400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 8 сынып Бақытсыз Жамал

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нугумарова Айгүл Ислямқызы



Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың

тақырыбы:

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Тағдырластар

Бөлім: Махаббат және абырой

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

А/И1. Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар: Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдайды

Ойлау дағдылары

Түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийлері

Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдай алад

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлап, шығарманы композициялық құрылымын жан-жақты талдауға үйренеді.Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, адамгершілік, шыншылдыққа, әдептілікке, білім алуға дайын болу.


Тілдік мақсат

Оқушылар қолдана алады:

Романның композициялық құрылымын түсінеді;

Романның композициялық құрылымына сай талдау жасайды;

Жазылым жұмысында композициялық құрылымға сай өз көзқарастарын нақты жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: композиция, сюжет, композициялық тұтастық,жастардың сезімі, тоқал, тағдырлас, өмір

құбылыстары

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығарма жайында былай ойлаймын...

Ойымды қорыта келе:

Алдыңғы оқу

Алдыңғы сабақта оқушылар «Бақытсыз Жамал» романы бойынша тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Бұл сабақта

оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Жоспар

Жоспарланған

кезеңдері

уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы




7мин


















1.Миға шабуыл

«Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім 4 топқа стикердегі жасырын сандар арқылы бөледі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критериі

Дескриптор

Шығарманың композициялық

құрылымын жан -жақты

талдайды.

Шығарманың композициялық құрылымын ретімен көрсетеді;

Шығарма бөлшектеріне талдау жасайды;

Оқиға желісін өз ойымен байланыстырады.

Мұғалім сабақ тақырыбымен оқу мақсатын таныстырады



Сабақтың ортасы


28 мин





















































2.Қызығушылығын ояту (2мин)

1-тапсырма «Франталды сұрақ» әдісі

1 М Дулатұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген?(Торғай уезі, Сарықопа ауылы 1885 ж)

2 М Дулатұлы кімдермен жұмыс атқарды? (А Байтұрсынұлы, А.Бөкейханов)

3 Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер? («Азама», «Терме»)

4 М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының жарық көрген жылы- (1910)

3. Мағынаны тану

2-тапсырма Оқушыларға романды тарау бойынша бөліп беру.Олар берілген тарауды жеке-жеке зейін қоя оқиды,

әр топтан бір оқушы шығып әңгімелейді.

І топ Жамал мен Ғалидың танысуы

ІІ топ Іңкәр сезім

ІІІ топ Бақыт жолында

ІV топ Заман қасіреті

3-тапсырма. «Әдебиет үйірмесі» әдісі

Оқушылар топпен «Әдебиет үйірмесі» әдісі арқылы шығарманың композициялық ретін сақтай отырып, сөйлемдерді жалғастырып,

тұжырымды ойларын айтады.

  • Оқиғаның басталуы ...

  • Оқиғаның байланысы...

  • Оқиғаның дамуы...

  • Оқиғаның шиеленісуі...

  • Оқиғаның шарықтау шегі...

  • Оқиғаның шешімі...

Бекіту

4-тапсырма «Ой - толғаныс кезеңі» (Әр қалыпты жазу стратегиясы)

І топ Бір кейіпкерге мінездеме жазу.

ІІ топ М Дулатовтың кітабына жарнама жасау

ІІІ топ Қаламгерге хат жазу

ІV топ Синквейн әдісі. ( бес жолды өлең жазу)

5.Сергіту сәті. Сергіту сәті «Киіз үй»

Қол ұстасып тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтай боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Оқушылар киіз үй тігіп жатырғандай қимыл -қозғалыстар жасайды.

6.Салыстыру

5- тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі

Барлық топқа түймедақ гүлінің сұлбасы беріледі,балалар бірлесіп гүлдің жапырақтарына өз ойларын жазады. Әрқайсысы шығарманың

бір эпизодын таңдап алып оны жазушы өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайлармен салыстырады.

Шығарма үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізеді.

6.Бағалау

Әр топ басшысына бағалау парағытопқа бөлген кезде таратылады, оқушылардың жауаптарына қарай ақша беріліп, парақшаға түртіліп отырады.

Сабақ соңында жинаған таратпаларына қарай бағаланады. Ал, топ бойынша ең көп ақша жинаған топ, жеңімпаз атанады.

Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды.

Жеке жұмыс

оқулықпен жұмыс

































ТЖ























Сабақтың соңы



5 мин







Кері байланыс: «Борт журналын» толтырыңыз.


Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?













Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы әдістерде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Франталды сұрақ» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау

критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
2067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі