқымды сұрақтарға кезек.
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.



«Талдау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

Жаттығу жұмыстары



Аяқталуы 20 минут

Синтез

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.
Үлгі:
1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.
Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян Абылайдың қанатты батыры.
5. Кім? Адам.
Бекіту. «Авторлық орындық».
Автор – Мағжан Жұмабаев.
1. Сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
2. Туған жеріңіз қай жер?
3. Қайдан білім алдыңыз?
4. Ең алғашқы өлеңдер жинағыңыз қалай аталады?
5. ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдайды бейнелейтін шығармаңыз.



Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1686
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі