Ашық сабақ, 8 сынып, Адам қаңқасының құрылысы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, 8 сынып, Адам қаңқасының құрылысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі. Сабақта әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылды.Сергіту сәті «Сүйектер билейді», оқушылар экранда көрсетілген іс әрекеттерді қайталап орындайды. Рефлексияға Wordwall платформасында тапсырма орындады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кафедра

отырысы хаттама № _

қаралды:

__________Р.Г.Жайлаубаева

«......»..................2025ж

Келісілген:

Оқу ісінің меңгерушісі


________Н.А.Садыкова

«......»..................2025ж

Бекітемін:

«Оралхан Бөкей атындағы №44

лицейі»КММ директоры:

__________ Ж.Қ.Назарбаева

«......»..................2025ж









Ашық сабақ

Пән: Биология

Тақырыбы: Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің

маңызы мен қызметі

Сыныбы: 8«В»



Пән мұғалім: Мананова М.Н


























 2024-2025 оқу жылы

Сабақ жоспары


Білім беру ұйымының атауы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Бөлім:

8. Қозғалыс

Педагогтің аты-жөні:

Мананова Меруерт Насылхановна

Күні:

23.01.2025ж

Сыныбы: 8 В

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау


Сабақтың мақсаты:

Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін біледі, сүйектің түрлерің ажырата алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушылар тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін сипаттай алады.

Бағалау критериі

Оқушы тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін сипаттайды.


Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық

Сабақ барысында оқушылар топтық және жұптық тапсырмалар орындау арқылы бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істейді, пікір алмасып, бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұл олардың топта жұмыс істеу, басқа пікірлерді тыңдау және құрметтеу дағдыларын дамытады.

Пәнаралық байланыс

Химия

Алдыңғы білім

Терінің құрылысы мен қызметі, тері аурулары

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Ыстық алақан» әдісін қолдану.

Топқа бөлу:

«Flippity» платформасы арқылы топқа бөлемін.

1. Бас сүйек

2. Тұлға

3. Қол- аяқ

4. Омыртқа

Топ басшысын сайлайды, топ басшысына «Бағалау парағы» беріледі.Топ ережесі тақтаға ілінеді және айтылады

  • Топта белсенді болу

  • Бір-бірімізбен сыпайы сөйлесу

  • Кезекпен сөйлесу

  • Бір біріне көмектесу

  • Ортақ шешім қабылдау


б) Үй жұмысын тексеру. Дескриптор: Жалпы – 3 балл

«SlidesMania» платформасында бақа ойынын ойнатып сұрақтарға жауап беру.

1. Сүтқоректілер денесінің сыртқы жамылғысы? (тері)

2. Терінің сыртқы бірінші қабаты? (эпидермис)

3. Эпидермистің сыртқы қабаты? (терінің мүйізді қабаты)

4. Эпидермисте жасуша құрамында болатын пигмент? (меланин)

5. Терінің ортанғы қабаты? (дерма)

6. Дерма неден түзілген? (тығыз дәнекер ұлпасынан)

7. Теріге беріктік пен эластикалық қасиет береді? (дерма)

8. Терінің үшінші қабаты? (теріасты май жасұнығы)

9. Теріасты май қабатының маңызы? (амортизатор, жылуоқшаулағыш, қоректік заттар қоры)

10. Терінің тыныс алу қызметі? (тері қосымша оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. 5% тыныс алу)

11. Терінің қорғаныш қызметі (соққыдан,зиянды заттардан,ультракүлгін сәуледен)

12. Терінің кең тараған саңырауқұлақ тудыратын ауру(теміреткі)

13. Қышыма қотыр ауруын тудырады(қышыма қотыр кенесі)

14. Безеу бөртпелер пайда болу себебі(бактериялар)

15. Теміреткі ауруы кезінде зақымдалады(тері, шаш пен тырнақ)

16. Теміреткі пайда болған жерде(шаш түсіп қалады)

17. Безеу бөртпелері пайда болуінің ішкі себептері(зат алмасу, гормондық өзгерістер)

18. Безеу бөртпелерімен күресудің медициналық емес әдісі(теріні таза ұстау)

19. Қай дәрумен жетіспеген кезде тері құрғап, жарылып кетеді(А дәрумені)

20. Денені сыртқы әсерден қорғайды(тері)

Жаңа сабаққа кіріспе

2 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

«Бұл модель не дейді?» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқ

ылау.

1. Мына модельден нені көріп тұрсыңдар?

2. Баланың сүйегінің ересек адам сүйегінен қандай айырмашылығы бар?

3. Адам денесінде қанша сүйек бар?


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады; Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Презентация

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

8 мин.

Жаңа сабақ бойынша 3D видеоролик көру. Mozaik платформасықолданыладыОқулықтағы жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазып алады.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы – 1 балл

Адам қаңқасының құрылысын сипаттаиды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып 3 D видеоролик көру mozaik платформасы

7 мин

Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



Сергіту сәті «Сүйектер билейді»

1-Тапсырма. Жұптық жұмыс

1. Әр бір ұяшықтағы сұрақтарға жауап жазады.

Оқушылар экранда көрсетілген іс әрекеттерді қайталап орындайды

Дескриптор: Жалпы – 3 балл

1.Тапсырманы орындайды.

2.Ұяшықтарды толтырады.



ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.






Мағынаны ашу.

13 мин












Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.














2-Тапсырма Топтық жұмыс

1-топ Сұрақ: Бас сүйек қанқасының бөлімдерін атау

1. Адам қаңқасының моделін жасайды (құлаққа арналған таяқшаларды қолданады)

2-топ Сұрақ:Тұлға сүйектерінің бөлімдерін атау

2. Адам қаңқасының моделін жасайды (су ішуге арналған түтікті қолданады)

3- топ Сұрақ: Қол сүйектерінің бөлімдерін атау

3. Адам қаңқасының моделін жасайды (макарон өнімдерінен)

4- топ Сұрақ: Аяқ сүйектерінің бөлімдерін атау

4. Адам қаңқасының моделін жасайды (қанқаны қима қағаздан жасау)

Дескриптор: Жалпы – 3 балл

1.Тапсырманы анықтап, сипаттайды.

2.Формула құрастырады.












ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.
















Сабақтың соңы

Рефлексия

7 мин.

Бекіту кезеңі

Wordwall платформасында тапсырма орындайды Бағалау парағы бойынша

жүзеге асады.

Оқушылар бүгінгі өткен сабаққа кері байланыс жасайды. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Бақылау жасау, қорытынды шығару.Топ басшылары топ мүшелерін «бағалау кестесі» арқылы бағадайды.

Күнделік кз-ке ФБ балл қойылады.



Үйге тапсырма

31 параграфты оқу 129-132 бетті мазмұндау,





 

 


















 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі