|
«Сұрақтарды қағып
ал»
1. «Білім» және «білімді»
деген сөздің қандай айырмашылығы
бар?
2.Білімдің өмірде пайдасы
бар ма?
3.Кітап білімді болуға
қажетті құралма ?
Мәтіналды
тапсырма
Мәтінмен
жұмыс
Дүниенің сырын
білуге есік ашатын алтын кілт – білім . Дана бабаларамыз
: ”Күш білімде , білім
кітапта”, “Мұхит басы –бұлақ
,білім басы-кітап”-деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген
Егеменді еліміздің ертеңі –ұрпақ. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы
игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі.
Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет
арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының
жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз –
алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап
оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік » - деген еді Ғабит
Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен
түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір
адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын
алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда
төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен
Шекспир. Қазақтың ұлы ақыны Абай
“Кітап оқу адамды білімді етеді,жазып отыру әдеті сауатты
етеді”,-дейді. Ал Конфуций :”Білген адам өкінбейді, мейірбан адам
мазасызданбайды, батыр адам
қорықпайды”,-деген.
Ерінбей оқып,
талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрімен
сусындайды. Мұндай адам қашан да халқының ықыласына бөленеді . Асыл
мұратына арман-мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер
данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек.
Осындай ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды ақын-жазушылардың
шығармаларын оқыған адам білімді,тәрбиелі, өнерлі болып
өседі.
Сөздік жұмыс:
мұхыт
басы-
еңсесі-
игілік-
тағылымының-
тағылым-
ғибрат-
өнеге-
Мәтін
ішінен сұрақтар
1.Мәтінде негізгі
идея не ?
2. Дүние сырын
не арқылы ашық түсінеміз ?
2.Білім туралы
бабалар қандай пікір айтқан
?
3.Егемен
еліміздің болашағы не үшін жастар деп
аталған?
4.Өнегеге толы
кітаптарды көп оқыған адам қандай болып өседі
?
5.Қазақтың ұлы
ақыны Абай кітап туралы қандай пікір айтқан
?
6.Мәтінге
қандай ат лайық ? Неге ?
1-тапсырма .Жұптық
жұмыс
Мәтін ішінен автор сөзі мен
төл сөз қатысқан сөйлемді тап. Төлеу сөзге
айналдыр.
Жағдаяттарды
шешу.
-
Арман мен Самат кеше
сабақтан кейін «білім», туралы әңгімелесті.Арман анасының айтуы
бойынша білімді ақшаға сатып алса болады деді.Бірақ Самат бұл
пікірге қосылған жоқ. Кімнің ойын сіз дұрыс деп ойлайсыз? Сіздің
пікіріңіз қандай?
-
Сен досыңды туған күніне
кітап сыйладың. Бірақ досың оны жақсы қабылдамады. Сен не істейсің
? Досыңа қандай кеңес берер едің
?
-
Сен сыныптағы нашар оқитын
оқушыларға үнемі жәрдем беріп көмектесесің.Бірақ сол достарың кезі
келсе сені масақтап,жүреді?Не айтар едің ?
Мәтіндегі ақпаратты «Төрт
сөйлем»тәсілі арқылы айт.
Бірінші
сөйлем: «Менің ойымша
.....» Екінші
сөйлем: «Себебі мен оны .... деп
түсінемін». Үшінші
сөйлем: «Оны мен....деген фактілермен мысалдармен
дәлелдей аламын.
Соңғы сөйлем :
«Осыған байланысты мен ..... деген шешімге
келдім»
|