Ашық сабақ. 7-сынып. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. «Баянның батырлығы Алашқа аян»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. 7-сынып. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. «Баянның батырлығы Алашқа аян»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. 7-сынып. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. «Баянның батырлығы Алашқа аян»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті

Бөлім:

3-бөлім: Балалар мен үлкендер

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. «Баянның батырлығы Алашқа аян»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.4.1. көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.2.3.1.шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айта алады. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдай алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

Құндылық: заң және тәртіп

-қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы



5 минут





































Сабақтың ортасы

10 минут





































































































10 минут







































































































































































15 минут







































































Сабақтың соңы

5 минут
















1.Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысуын түгендеу.

Психологиялық ахуал

Мен қандай адаммын?

2.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады

Ойтүрткі

1-тапсырма

1. «Батыр Баян» поэмасының кейіпкерлері кімдер? 2. Поэмада қазақ тарихының қай кезеңі суреттеледі?

3. Баян батыр поэмада қалай сипатталған?

4. Қалмақ қызы қандай жағдайда қолға түседі?

5. Ноян туралы не білдіңдер?

6.Неліктен Ноян қалмақ қызының ұсынысын қабыл алады?

7.Неліктен Батыр Баян екі жасты өлімге қияды?

ЕББҚ оқушыға тапсырма

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.
Үлгі:
1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөйлем 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.
Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян - Абылайдың ең сенімді батыры.


5. Кім? Тарихи тұлға.

2-тапсырма

Шығармадан негізгі кейіпкерлердің бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Кейіпкерлерге тән қасиеттерді жазыңыз.

Кейіпкер

Кейіпкерге тән қасиеттер

Баян


Ноян


Қалмақ қызы


Абылай хан




Өзіңді тексер!

Кейіпкер

Кейіпкерге тән қасиеттер

Баян

ел еркесі, алаш батыры, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға

Ноян

Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал

Қалмақ қызы

Сұлу, әдемі сөйлейді, ерке, лебізі жұмақ желіндей.

Абылай хан

ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.









3-тапсырма

1)Көркемдегіш құралдарды сәйкестендір.





Осылай іштен күйген батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян

Эпифора

Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан,

Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.

Ассонанс

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Анафора

Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,

Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті...

Риторика

лық сұрау

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Синекдоха

Қалың қол ортасында Батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,

Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Эпитет

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».

Аллитера

ция



Дұрыс жауабы



Осылай іштен күйген батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян

Анафора


Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан,

Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.

Аллитера

ция

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Ассонанс


Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,

Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті...

Эпифора

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Риторика

лық сұрау

Қалың қол ортасында Батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,

Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Синекдоха


Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».

Эпитет



2) Поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазыңыз, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдаңыз.



4-тапсырма:

«Батыр Баян» шығармасынан жаттаған соңғы шумағыңыздағы ойды ПОПС формуласы арқылы жеткіз.


Сіз жаттаған шумақ:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!





ПОПС формуласы

1.Менің ойымша.......

2.Себебі, мен оны былай түсіндіремін......

3.Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын.....

4. Осыған байланысты мен мынандай шешімге келдім.........


Рефлексия

Үйге тапсырма: 11-тапсырма

Психологиялық ахуал

Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.





Өткен сабақты қайталау мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді.















Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме береді.




























Шығармадан негізгі кейіпкерлердің бейнесін танытатын жолдарды табады. Кейіпкерлерге тән қасиеттерді жазады.





















































































Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіреді.





































































































































Поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазады. Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.











































Ықтимал жауап:

1.Менің ойымша үзіндіде ерлік жасаған батырлардың аттары ұмытылмайтындығы айтылған.

2.Себебі, ерлерді ел ұмытса да оны туған жері, желі, даласы ұмытпайды дейді, егер олар ұмытса онда елі ұмытпайды.

3.Оны мен сел ұмытпас,жел ұмытпас деген жолдармен дәлелдеймін.

4.Осыған байланысты мен нағыз батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды деген шешімге келдім.



































Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады.

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!









Дескриптор:

Білім алушы

-кейіпкердің кім екенін жазады- 1 балл,

-екі сөзбен сипаттайды – 1 бал,

-үш сөзбен не істегенін баяндайды – 1 балл,

-төрт сөзбен сөйлем құрайды – 1 балл,

-кейіпкер есімінің синонимін жазады – 1 балл.











Дескриптор:

-негізгі кейіпкерлерді біледі – 2 балл

-кейіпкер бейнесін танытатын жолдарды анықтайды – 2 балл

-кейіпкер қасиеттерін жазады – 1 балл.





























































Дескриптор:

Білім алушы

-көркемдегіш құралдарды ажыратады – 1 балл;

-ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді – 1 балл

-поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазады – 1 балл;

-поэмадағы көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды – 2 балл

































































Берілген тапсырмалар

дың барлығына

«ұялы телефон» арқылы өзін-өзі бағалау жүргізеді.

















































Дескриптор:

Білім алушы

-өз ойын білдіреді,

-себебін түсіндіреді,

-мысалдармен дәлелдейді,

-қорытынды шешімін айтады.



Оқулық

7-сынып

«Атамұра» баспасы

2017жыл







ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ













Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

7-сынып

















Оқулық

7-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі