Материалдар / Ашық сабақ 8 саны мен цифры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 8 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
840
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

8 саны және цифры

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі: Уалиева Лаура

СЫНЫП:0 «г»

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаты:

  1. натурал сандарды алу жолын біледі;


  1. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;


  1. бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;


  1. цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;


  1. бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;


  1. +”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. цифрлар жазылған парақшалар;


  1. қарындаштар;


  1. сыныптағы барлық оқушыға арналған белгі беретін тақтайшалар;


  1. сызғыштар;


  1. сегізаяқтың суреті.

Тірек сөздер

сегіз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 8 санымен, оны алу жолымен, оның сандық сәуледегі орнымен және құрамымен таныстыру, 8 цифрын жазуды үйрету.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Сабаққа қатысты деректі материалдар

8 саны — натурал сан және натурал сандар

қатарында 7 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 8 санының құрамымен және оны алу-

дың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. 8 санын сандық сәуледегі басқа сандармен салыстыруға,сандардың құрамы бойынша және сандық сәуледе оңға немесе солға орналасуына қарай 1, 2, 3, 4,5, 6, 7 сандарымен байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 8 цифрын дұрыс және көркем жазуды үйрету қажет.Сабаққа арналған ескертпелер

Сабақты заттарды санауға жаттықтырудан бастаңыз;— сыныптағы терезе, парта, шкаф, орындықтарды санатыңыз;— оқушылардан сынып ішінен ұнататын түстегі — киімдегі түймелерді, сынып бөлмесіндегі құ-мыраларды санап шығуын сұраңыз.


Оқушыларға сандық сәулені қолдану арқылы орындалатын жаттығуларды орындатыңыз. Оқушы-ларға “Санды тап” ойынын ұсыныңыз. 1-ден 7-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды бет жағын тақтаға қаратып орналастырыңыз. Оқушыларға па-рақшалардың солдан оңға қарай реті бойынша орналасқанын хабарлаңыз. Парақшалардың санын санап беруді сұраңыз. 5 санын ашу үшін неше парақша санау керектігін сұраңыз. Тексеріңіз. Қа-лауыңыз бойынша тағы да бірнеше сандармен жұ-мыс істеңіз.

Жеті оқушының тақтаға шығуын сұраңыз. Сынып-тағы оқушылардан тақтаға шыққан оқушылар санын дауыстап санауды сұраңыз. Сосын тағы бір оқушыны тақтаға шақырыңыз. Енді тақтада неше оқушы бар екенін сұраңыз. Тақтадағы оқушы саны азайды ма, әлде көбейді ме деп сұраңыз. Сан түзуінде 8 саны қай саннан кейін тұратынын сұраңыз. 8 саны бар парақшаны сандық сәулеге қойыңыз. Оқушылар алдарына сызғышын қойып, одан 8 санын табуы керек. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “8 санының сол жағында қандай сандар тұр?” (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7).

Суреттегі түйелерді сана. Тапсырманы бүкіл сынып болып орындау ұтымды. Оқушылар оқу-лықтағы суретті қарастырып, мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

Керуенде неше түйе бар? (Жеті.)

Керуенге неше түйе жақындап келеді? (Бір.)

8 саны қалай шықты? (Жетіге бірді қосу арқылы.)


Шығарып көр. Оқушылардан сегізаяқтың аяқ санын және аяқкиім санын қайта санап шығуды сұраңыз.


Жауабы:


8 аяқкиім; аяқкиімі бар (4) және аяқкиімсіз (4) аяқтар саны тең.


Орындап көр. Топ бойынша “Кім бірінші болып 8 түсті атап шығады?” сайысын ұйымдастырыңыз.


Жуық жауаптар:


қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көгілдір, қызыл сары, ашық қызыл, қара.


Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сан-дық сәулеге сүйене отырып, 8 саны көлеміндегі қо су және азайту амалдарының барлық жағдайларын қарастырыңыз.





  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөзді айтып жаттығу үшін оқушыларға “сегізден” бөлінуді және әр сегіз адамдық топ ішінде 7-ге дейінгі сандарды атап шығуды ұсыныңыз. 8 санын айтуға кезек келгенде осы санды айтатын оқушы оны басқа сөзбен тіркестіріп айтуы керек.


Сегіз жапырақтың суретін сал. Оқушылар 8 санын белгілі бір заттың санымен байланыс-тыруды және заттың осы санын елестетуді үйренуі керек.

Сандарды тура ретпен жаз. Кестедегі екін-ші жолға жоғарыдағы санмен саны сәйкес келе-тіндей етіп, нүктелер қою керек. Орындау үлгісі көрсетілген.

Жауабы:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.

>, =, < белгілерін қой. Оқушыларға тапсырма-ны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз да, содан кейін өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

сандық сәуледен 8 санының орнын табуды;

8 санын әртүрлі тәсілдермен алуды;

8 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушының сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру

үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

Сандық сәуледе 8 саны қай жерде орна-ласқан?

8 санын әртүрлі тәсілдермен қалай алуға болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!